Білім беру бағдарламасы: «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»


Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері



бет7/43
Дата20.11.2022
өлшемі430,76 Kb.
#51329
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43
Байланысты:
Дәрістер кешені ҰДФ (копия)

Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері


Рулық қоғамдағы фольклор. Тууы, қалыптасуы. Ескі наным – сенімдер мен түсініктер.Шаманизм, бақсылар қызметі.
Бұрынғы құдайлардың ішінде адам баласының өсіп-өнуіне қарсылары болған. Олардың белгісі албастыда. Босанғалы отырған әйелді ғана аңдып келіп басатыны адам баласының өскелі келе жатқан ұрпағымен алысудан, соны тудырушы әйелді қас көргеннен туады. Ізгілік құдай, мейірімді тәңірі болуға керек әсіресе от болады. Отты ана деп түсінеді. Отқа арнап құр-бандық әкеледі. Көп тілеуді оттан тілейді. Мұсылманшылыққа ауысқан соң, қазақ биік белден асып кеткендей болды. Белдің астында көрінбей қалып отырған дүние: баяғы бақсы заманының ескіліктері. Бергі заманға оның белгісі келсе мұсылманшылық сүзгісінен өтіп келеді, болмаса елдің ерекше сүйіп, айрыла алмағанынан келеді, не дінге кемшілік келтірмейтін әдеттер келеді. Мысалы, жар-жар, беташар сияқты барлық салт өлеңдері. Әйтпесе қазақтың бұрын да талай мейрамы болған. Сол мейрамдарға арналған ойын-жиын өлеңдері бар еді. Барлық түрік жұртының мейрамы — Наурыз, бақташылық өмірінен туған. Аспанға табынғаннан туған. Күн шырайы түзелген уақыт құдайдың ізгілік, рақымшылық істегісі келгеннен, сондықтан оған қуанып, той қылу керек болған. Бұл күнде сол наурызға арналған өлең бізге келмей, жетпей, жоғалып отыр. Мұсылманшылық қуып шыққан, жоғалтқан.
Кей уақытта мұсылманшылық пен ескіліктің бітім қылған да жері бар. Ең әуелгі кезде мұсылманшылықты ұстаса да, мұсылманның молдасынан өзінің бақсысын артық көрген. Бақсыда үлкен қуат болып, елдің ықыласын өзіне тартып, билеп отырған. Сондықтан кей жерлерде бақсыға мұсылман әулиелерінің сипатын алып келіп, жамағаны бар. Мысалы, ескі замандарда «абыз» дегендер болған. Абыз дегең сөз арабша «хапыз» деп шығады. Ізгі, әулие деген сөз. Бақсы өзі әулие орнында күтулі болады. Мінеки, бұл ескілік пен жаңаның жасаған бітімі. Бұл сияқты ескіліктің азырақ белгісі, жоғарғы айтқаы, мұсылманшылық сүзгісінен зорға өтіп келгендер. Мұсылманшылық осы кезде ондаймен алысуда. Сондықтан жылдан-жыл өткен сайын ескілікті еске түсіретін нәрселер жоғалып барады. Солар жоғалған сайын, қазақ тарихына ескілікті білу, іздеп тауып, ұғыну қиын бола бермекші. Қазірде де әдебиет тарихы сияқтыларды тізу қиын. Әуелден алыс жерден бастауға болмайды. Әуелі өзімізге таныс бергі заманнан бастау керек. Іздеушілер көбейіп, сол бұйымдардан құрап, қолға таяқ алып, ескілікті ерте заманға қарай тереңдетіп, жылжи беру керек.
Бақсы(ежелгі түркі тілінің – бақ, яғни көру, қарау) сөзінен шыққан. Бақ – ежелгі түркі сөзі, қазақ тілінде «бақылау», «кесел бағу», яғни емдеу т.б сөздерінде сақталған. Бақсы – ол өзі емші, сәуегей, көз байлаушы, дәнекерші және фольклор үлгілерін сақтап таратушы ежелгі өкілдерінің бірі. Бақсы типтес адамдар жер бетіндегі көптеген халықтарда бар, олардың әсіресе түркі-монғол халықтарының өмірінде алар орны ерекше. Мысалы, қырғыздарда (бақшы), саха (ойууы), тува, алтай, хакастарда (қам), монғол, буряттарда (бөө), ұйғыр, түрікмендерде (бахшы) т.б болып кете береді. «Бақсы» атауының түп-төркіні санскриттегі (бхик-шу – ұстаз, білімдар) сөзіне барып тіреледі деген пікір де көңіл аударарлық дейді Е.Тұрсынов. Бірақ бұл атаулардың тарихи-этимологиялық тамыры бір және олардың атқаратын қызметтері мен міндеттері бірдей деген сөз емес. Қазақтар т.б кейбір түркі халықтары бақсыны «шаман» деп те атаған, оның себебі бақсы типінің аренаға шығуы тәңірлік сенім, яғни шамандық діннің пайда болу кезеңімен қатар болғандығынан. Сондықтан кейде бақсыны, яғни шаманды шаман дінін оқытушы деп те атайды.Бақсылардың киім киісі де ерекше болған. Бір халықтарда бақсының киімі бұғының бейнесін елестетсе, енді біреулерінде құс бейнесін елестеткен. Бақсы өзінің қызметі мен міндеттерін орындау кезінде түрлі магиялық әуенін қобыз, домбыра, ата таяқ т.б музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындаған.
Бақсылардың ең басты міндеттерінің бірі – ауру адамды емдеу болып табылады. Бұның өзі бақсылықтың пайда болуы, оның емшілік функциясымен тығыз байланыстылығын көрсетеді.Емдеу барысында кесірлі жындар мен адамдар арасында және де дәнекерші қызметін қоса атқарады. Ол – аура кісілерге қонған кесірлі жындарды қуып, ем қылады. Бақсы ауру адамды емдегенде жай адамның қолынан келмейтін (оттың шоғын жалаң аяқ басу, қысқашты отқа қыздырып жалау, шаңыраққа жүгіріп шығу, әр түрлі құс болып сайрау, аңдардың кейпіне кіру т.б) істерді істеуге қабілеті барлығын байқатады. Бұл бақсылардың көз байлаушылық емдеу әдістері екендігіне күмән жоқ. Алдын-ала болжай білетін сәуегейші де болған. Осының бәрі жинала келіп, оған бақсы сарынында кездесетін әуен, халық поэзиясын, ән-күйді қоссақ, оның көне фольклор үлгілерін сақтап таратушы ежелгі өкілдерінің бірі екенін көреміз.
Қазақ бақсылары туралы әр кезде Ш.Уәлиханов, Ә.Диваев, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Қ.Жұбанов, Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Ә.Марғұлан, Е.Тұрсынов т.б ғалым-зерттеушілер пікір айтқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет