Білім беру бағдарламасы: 6В01703 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


«Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен», «Сағаттың шықылдағы емес ермек», «Көк тұман алдындағы келер заман» өлеңдеріндегі философиялық түйін



бет23/47
Дата24.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#52390
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47
Байланысты:
Дәрістер

«Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен», «Сағаттың шықылдағы емес ермек», «Көк тұман алдындағы келер заман» өлеңдеріндегі философиялық түйін.

«Нұрлы аспанға тырысып...» -Абайдың 1899 ж. жазған өлеңі. Тіршілік атаулының кун нурына умтылып, есу, толысу, қулдырау, қуру көзеңін бастан кешіретіні секілді, адам ғумырының да алаңсыз гулдеп-көктеп жайқалар шағын, еш пендені менсінбес кердең көңілдің, ақыл-парасат толыса дәні толған масақтай иілімпаз келетінін, алайда «әсте өлмесін білгендей қылық қылған «пенденің» өлмек ушінтуғанын»: «Адамзат - бүгін адам, ертең топырақ, Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ. Ертең өзің қайдасың, білемісің, Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ» деп еске салады. Тумақ бар жерде өлмек бар екенін сөзген пенде, өзінен кейінгіге мұра боларлық іс қалдырғанда ғана ғүмырын үзартпақ дегенді меңзейді. Өлең 11 буынды қара өлең үлгісімен жазылған. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайүғылының өлеңі» атты жинақта жарияланған.
Адам ғапыл дүниені жер менікі,
Менікі деп жүргенің бәрі оныкі.
Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде,
Сонда, ойла, болады не сенікі.
("Көк тұман - алдыңдағы нелер заман", 1897 ж .)
Ойшыл бұл өлеңде өмірдің соңында жан адам тәнін тастап кетеді деп көрсетіп отыр. Тән деген ұғымға нәзік болмыс та кіреді, олай болса бұл арада"жан" деген сөздің мәні таза рух дегенді білдіріп тұр. Жан иелерінің тәндерінің қалыптасуы ана құрсағына жанның енуінен басталады. Жанның ықпалымен нәзік және тұрпайы болмыс қалыптасады. бірақ бұл адамның сезімдерінен сырт жатқан метафизикалық мәні бар эзотериялық ұғым. Оны материалдық әдіспен дәлелдек мүмкін емес.
Ақыл мен жан – мен өзім, тән менікі,
«Мені» мен «менікі» мағынасы – екі.
«Мен» өлмеске тағдыр жоқ әуел бастан,
«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі.
Бұл өлең жолдары тән мен жанның қасиеттерін көрсетеді. Мен – ақыл мен жан, ал тән «менікі», яғни мен «тән» емеспін. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, яғни «мен - жанмын», сондықтан мәңгілікпін. Ал «менікі», яғни тән өлсе өлсін, оған бекі, яғни тәннің өлгеніне көп қайғырма. Осылайша данышпан адам болмысын анықтап және олардың әрқайсысының қасиеттерін беріп, олармен қандай қатынаста болу керек екенін түсіндіріп береді. Егер данышпанның осы сөздерін дұрыс оқып сезіне білсек, адам өліміне деген көзқарасымыз өзгереді. Әрине, бұны жақын адамдардың қайтыс болған кезінде дем беріп, қайғыны жеңілдететініне күмән жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет