Білім беру бағдарламасы 7M01109 Педагогика және психология, 7M03104 Психология, 7M01307 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 7M1402 Дене шынықтыру және спорт, 7M01501 Математика, 7M01504 Физика, 7M01507 Химия, 7M01509 Биология, 7M01510


Конфликтологиялық идеяларға тарихи шолу



бет22/42
Дата23.09.2023
өлшемі135,97 Kb.
#109971
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42
Байланысты:
Баскару психология 1курс

Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру.
Дәріс мазмұны
  1. Конфликтологиялық идеяларға тарихи шолу


  2. Әлеуметтік дау-дамай типологиясы

Дау-дамай жер бетінде тіршіліктің пайда болуымен қатар дамыды десек, қателеспейтін шығармыз, өйткені тіршілік иесінің сұрыпталып, сақталуы үшін, тіршілік етуін жалғастыру үшін күрес жүргізуге тура келеді. Алғашқы ғасырлардың өзінде-ақ адамзат өмірінде болған қақтығыстар мен олардың шешілу жолдары жайлы көп толғанған. Дау-дамай бұрыннан ғылыми зерттеудің объектісі болмаса да, оның өзіндік тарихы бар және кейбір басқа ғылымдармен салыстырғанда оның тарихы көне заманнан бастау болады. Ежелде жанжалдың пайда болуы себебі, билік үшін, тіршілік үшін күрес соғыстары болған.
Ғылыми әдебиеттерде «конфликт» әр түрлі мағынада түсіндіреледі. Бұл терминнің анықтамасы өте көп.
Жалпы «конфликт» сөзі (conflictus) – латын тілінен енген, тікелей мағынасы – дау-дамай (қақтығыс). Адамның өмірі қақтығыссыз өте алмайды, өйткені адам болғаннан соң өзінің пайымдауы, өз көзқарасы, өз түсінігі болады. Бір мәселеге екі адам екі жақтылы қарайды.
Дау-дамай дегеніміз қарама-қарсы бағытталған мақсаттардың, мүдделердің, позициялардың, ой-пікірлердің, құндылықтардың қақтығысы. Басқа сөзбен айтқанда, дау-дамай екі немесе одан да көп индивидтің немесе топты қарама-қарсы жақтың белгілі бір мақсатқа жетуіне, мүдделердің қанағаттандырылуына әдейі бөгет жасауы немесе оның көзқарасын, әлеуметтік ұстанымын өзгерту үдерісі. Дау-дамайды тудыратын немесе өз еркінсіз осындай жағдайға тап болатын адамдар мәселені тез арада өзіне тиімді етіп шешкісі келеді. Осы жерде дау-дамайды шешудің жолдары қандай?-деген сауал пайда болады.
Адамның әлеуметтік ортада өмір сүруі, әртүрлі әрекет түрлерімен шұғылдануы үнемі қоғамдағы өзге адамдармен тығыз қарым-қатынаста болып отыратындығын көрсетеді. Дау-дамай, бір-бірімен ренжісу әрбір адамның өзіндік кісілігін, талап-тілегін өзгелердің мойындап, онымен санасуын талап етуден туады. Осы бағытта әрбір адам өзінің басқа адам алдындағы мұқтаждығын қанағаттандырып, өзгелерге бойындағы күш-қуаты мен қабілетін көрсеткісі келеді.
Әр дау-дамайдың өзіндік даму динамикасы бар және ол мына кезеңдерден тұрады:

  • дау-дамайға дейінгі қарым-қатынастар, шешілмей жатқан мәселелердің жиналып көбеюі, қарым-қатынастың кернеуліктері болады;

  • қарама-қайшылықтың өрши түсуі, қарым-қатынаста тұрақты жағымсыз (негативті), кейде агрессивті психологиялық жағдайдың болуы;

  • дау-дамайлық жағдаят, оқиға, субъектілер арасында түсініспеушілік және ашық түрдегі дау-дамай;

  • дау-дамайдың шешілуі;

  • дау-дамайдан кейінгі кезең, дау-дамайға қатысушылар арсындағы қарым-қатынастың жаңа мазмұны мен сипатының пайда болуы.

Әлеуметтік дау-дамай типологиясы: Әлеуметтік дау-дамайлар бірнеше белгілері бойынша жіктеледі. Мысалы, дау-дамайдың шешілуіне байланысты: толық шешілген, жартылай шешілген және шешілмеген болады.
Қатысушы субъектілердің санына қарай: тұлға ішіндегі, тұлғааралық және топаралық.
Әлеуметтік психологиялық зерттеулерде кең таралған эмоционалдық және іскерлік дау-дамайлар бар. Дау-дамайлардың көріну формасына байланысты: ашық, латентті және потенциалдық. Бүгінде әлеуметтік дау-дамайлар туралы классикалық концепциялар кеңінен қолданылады. Олар: Л. Кренсбергтің «әлеуметтік дау-дамай», Р.Дарендорфтың «қоғамдық дау-дамайлық моделі», сонымен қатар Л. Козердің, К.Боулдингтің, Д. Доллардтың, Дж. Бартонның теориялары.
Негізінен алғанда дау-дамай субъектінің әлеуметтік жүйемен қарым-қатынасының дамуына септігін тигізетін алғышарттардың бірі болып табылады. Сондықтан, қоғам, әлеуметтік дау-дамайсыз бола алмайды. Осыған орай дау-дамайдың позитивті және негативті қызметтері болады. Позитивті қызметтері: оңтайландыру қызметі – әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынастарында, дамуында және т.б. тиімді теңдікті қалыптастырады; қатынастар жұйесінің дамуына, өзгеруіне әсер етеді, инновацияға жол ашады; дау-дамай арқылы адамдар бірін-бірі жақсы біле бастайды, яғни оның информациялық рөлі зор; бірдей ойлайтын адамдарды әлеуметтік топ, ұйым ретінде біріктіреді; адамдардың белсенділігін оятады; адамдарда жауапкершілік артады, олар өздерінің маңыздылығын сезеді; сын уақытта адамның бірден көрінбейтін жағымды және жағымсыз қасиеттері көрінеді, олар бірін-бірі бағалай бастайды; жағдайдың, мәселенің анықсыздығын жоюға немесе азайтуға үлкен септігін тигізеді.
Негізгі негативті қызметтері: әлеуметтік климаттың нашарлауы; еңбек өнімділігінің төмендеуі; кейде дау-дамайды шешу үшін кейбір жұмыскерлерді жұмыстан босатуға немесе белгілі бір санкция орнатуға тура келеді; екі жақтың бірін-бірі дұрыс қабылдамауы; дау-дамай уақытында және дау-дамайдан кейінгі кезеңінде қарсы жақтардың арасында келіспеушіліктің, ынтымақтастықтың азаюы; дау-дамайды шешу үшін жұмсалатын материалдық немесе эмоционалдық шығынның болуы; бүкіл әлеуметтік жүйе немесе оның бөлек элементтері бұзылады, жойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет