Білім беру бағдарламасы: 6В01703 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


"Абай" журналының жарық көруі. «Абай»



бет42/47
Дата24.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#52390
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Дәрістер

2. "Абай" журналының жарық көруі. «Абай» - алғаш «Жанар» ұйымының, кейін «Уақ қарыз серіктігінің» Семейде 1918 жылдың ақпан-қазан айларында шығып тұрған ғылыми-әдеби және шаруашылық журналы. Небәрі 12 саны жарық көрген. Редакторы – Ж.Аймауытов. Ол журналдың бірінші санындағы бас мақаласына Абайдың «Лай суға май бітпес қой өткенде...» деген өлеңінің бір шұмағын эпиграф етіп алған. Ақын дүниеге келген дәуірді «Сөз сабырға, іс жыбырға айналды, береке етіп азды, тозды, сол кезде қалың надан, қара тұманды қақ жарып, тас жарып шыққан бұлақтай жарқ етіп Абай туды»- деп сипаттайды. «Қазақтың әдебиетіне жан берген, сөздің сыртын сырлап, ішін түрлеген, өлеңінің өрнек шығарған, ақындық, сыншылдық, бірдей дамыған Абай еді» деп әдебиет тарихындағы ақын еңбегін ерекше бағалады.
Автор «осы сықылды кемеңгердің атына арнап журналымыздың атын «Абай» қойдық. Мақсат – «журналымыз Абайдай болсыншы» дегендік ғана емес, Абайды құрметтеп, атын тарихқа қалдыру» деп ескертті. Журнал Абайдың ұлағатты сөздерін, ақынға арнау өлеңдерін жариялап отырды. Мадиядың «М.Дулатов) «Алашқа», Екеудің (Ж.Аймауытов мен МӘуезов) «Абайдан соңғы ақындар», Жас түріктің (Ж.Аймауытов) «Қайтсек адам боламыз?», Мағжанның (М.Жұмабаевтың) «Күздікүні» сияқты өлең, мақалаларын басты. Отаншылдық, елдік, ерлік турасында мәселе көтерді.
«Абай» - әдеби-көркем тәуелсіз журнал. 1992 жылдан шыға бастады. 1918 жылы М.Әуезов пен Ж.Аймауытов негізін салған осы аттас журналдың заңды жалғасы. Шығарушы – «Парыз» шығармашылық тобы. Демеушісі – Республикалық Абай қоры. Журнал негізінен ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық жолын жүйелі зерттеп, жан-жақты сөз етуді мақсат тұтқан. Ол үшін абайтану ғылымының өзекті мәселелерін қозғап, ақын жайлы бұрын-сонды баспасөзде жарық көрген материалдарды, пікір таласты оқырман қауым тезіне қайта ұсынады, кезінде ақынның төңірегінде болған үзеңгілес дос-жарандарының, ұрпақтарының, көз көрген ауылдас адамдарының естелітерін, деректі құжаттарды жариялайды. Абайдың ақындық мектебінен шыққан шәкірттерінің өлең-жырлары және бүгінгі қазақ әдебиетінде ілгері ұласқан жаңашылдық пен дәстүр жалғастығы хақында кең көемде сөз қозғайды. Сонымен қатар бүгінгі қазақ ақын-жазушыларының, композитерлері мен суретшілердің ұлы ақынға арналған жаңа шығармаларында жариялап отырды. Журналдың көлемі 9,3 б.т. Редакторы Р.Мұсаұлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет