Білім беру бағдарламасы: «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»


ХХ ғасырдың басындағы қазақ фольклористикасы



бет42/43
Дата20.11.2022
өлшемі430,76 Kb.
#51329
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
Дәрістер кешені ҰДФ (копия)

ХХ ғасырдың басындағы қазақ фольклористикасы.
XX ғасырдың бас кезінде ертеден қазақ, башқұрт, татар, өзбек халықтарына мирас болып қалған, сюжеті шығыс халықтарының көбіне ортақ қисса – дастан үлгілерін жинап, өңдеп бастыру жұмысы елеулі орын алды. Бұл ретте өнімді еңбек еткен Мәшһүр Жүсіп Көпеевті, М.Сералинді атауға болады.
Шығыста бір ақын жырлаған тақырыпты келесі буында тағы бір ақын қайталап әңгімелеу, тың дастандар шығару ертеден келе жатқан дәстүр. Олар біреуінің тақырыбын біреуі алуды заңды жол еткен.
Дүние жүзіне мол танылған шығыстың классикалық әдебиет үлгілерінің қазақ тілінде жасалған нұсқаларынан қазақ әдебиетінің туыстас халықтар әдебиеті мен тарихи байланысы, ежелден келе жатқан терең тамырлы қарым – қатынастары байқалады.
Жиырмасыншы жылдары Ә. Диваев, Х. Досмұхамедов, М.Әуезовтің қатысуымен қазақтың батырлық жырлары, өзге де фольклор туындылары жарық көре бастады.
ХХ ғасырдың өзінде-ақ қазақ фольклорының тарихи кезеңдерін қарастыруға ұмтылыс болды. Мысал ретінде жоғарыда аталған «История казахской литературы» атты еңбектің фольклорға арналған бірінші томын атауға болады. Кітапта «Очерк истории казахского фольклора» деген тарау беріліп, ол төмендегі тараушаларға бөлінген: фольклор времени этногенеза казахского народа; фольклор ХVІ-ХVІІІ вв.; фольклор ХІХ - начала ХХ вв.; советский фольклор. Бұл жерде айтатын нәрсе - қазақ фольклорының тарихын дәуірлеуге ғалымдардың көңіл бөлгенін құптай отырып, дәуірлерді анықтау принциптерімен келісу қиын. Өйткені, мұнда азаматтық тарихтың ізімен жүру шарты қолданылған да, фольклор тарихы майда кезеңдерге бөлініп кеткен, әрі фольклордың ішкі даму заңдылықтары ұмыт қалған, соның нәтижесінде фольклор тарихы әдебиеттің даму жолдарына сай болып шыққан. Рас, бұл еңбекте жекелеген жанрларды тарихи дамуы тұрғысынан зерделеуге күш салған жәйт бар, алайда, авторлар көбінесе кеңес өкіметіне дейінгі және кеңес тұсындағы деп, екі кезеңді бөле көрсетеді. Бірақ, жалпы алғанда, бұл кітап - қазақ фольклоры - өзіндігі мол мұра екенін, оның өз даму жолдары болғанын алғаш мәселе етіп қойған еңбек болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет