Білім беру бағдарламасы: 6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті Оқу формасы: күндізгі Курс: 1, семестр: 1



бет2/7
Дата15.11.2022
өлшемі55,83 Kb.
#50208
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
СИЛ. Сөз өнері. 2022

4. Пререквизиттер:
1. Қазақ халқының ауыз әдебиеті;
2. Қазақ тілінің фонетикасы;
3. Әлеуметтану
Постреквизиттер:

  1. Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті;

  2. Әдебиет теориясы негіздері және әдебиеттану;

  3. Қазақ тілінің лексикологиясы.



5. Курс саясаты:
Тәртіпке қатысты талаптар:

  • Сабақтарға міндетті түрде қатысу, сабақ процесіне қатысушылармен сыпайы қарым-қатынас жасау;

  • Онлайн сабақ жағдайында ережелерді мүлтіксіз сақтау, сабақта камераны қосып қою;

  • Университетке барған кезде ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

Академиялық адалдыққа қатысты талаптар:

  • Емтихан кезінде тәртіп ережелері мен академиялық адалдық принциптерін сақтау;

  • Жазба жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттер тізімін көрсетіп отыру;

  • Ғылыми деректерден тек түпнұсқа, сенімді ақпараттарды қолдану.

Пәнге қатысты талаптар:

  • Кешіктіріліп тапсырылған тапсырмалар қабылданбайды, сондықтан барлық тапсырмаларды уақытында тапсыру керек;

  • Дәлелді себептер болған жағдайда, тапсыру уақытын кейінге қалдыру үшін бірден оқытушымен хабарласу керек;

  • Кешіктіріліп тапсырылған жұмыстар толыққанды бағаланбайтынын ескеру керек.



6. Пән бойынша күтілетін нәтижелер:
ОН 1 – тіл білімі мен шешендік өнердің негізгі ұғымдары мен теориялық категорияларын, әдіснамалық негіздерін білу.
ОН 2 – тілдік норма мен шешендік іс-әрекетінің технологиясы мен теориялық білімдер негіздерін қолдана алу.
ОН 3 – жалпы білім беру үрдісінде сөз өнерінен білімдерді қолданудың жолдарын ажырата білу.
ОН 4 – қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында сөйлеу әрекетін жүзеге асыратын тиімді сабақ жоспарларын әзірлеу дағдысын меңгеру.
ОН 5 – көркем шығарманы және ауызша сөйлеу түрлерін ғылыми-теориялық тұрғыдан сапалы бағалай білу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет