Білім беру бағдарламасы: 6В07302 «Геодезия және картография»


ДӘРІС Жұмыс өлшеу құралдарына өлшем бірлікті беру тәртібі



бет21/29
Дата30.09.2022
өлшемі2,7 Mb.
#41000
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29

7 ДӘРІС Жұмыс өлшеу құралдарына өлшем бірлікті беру тәртібі


Физикалық шамалардың өлшем бірлігін жаңғырту, сақтау және өлшеу жұмыс құралдарына беруі эталондардың және үлгілі өлшеу құралдардың көмегі мен іске асырылады.
16263—70 ГОСТына сәйкес “эталон – деп ерекше спецификация және белгіленген тәртіппен ресми бекітілген бойынша орындалған, өлшеу құралдарының тексеру схемасы мен астынғы өлшемдерге оның мөлшерін беру мақсаты мен бірліктерді жаңғырту және сақтауын қамтамасыз ететін өлшеу құралдарды (немесе өлшеу құрал кешендерді) айтады.
Бірліктерді жоғарғы дәлдікпен жаңғыртатын эталонды алғышқы деп атайды. Кейбір жағдайларда алғашқы эталон қолданбау мүмкін, осы кезде белгіленген тәртіп бойынша бекітілген арнайы эталонды қолданады. Алғашқы және арнайы эталондары мемлекеттік эталондарға кіреді.
Метрологиялық тәжірибеде алғашқыға бағынышты екінші эталондарды қолданады. Олардың негізгі міндеті – мемлекеттік алғашқы эталондардың тозуын алдын-ала сақтау және олардың жоғары деңгейде сақталуын қамтамасыз ету.
Өзінің міндеті бойынша екінші эталондары көшірме-эталондарға, салыстыру-эталондарға, куәгер-эталондарға және жұмыс эталондарға бөлінеді.
Көшірме-эталон бірлік мөлшерін жұмыс эталонға тура беруге арналған.
Куәгер-эталон мемлекеттік эталондардың сақталуын тексеруге, сондай-ақ оның жоғалған жағдайда ауыстыру үшін қызмет етеді.
Салыстыру-эталон әр түрлі жерде сақталатын және бір бірімен тура біріктіруге келмейтін, эталондарды біріктіруге арналған екінші эталон.
Мемлекеттік эталондарды сақтаушысы Мемлекеттік стандарттың метрологиялық институты болып табылады.
Эталондар мен жұмыс өлшеу құралдар арасындағы аралық звенасы үлгілі өлшеу құралдар болып табылады. Үлгілі өлшеу құралдарына үлгілі ретінде аттестация өткен және басқа өлшеу құралдарын тексеру үшін қызмет ететін шаманы, қайта құрушы өлшегіш немесе өлшегіш аспаптарды қабылдайды. Үлгілі өлшеу құралдар өзінің дәлдігі бойынша разрядтарға бөлінеді.
Үлгілі өлшеу құралдар және жұмыс жұмыс өлшеу құралдарының бағыныш эталондары тексеру схемасы бойынша белгіленеді (1 сурет).
Тексеру схемасында ереже бойынша бір физикалық шамасының өлшем бірлікті беруі көрсетілген.



1-сурет – Жалпы одақтық тексеру схемасы:
1 – мемлекеттік эталон; 2 – ­­­өлшем бірліктерін беру эталоны; 3 – көшірме эталоны; 4 – куәгер эталоны; 5 – жұмыс эталоны; 6,7, 8 – үлгілі өлшеу құралдар; 9 – басқа тексеру схемасынан алыңған үлгілі тексеру құралдар; 10 – жұмыс өлшеу құралдар.

Метрологиялық тәжірибеде тексеру схемасын олардың қолдану аймағына байланысты жалпы одақтық, ведомствалық, жергілікті жүйелік деп айрады.


Тексеру схемасы өлшем бірлігін беру схемасын түсіндіре алатын сызудан және мәтін (тексті) бөліктен турады. Тексеру схемасының сызуында көрсетілу қажет: өлшеу құралдарының атаулар, физикалық шамалардың мәндер диапазондар, берілген сену ықтималдығының қателігін бағалау және белгілері, тексеру әдістердің атаулар. Мәтін бөлігінде тексеру схемасының элементтерін түсіндіреді.



2-сурет – Эталондардан жұмыс өлшеу құралдарына
өлшем бірлікті беру схемасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет