Білім беру бағдарламасы: 6В01703 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет45/47
Дата24.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#52390
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Дәрістер

2. 40-жылдардағы еңбектер.
1941-1951 жылдар аралығындағы зерттеудегі ерекшелік – монографиялық зерттеулердің пайда болуына байланысты бұл тақырыпты бұрынғыдай жалпылама сөз етпей нақтылы зерттеу нысанасына алу арқылы дұрыс тұжырымдар жасалып жатты. М. Сильченконің 1945 жылғы жүз жылдық мерейтой қарсаңында «Абай» деген атпен басылым көрген еңбегі ерекше атап өтуге болады. Абай өмірбаяны мен әдеби мұрасы туралы орыс тілінде жазылған бұл еңбектің бағалы жағы – ақын мұрасын жүйелі түрде кең насихаттауында жатыр. 
40 - 50 жылдары Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісі кең көлемде жүргізіліп, жаңа белеске көтерілді. Абайдың қоғамдық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық пікірлерін, ақындық тілін, композиторлық өнерін, аудармаларын тереңдеп тексерген еңбектер жарық көрді. Абайтану ғылымына Қ. Жұмалиев, Т. Тәжібаев, Қ. Мұхамедханов, М. Сильченко, Ы. Дүйсенбаев, Б. Ерзакович, Х. Сүйіншәлиев, М. Мырзахметов, А. Ысқақов, Р. Сыздықова секілді ғалымдар салмақты үлес қосты. 40-50 жылдарды Абай мұрасын зерттеуде монографиялық еңбектердің жарық көруі мен бірнеше диссертациялық еңбектің жазылуы абайтану ғылымының даму үстінде екендігін көрсетті. 

  1. Ақынның 100, 150, 160, 165 жылдық мерекелері тұсындағы өзгерістер.

Абайтану ғылымы еліміз тәуелсіздік алған жылдары ғана коммунистік идеология ұстан­ған қатаң қағидалардың тар шеңбері­нен шы­ғып, ғылыми өрісін еркін кеңейтуге мүмкіндік алды. Абайтанудың екінші тыныс алып, жаңа белеске көтерілуінің бел ортасында ұлттық әдебиеттану ғылымының қара шаңырағы – М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты тұрды. Еліміз­дегі қайта құру кезеңі басталған тұста сол кезде институт директоры болған іскер бас­шы Ш.Елеукенов ұлы ақын шығармашы­лығын зерттеу ісіне баса назар аударып, қазақ әдебиетінің тарихы бөлімін Абайтану және қазақ әдебиеті тарихы бөлімі етіп қайта ашты. Бұл бөлімге көрнекті әдебиеттанушы-ғалым Ш.Сәтбаева жетекшілік етіп, абай­танудың өзекті мәселелеріне байланысты біршама жұмыстар тындырды.
Абай шығармаларының бұл екі томдық академиялық толық жинағы абайтану тари­хындағы үлкен жетістік еді. Оның үстіне ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша ұлы ақын­ның дүниежүзілік деңгейде аталған 150 жылдық мерейтойына жасалған қомақты тарту болды. Сол жылдары Абай өмірі мен шығарма­шы­лығына байланысты дайындалған жинақтар мен жазылған зерттеулердің барлығы дерлік осы мерейтой шеңберінде орындалды. Олар­дың қатарында 1994 жылы шыққан “Абай және қазіргі заман” зерттеулер жинағы абай­танудың өзекті мәселелерін қамтыған жаңа көзқарастармен ерекшеленсе, Ж.Ысма­ғұловтың “Абай: ақындық тағылымы” моно­графиясында ұлы ақынның дарынды сурет­керлікті дана ойшылдықпен ұштастырған кемеңгерлік кемелдігі ашып көрсетілді.
Ақын мерейтойы аталып өтілген 1995 жы­лы республика баспаларынан Абай шы­ғарма­шылығына байланысты елуден астам аталым­мен ғылыми-танымдық кітап­тар мен зерттеу­лер, тақырыптық өлеңдер жинақтары жарық көрді. Еліміз тарихында алғаш рет “Абай” тұлғалық энциклопедиясының шығуы үлкен мәдени, ғылыми оқиға ретінде есте қалды.
Сол жылы шыққан ғылыми еңбектер арасында академик З.Ахметовтің “Абайдың ақындық әлемі” атты монографиясы ерек­ше­леніп тұрады. Мүлдем жаңаша, тәуелсіздік талаптары биігінен жазылған тың еңбекте поэзияны, сөз өнерін қазіргі заман дең­гейін­де түсіну тұрғысынан Абайдың ақындық тұлғасының өзгешелігі, ақынның шындықты тануы, суреттеуінің нақтылығы мен тереңдігі ашып көрсетілген. Ғалым Абай шығарма­ларын жүйелі түрде талдай отырып, ақын­ның ұлттық көркемдік-эстетикалық дәстүр­лермен тығыз байланысын, әрі оның жаңа­шылдығын, орыс классикалық және әлем әдебиеті жетіс­тіктерін жете игеруін қиюын қиыстырып көр­сете алған. Акаде­миктің көп жылғы ізде­ніс­тері нәтижесінде жазылған бұл кітап абай­танудағы жаңа сөз, жаңа пайымдауға негіз­делген еңбек деп қарастыру керек. Моно­графияда Абайдың ақын, ой­шыл, ағартушы, композитор, ұлт ұстазы, қо­ғам қайраткері ретіндегі сан қырлы талан­ты­ның астарлы сыры, суреткерлік шеберлігі терең зерттелген.
Абайтану саласында аз ғана уақыт жұмыс істесе де, құнды зерттеулер қалдырған әде­биетші, архивтанушы Бейсенбай Байға­лиев­тің еңбегін атап кеткен абзал. Абай шығар­маларының 1995 жылғы екі томдық толық жинағын дайындауға қатысқан қарымды қаламгердің ұзақ жылдар тірнектеп жинап зерттеген, Абайдың өмір жолына бай­ланысты кей көлеңкелі тұстар мен күмәнді сауал­дардың ақиқатын ашқан “Абай өмір­баяны архив деректерінде” атты моно­графиясы 2001 жылы басылып шықты.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет