Білім беру бағдарламасы 7M01109 Педагогика және психология, 7M03104 Психология, 7M01307 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 7M1402 Дене шынықтыру және спорт, 7M01501 Математика, 7M01504 Физика, 7M01507 Химия, 7M01509 Биология, 7M01510


Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру. Дәріс мазмұны



бет16/42
Дата23.09.2023
өлшемі135,97 Kb.
#109971
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42
Байланысты:
Баскару психология 1курс

Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру.
Дәріс мазмұны

  1. Шешім қабылдау қызметі

  2. Басқару шешімдерінің ұйымдастырушылық факторлары

Шешім қабылдау қызметі жетекші бүкіл іс-әрекетінде орталық буын болып табылады деген ереже басқару теориясында аксиома болып шықты.
Бұл қызмет басқарудың басқа қызметтерінен азырақ стандарттауымен және алгоритмденуімен ерекшеленгендіктен, онда өзіндік субьективті психологиялық факторлардың рөлі зор. Бұл процесті жеңілдететін шешім қабылдаудың көптеген ережелері, процедураларымен әдістері бар, бірақ әрбір жетекші мұндағы субьективтік және тіпті интуитивтік факторлардың рөлі қаншалықты зор екенін өз тәжірибесі бойынша біледі. Шешім қабылдау қызметі, осыған байланысты басқару теориясында да, психолгияда да зерттеу тақырыбы болып табылады, осының нақ өзі басқарудың тек ғылым ғана емес, өнер екенін сезінуге мәжбүрлейді. Бұл қызметтің мазмұнын талдау сондықтан да бір-бірінен ерекшелікте болатын және өзара тығыз байланысқан екі - ұйымдастырушылық және психологиялық аспектіден тұрады.
Басқару теориясы ұзақ уақыт бойы жалпы мінез-құлық тиімділігі және жеке алғанда шешім қабылдау негізіне негізделеді. Оның мәні жетекшінің өз мінез-құлқын жағдайдың барлық факт орларын барынша ескере отырып, тұрғызатынын және шешім қабылдауынан көрінеді. Бұл басқарудың қатаң сұлбаларының дамуын, «фирманың классикалық теориясының» қалыптасуын шарттандырды. Бірақ адамға тән психофизиологиялық шектеулер қатаң тиімді мінез-құлық пен шешім қабылдауды мүмкін болмайтындай етеді, ал мұндағы барлық обьективтік факторларды ескеру мүмкін емес. Басты тезисі психологиялық (субьективті) ерекшеліктер – бұл мінез - құлықтың обьективті шектеуші факторлары болып табылатын «шектеулі тиімділік» тұжырымдамасы жасалынды. «Шешім қабылдау мектебі» туындайды, фирманың классикалық теориясы мінез - құлық теориясымен алмасады.
Басқару мен шешім қабылдау теорияларында қазіргі уақытта екі негізгі нормативтік және дискриптивтік тәсілдер бар.
Нормативтік тәсіл субьективтік және психологиялық факторлардан дерексіздене отырып, шешім қабылдаудың ережелерін, идеалдық тәсілдері мен мен «рецептерін» жасауға бағытталған. Дискриптвтік тәсіл, керісінше, бұл факторларды негізгілер ретінде ескеруді талап етеді. Бірінші тәсілдің міндеті - шешім қалай қабылданатынын,екіншісінің міндеті - бұл қалай нақты жүзеге асатынын зерттеу.

9 дәрістің тақырыбы: Жетекшінің кадрлық қызметі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет