Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру.
Дәріс мазмұны Эмоциялық және еріктік процестердің өзара байланысы
Басқару іс-әрекетіндегі көңіл-күйдің эмоциялық-еріктік реттелуі
Басқару іс-әрекетінің психикалық ұйымдастырылуы тек когнитивтік, реттеулік және коммуникативтік процестермен ғана шектелмейді, өзіне эмоциялық, еріктік және мотивациялық процестерді де қоса алады. Эмоциялық және еріктік процестердің өзара байланысы, олардың іс-әрекет барысында адамның өз күйіне бақылау жасауына ықпалы күйдің эмоциялық-еріктік реттелуі ұғымында көрініс тапқан.
Эмоциялар (лат. emovere - қоздыру, толғану) құбылыстар мен жағдайларды тікелей бастан кешуден, олардың объективтік қасиеттерінің және субъектінің қажеттіліктерінің қатынасымен үйлесімде туындайтын психикалық бейнелеу формасы. Сезімдермен салыстырғанда, эмоциялар болмысқа бағалаулық, субъективтілік қатынастың әлдеқайда қарапайым формасы болып табылады. Олар саналы және санадан тыс формаларда қанат жаяды. Сезімдер жоғары тұрақтылықпен, күрделілігімен ерекшеленеді. Эмоциялар мен сезімдер арасындағы ұқсастық олардың адамның өзіне және қоршаған болмысқа тұлғалық қатынасының екі формасы ретінде болуында.
Сезімдер мен эмоциялар екі негізгі: белгі беру және реттеулік функцияларын атқарады, негізгі оң және сол топтарын атап көрсетеді.
Біріншілерін - стеникалық (адамның психикалық мүмкіндіктерін күшейтетін), ал екіншілерін - астеникалық (күй мен іс-әрекетке кері ықпал ететін) ретінде белгілейді. Сондай-ақ дәл осы бір затқа оң және теріс қатынастардың сабақсастығымен сипатталатын амбиваленттік (қосарланған) сезімдер мен эмоциялардың ауқымды саласы бар.
Эмоциялық процестер белгілі бір кезеңдерден тұрады, олардың біріншілері - эмоциялық кернеудің артуы, сонан соң шешілуі, кернеудің түсу кезеңі келеді. Сезімдер үшін кезеңдік параметр тән емес, өйткені олар қатынастарақты формалары болып табылады. Интеллектуалдық, моральдық, эстетикалық және практикалық (гр. - іс, сабақ) сезімдер атап көрсетіледі.
Эмоциялар олардың интенсивтену дәрежесі бойынша жіктеледі. Ең аз байқалғанда олар қандай да бір психикалық процестің боямасы ретінде эмоциялық фон формасында болады. Дербес процеске бөліне отырып, олар эмоциялық күйзелу формасын, ал шекті айқындалған кезде - аффект формасын алады. Күйзелістік күй мен көңілді күй де эмоциялық қатынастардың негізгі формалары болып есептеледі.
Ерік психикалық процесс ретінде адамның өз мінез-құлқы мен іс-әрекетін саналы реттеу сапасы ретінде анықталады. Ол мақсатқа жету кезіндегі қиындықтарды жеңуді қамтамасыз етеді. Оны сипаттау кезінде еріктік акт, еріктік күш және тұлғаның еріктік қасиеттері сияқты ұғымдар басты мәнге ие болады.
Еріктік акт құрылымы негізгі үш кезеңнен тұрады: 1) адамның мақсатқа жету талабы; 2) мақсатты таңдауға байланысты «мотивтер күресі»; 3) қабылданған шешімді жүзеге асыру және осындай туындаған қиындықтарды жеңу.
Бұл актінің барлық кезеңдері импульсивтік талаптар мен қажеттіліктерді жеңуге байланысты еріктікүшті талап етеді. Еріктік күш еліту, тыйым салу, жұмыс қабілеттілігін қолдау, бақылау, сыртқы бөгеттерге қарсыласу формасын қабылдай алады.
№14 дәрістің тақырыбы: Басшы қызметіндегі басқарушылық қарым-қатынас