Білім беру бағдарламасы 6В01505 Физика-информатика


Әдебиет: 1/Д.И.Кенжалиев «Астрометрия» 2007 Орал –-§12–§14 43-51 бет; 2/



бет10/46
Дата23.09.2023
өлшемі3,92 Mb.
#109972
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46
Байланысты:
Сил.Астрономия

Әдебиет: 1/Д.И.Кенжалиев «Астрометрия» 2007 Орал –-§12–§14 43-51 бет;
2/М.М.Дагаев, В.И.Демин, И.А.Климишин, В.И.Чаругин «Курс общей астрономии», Москва «Просвещение» 1983 - §37-§40 стр 67-74 ;
3/П.И.Бакулин, Э.В.Кононович,В.И. Мороз«Курс общей астрономии» Москва «Наука»

4 дәріс


Тақырып: Әлемнің құрылымы туралы көзқарастардың дамуы. Коперниктің әлемдік жүйесі
Мақсаты: әлемнің құрылымы туралы көзқарастардың дамуымен таныстыру, Коперниктің әлемдік жүйесі оқып-үйрену.
Дәрістің мазмұны.

  1. Планеталардың көрінерлік қозғалыстары, конфигурациялар.

  2. Астрономиялық әлем жүйелері.

  3. Птолемей жүйесі.

  4. Коперниктің әлемдік жүйесі.

Аспандағы шырақтар көрінерлік қозғалысының ерекшеліктері бойынша 2 топқа бөлінеді: жұлдыздар және планеталар. Жұлдыздардың аспандағы өзара орналасуы өзгермейді. Ал планеталар болса уақыт өткен сайын баяу орын ауыстырып, аспан сферасын айналып шығады.Планеталардың аспандағы қозғалысы бірқалыпты емес. Планеталардың Күнге қатысты орналасуында ерекше қалыптар болады. Оларды конфигурациялар деп атаған
Ғылымның пайда болуы туралы сұрақ түрлі басылымдарда қозғалады. Бірінші пайда болғаны уақыт өлшеуге және жер бетіндегі бағдарды анықтауға арналған астрономия. Содан кейін астрономиялық білім мал шаруашылығы және жер шаруашылығы тайпалармен жинақталып, қоршаған әлем туралы білім жүйесі ретінде қалыптасты.
Птолемейдің әлемдік жүйесі – планеталардың көрінерлік қозғалысын геоцентрлік тұрғысынан түсіндіреді. Ортағасырға дейін бұл модель шындық болып келді. Птолемейдің әлемдік моделінің центрінде Жер орналасқан. Басқа аспан денелері, оның ішінде Күн мен Ай,-Жерді шеңберлік траекториялармен айнала қозғалады.Птолемейдің әлемдік жүйесін 4 ереже арқылы білдіруге болады:
-Әлемнің центрінде Жер орналасқан.
-Жер қозғалмайды.
-Барлық аспан денелері Жерді айнала қозғалады.
-Аспан денелердің қозғалысы шеңбер бойымен әрі бірқалыпты болады.
Коперниктің әлемдік жүйесі келесі ережелерге сүйенеді:
-Әлем центрінде Күн орналасқан.
-Шар тәрізді Жер өз осінен айналады.
-Барлық планеталар және Жер-Күнді айнала қозғалады, осы арқылы Күннің жұлдыздар ішінде көрінерлік қозғалысы түсіндіріледі.
-Барлық қозғалыстар шеңберлік орбиталармен және бірқалыпты болады.
Коперник "Аспан сфераларының айналулары туралы"("Об обращений небесных сфер " ) атты кітабында әлем жүйесі туралы көзқарасын баяндаған. Бұл шығармасында Коперник Жер қозғалыстары жөніндегі идеяларын математикалық түрде дәлелдеп, жаңа астрономия дамуына жол бастады. Оның жасаған әлем жүйесі - гелиоцентрлік деп аталды. Бұл жүйенің негізінде келесі тұжырымдар жатыр: 1) Әлем центрінде Күн (гелиос-Күн) орналасқан; 2) Шартәріздес Жер өз осі бойын айнала қозғалады және осы айналыс бүкіл шырақтардың тәуліктік қозғалыстарын түсіндіреді; 3) Жер басқа да планеталар сияқты Күнді айнала қозғалады және осы қозғалыс Күннің жұлдыздар арасындағы көрінетін қозғалысын түсіндіреді; 4) Барлық қозғалыстар бірқалыпты дөңгелектік қозғалыстардың комбинациясы түрінде түсіндіріледі; 5) Планеталардың кері сияқты болып көрінетін қозғалыстары оларға емес, Жерге тән.
Сонымен қатар, Коперник Ай серік ретінде Жерді айнала, ал олар бірге Күнді айнала қозғалады деген пікір айтты. Бақылаулар нәтижесінде Коперник мынадай ойға тоқтады: барлық планеталар (сонымен қатар Жер де) Күнді бір жазықтықта айналып қозғалады. Бірақ бұл жағдайда Жерден көрінетін планеталардың жолдары эклиптика маңайынан орын алады.
Коперник алғаш рет Күн жүйесінің құрылымын дұрыс сипаттап берді. Сонымен қатар, планеталардың Күннен қашықтығын және олардың Күнді айналу периодтарын анықтады. Планеталардың көрінетін қозғалысы Коперник теориясы бойынша өте қарапайым түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет