Білім беру бағдарламасы 7M01109 Педагогика және психология, 7M03104 Психология, 7M01307 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 7M1402 Дене шынықтыру және спорт, 7M01501 Математика, 7M01504 Физика, 7M01507 Химия, 7M01509 Биология, 7M01510


Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру. Дәріс мазмұны



бет13/42
Дата23.09.2023
өлшемі135,97 Kb.
#109971
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
Байланысты:
Баскару психология 1курс

Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру.
Дәріс мазмұны

  1. Басқару іс-әрекетінің негізгі қызметтері

  2. Іс-әрекет құрылымының негізі компоненттері

  3. Басқару іс-әрекетінің шарттары

Жетекшінің ұйымдастыру жүйесіндегі іс-әрекеті негізгі орын алатындықтан, оны зерттеу басқару іс-әрекетінің бастаушы мәселесі болып табылады. Бұл әрекетті психологиялық зерттеудің қиындықтарын, іс-әрекет мәселесін жалпы ұйымдастырушылықтан бөліп көрсету қажет. Олар төмендегілерден көрінеді:

  1. Жетекші іс-әрекеті ұйым қызметінің барлық жақтарымен тығыз байланыста болады. Сонымен қатар басқару іс-әрекетінің мәселесі басқарудың барысында ерекше сала ретінде қарастырылуы тиіс. Басқару іс-әрекетінің психологиясын қарастыруда басқару теориясынан байқалатын кең ауқымды оң және теріс нәтижелері болады.

  2. Басқару іс-әрекеті тұтастай пәндер кешенінде зерттелді, бұл кезде оның психологиядан тыс жақтары: ұйымдастырушылық, әлеуметтік, экономикалық т.б. басым болды.

  3. Басқару іс-әрекетін ғылыми тұрғыдан психологиялық зерттеу өте қиын, өйткені бұл жерде психикалық нақтылық сияқты айқын емес сала зерттеу тақырыбы болып табылады. Сондықтан басқару іс-әрекетінің ішкі мазмұнына қарағанда, оның сыртқы байқалымдары көбірек зерттелген. Бұл іс-әрекетті танудың негізгі принципі оның ішкі және сыртқы мазмұнын талдауды сабақтастыру болып табылады.

Іс-әрекет ұғым ретінде жалпы ғылыми категорияға ие. Ол көптеген ғылымдарда қарастырылады. Жалпы түрде ол қоғамдық қатынастардың жеке формасы ретінде анықталып, тұлғаны еңбектің қоғамдық бөлінуі құрылымына қосылу тәсілін сипаттайды.іс-әрекетті қарастыратын әрбір ғылым, бұл жалпы философиялық анықтаманы өзінше нақтылайды. Бұл ғылымдарда алынатын білім біріктіру қажеттілігі іс-әрекетті зерттеуде кешенді принцип ретінде көрсетіледі. Іс-әрекетті кешенді зерттеуде психология жетекші рөл атқарады.
Іс-әрекет – бұл субъектінің қоғамдық мәні құндылықтарды жасауға байланысты болмысқа және саналы қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған қоғамдық тәжірибені игеруге қатысты белсенді қатынасының формасы.

6 дәрістің тақырыбы: Мақсат қою қызметі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет