Білім беру бағдарламасы: 6В07302 «Геодезия және картография»



бет24/29
Дата30.09.2022
өлшемі2,7 Mb.
#41000
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
umkd geodeziyal k olsheulerdi metrologiyal k kamtamass z etu

Тексеру әдістер
Қолданылатын тексеру әдістер берілген өлшеу құралдардың өзіндік ерекшеліктерін көрсету қажет.
Метрологияда келесі негізгі тексеру әдістері бар:

  • тексерілетін өлшеу құралының сондай түрдегі үлгілі өлшеу құралы мен тура бірлесу;

  • тексерілетін өлшеу құралының сондай түрдегі үлгілі өлшеу құралы мен компаратордың көмегі мен бірлесу;

  • үлгілі өлшеу құралы мен жаңғыртатын шаманы тексерілетін өлшеу құралы мен тура өлшеу;

  • тексерілетін өлшемі мен жаңғыртатын шаманы үлгілі өлшеу құралы мен тура өлшеу;

  • тексерілетін өлшем және өлшеу құралы мен жаңғыртатын шаманы жанама өлшеу.

Сол немесе басқа тексеру әдісін қолдануытексеру құралдар, әдістер және тексеру жүйенің нормативтік құжаттар мен тәртіпке еңгізіледі.
Жеке тексеру операциялар: сыртқы байқаумен, әшкерлеумен, аспапқа еңгізілген геометриялық, физикалық немесе басқа жағдайларды сақтап тексерумен, оның сипаттамасын анықтаумен іске асырылады.
Сыртқы байқау кезінде: жабдықтың жинақтаулығын, маркировкасын, тарын, шкаладағы белгілерін, есептеу құралының бөліктердің анықтылығын, көру аумағының жарықтылығын, жабылу сапасын тексереді.
Әшкерлеу операциясына келесілер кіру мүмкін: басқару органдарын тексеру, келтіру және юстировкасын жасау, көріну сапасын тексеру, қозғалатын бөліктер мен элементтердің өзара әсерін тексеру, люфт, қосылу қатандығын тексеру, нульпунктінің индикаторларын тексеру және т.с.с.
Ұйымдастыру жоспарында аспаптың метрологиялық қасиетін табатын екі негізгі жолдарын алуға болады. Бірінші жол – элементтік тексеру, осы кезде өлшеу құралының метрологиялық дұрыстығы аспаптың жеке элементтерінің сипаттамасы бойынша бағаланады. Екінші жол – кешендік тексеру, аспаптың метрологиялық сипаттамасы толық бағаланады.
Бұдан басқа тәуелсіз тексеру жүргізуге болатын мүмкіндікті айта кету керек, осы кезде үлгілі өлшеу құрал бірлік мөлшерін жұмыс өлшеу құралына беру қажеті жоқ.
Нақты өлшеу аспаптарын тексеру әдістер мен құралдары мазмұны мен құрылымы, ГОСТ 8.042–72-ға сайкес келетін нормативтік техникалық құжаттарына (стандартқа, басқару материалдарында, нұсқауларында, әдістемелік нұсқауларында) белгіленеді.
Дәріс 8 Стандарттау мен сертификаттаудың мәні мен мазмұны

Метрология стандарттаумен тығыз байланысты және бұл байланыс, ең алдымен, физикалық шамалардың бірліктерін, мемлекеттік стандарттар жүйесін, өлшеу құралдары мен тексеру әдістерін стандарттауда, заттардың қасиеттері мен құрамының стандартты үлгілерін жасауда көрінеді. Өз кезегінде стандарттау әдіснамаға сүйенеді, материалдар мен бұйымдарды сынау нәтижелерінің дұрыстығын және жаңғыртылуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ метрологиядан сапаны анықтау және бақылау әдістерін алады.


Стандарттаудың мәні мен мазмұны. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және стандарттардың түрлері. Нормативтік құжаттарды қолдану және олардың талаптарының сипаты. Стандарттардың міндетті талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет