Білім беру бағдарламасы 7M01109 Педагогика және психология, 7M03104 Психология, 7M01307 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 7M1402 Дене шынықтыру және спорт, 7M01501 Математика, 7M01504 Физика, 7M01507 Химия, 7M01509 Биология, 7M01510


Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру. Дәріс мазмұны



бет14/42
Дата23.09.2023
өлшемі135,97 Kb.
#109971
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42
Байланысты:
Баскару психология 1курс

Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру.
Дәріс мазмұны

  1. Мақсат қою қызметі

  2. Ұйым мақсаттарының типологиясы

Мақсат қою ұйымның басқару іс-әрекетінің және жалпы қызметінің негізгі компоненті болып табылады. Соның өзі жетекшінің негізгі қызметі, басқару іс-әрекетінің кезеңі және оның құрылымының компонеті болып табылады.
Мақсат қою ұйым қызметінің мақсатын таңдау ретінде анықталады. Басқару теориясында бұл функция әр түрлі тұжырымдалады. Бір жағынан, ұйымның басқару іс-әрекеті мен жалпы қызметіндегі оның рөлі айқындалады, ал екінші жағынан, бұл (қызмет дербес түрде аталып көрсетілмейді) жоспарлау қызметінің бөлігі ретінде қарастырылады. Басқа тұжырымда мақсат қою бүкіл басқару циклының алдында болатын бастапқы қызмет ретінде қарастырылады, сондықтан ол басқару қызметтері жүйесінен тыс шығарылады. Бұл мақсат қою басқа қызметтерден «тыс және жоғары» деген мағынада.
Бірақ мақсат қою басқарудағы өзінің мазмұны және рөлі бойынша басқару қызметін құрайды. Бұл басқарудың тек бастапқы кезеңі ғана емес, әрі қарай іс-әрекет барысында бастапқы мақсаттардың тиімсіздігі айқындалса, жаңаларын тұжырымдау орын алады. Осы кезде мақсат қою басқарудың алғашқы кезеңі емес, басқа басқару қызметтерінің нәтижесі ретінде болып шығады. Жетекшінің өзіндік міндеті ол қол астындағылардың алдына мақсат қоя білуі, бұл ұйым қызметінің процесіне кіреді.
Мақсат қою қызметі – өзінің мазмұны бойынша басқарудың басқа қызметіне тән емес өзіндік заңдылықтары бар күрделі және уақыт бойынша кең жайылған процесс. Кейде бұл қызмет «мақсат тар бойынша басқару» әдісінің негізі ретінде қолданылады.
Басқару теориясы мақсатты ұйымның жүйе құрушы факторы ретінде анықтайды. Мақсат ұйымның іс-әрекетінің жалпы бағытталуын, оның құрылымы мен құрамын анықтайды, олардың компоненттері арасындағы байланысты реттейді, оларды келісілген жүйе интеграциялайды. Ол сондай-ақ ұйымдағы стратегиялық шешімдердің және жоспарлаудың негізі болып табылады. Ұйымның жалпы имиджі мақсаттардың сипатына байланысты болады.

7 дәрістің тақырыбы: Жоспарлау қызметі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет