Білім беру бағдарламасы «7M041 Бизнес және басқару»



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата22.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#95720
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
45,5%
24,4%
17,1%
13%
5000 - 7000 
айына
8000 - 10 000
10 000 - 15 000
15 000 жоғары 
0,0%
5,0%
10,0%
15,0%
20,0%
25,0%
30,0%
35,0%
40,0%
45,0%
50,0%


27 
Қазақстандағы бұқаралық спортты дамытудың өзекті мәселелері 
 
Қазақстандағы бұқаралық спортты дамытудың ең өзекті және күрделі 
мәселесі – спорттық инфрақұрылымның жетіспеушілігі болып табылады. 
Инфрақұрылымның негізгі өсімі жазықтық ғимараттар есебінен болады. 2020 
жылы елімізде 700-ден астам спорт алаңдары пайдалануға берілді: аулалық 
спорт алаңдары, футбол алаңдары, Street Workout көше тренажер 
кешендеріжәне т.б. Алайда, жалпы елімізде, әсіресе ауылдық жерлерде жабық 
спорттық ғимараттар жеткіліксіз. Айтарлық, мектептерде спорт залдары тек оқу 
сабақтарын жүргізу үшін ғана пайдаланылады. Ауылдық жерлерде 4 932 спорт 
залы бар, оның 4182-сі мектептерге тиесілі. Жалпы, ел өңірлерінде дене 
шынықтыру-сауықтыру залдарына мұқтаждық 1,5 млн-ға дерлік шаршы метрді 
құрайды, ал іс жүзінде қажеттіліктің тек 53,3%-ы (768,9 мың шаршы метр) ғана 
бар.
Бүгінгі таңда Қазақстан спортты дамытуда әлемнің жетекші елдерінен 
анағұрлым алыс қалған, алайда шетелдердің озық тәжірибесін меңгеру 
мүмкіндігі бар. Атап айтқанда, адами ресурстары мен аумағы бойынша 
елімізден артта тұрған Сербияда бұқаралық спорт белсенді дамыған. Батыс 
елдерінде бұқаралық спорт үшін Денсаулық сақтау министрлігі, ал балалар 
спорты үшін Білім министрлігі жауап береді. Бұл ретте, Спорт министрлігі 
заңнамалық, материалдық-техникалық қормен және қаржылық қамтамасыз ету 
жұмыстарымен айналысады, ал Ұлттық Олимпиадалық комитет – бұл жоғары 
жетістіктер спорты. Бұқаралық спортты дамытудың логикалық тізбегін 
қалыптастыру маңызды, сонда ғана ол тұрғындардың басым бөлігін қамтиды 
және нәтиже береді. 
Елімізде спорт алаңдарының стандарттары дұрыс ұйымдастырылмаған. 
Қалаларда салынған алаңдар стандарттарға сәйкес емес. Спортпен айналысуды 
қалайтын тұрғындар баратын алаң – бір мезетте баскетбол, волейбол, футбол 
ойындарына ортақ алаң болып салынған. Бұл дұрыс емес, адамдар ол жерде 
жаппай айналыса алмайды. Адамдарды спортқа тарта отырып, алаңның 
қолайлы әрі заманауи болуын, белсенді өмір салтын ұстанатын адамдар үшін 
тартымды болуын ескеру маңызды. Бұқаралық инфрақұрылым ақысыз қала 
алаңдарын, аулалық және мектеп жанындағы алаңдарды қамтуы тиіс. Алайда, 
іс жүзінде жаңа инфрақұрылым коммерциялануда, сондықтан бұқаралық 
тұрғыда қалыптаспай жатыр.
Қазіргі уақытта Қазақстанда жоғары жетістіктердегі спортқа басты назар 
аударылып отыр. Алайда, сапасы санынан төмен екендігін көріп отырмыз, 
сондықтан қаншалықты көбірек жастар бұқаралық спортпен айналысса, 
болашақ чемпиондарды даярлау соншалықты тезірек іске асады. Еліміздегі, 
әсіресе ауылдық жерлердегі спорттық инфрақұрылымның әлсіз дамуы 
алаңдатады, бұқаралық спортты дамытуға бюджеттен қаражаттар жеткіліксіз 
бөлінеді. Бүгін нормативтік-құқықтық қорды жетілдіру біртіндеп жақсаруда. 
2020-2025 жылдарға арналған дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту 
бойынша кешендік жоспар әзірленген, онда дене шынықтыру бойынша балалар 


28 
мен жасөспірімдерге арналған клубтар желісін және дәрігерлік-дене 
шынықтыру диспансерлерін кеңейту, дене шынықтыру сабақтарында спорттың 
ұлттық түрлері бойынша міндетті компонент енгізу; дене шынықтыру мен 
спорт бойынша сабақтан тыс жаттықтырулар енгізу үшін мұғалімдерге үстеме 
ақы төлеу; халықпен жұмыс істеу үшін спорт бойынша нұсқаушылардың 
штаттық бірліктерін енгізу және т.б. көзделген.
Сонымен бірге, 2020 жылдың қорытындысы бойынша дене 
шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысатын адамдарды қамту 30%-ды 
құрайды, сондықтан бүгін дене шынықтыруды дәріптеу үшін сабақтан тыс 
спорттық жұмысты кеңейту, мектеп спорттық клубтарын көбірек құру, мектеп 
лигасы жарыстарын ұйымдастыру қажет.
Тағы бір өзекті проблема – мектептердің 37%-ы оқу бағдарламасы 
шеңберінде талап етілетін спорттық жабдықтар мен құралдарға мұқтаж, 1970 
мектепте спорт залдары жоқ, ауылдардағы спорттық және дене шынықтыру 
ғимараттар желісі ауыл тұрғындарының 30%-ының ғана сұранысын 
қанағаттандыра алады. Жергілікті бюджеттерден олардың күтіміне бөлінетін 
мемлекеттік қаражаттар спорт залдарын жалға алуға да жұмсалады. Бүгінгі 
таңда республиканың 131 жоғары оқу орнында 113 спорт клубы және екі мыңға 
жуық спорт секциялары ашылған, онда 172,4 мың студент айналысады. 
Студенттер үшін жүзу бассейндеріне, жаттығу залдарына бару үшін 30-50% 
көлемінде жеңілдіктер жүйесі әрекет етеді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі 
жандар үшін де осындай жеңілдіктер қолданылады: мемлекеттік спорт 
объектілеріне 1 және 2-топтағы мүгедектер – ақысыз, 3-топтағы мүгедектер – 
50% жеңілдікпен бара алады [14]. 
Бұқаралық спортты дамыту мәселесі Мәжілістің үнемі назарында. Бүгінгі 
таңда өзекті мәселелердің қатарында – инфрақұрылымды дамыту тұр, 
сондықтан қолданыстағы нормативтерді қайта қарап, әрбір елді мекен бойынша 
спорттық ғимараттарға нақты қажеттілікті талдау қажет. Қазіргі уақытта спорт 
саласында 105 МЖС жобасы бар, оның 22-сі – жергілікті атқарушы 
органдармен іске асырылады. Спорт ғимараттарына 600 мың шаршы метр 
жалпы мұтаждық барысында, бұл жобалар тым жеткіліксіз. Мемлекеттік емес 
қаржыландыру көздерін іздеу қажет. Проблеманы шешудің бір жолы МЖС 
тетіктерін жандандыру және демеушілік қаражаттарды тарту болып табылады. 
Бұдан бөлек, спорттық қызметтер көрсету үшін төлем мәселелерін реттеу, 
бейімделген дене шынықтыру мен спортты дамытуға ықпал көрсету қажет. 
Спорттың басымды түрлері бойынша қаржыландыру лимиттерін заңнамалық 
деңгейде бекіту мақсатты болып табылады. Бірнеше онжылдықтар бойы дене 
шынықтыру мен спорт саласы қалдық принцип бойынша қаржыландырылып 
келді. 2020 жылы мемлекеттік бюджетте осы мақсаттарға шығыстар ЖІӨ-нің 
1,4%-ынқұрады. Жүргізілген талдаудан көріп отырғанымыздай, жергілікті 
жерлерде қаражаттарды жоспарлау теңгерімсіз жүргізілген. Мәселен, тек 
футболды қаржыландыруға спорттың барлық түрлерін дамытуға бөлінген 
жергілікті бюджеттің үштен бір бөлігі жұмсалған, ал кейбір өңірлерде тіпті 
бюджеттің жартысы бөлінген. Бұқаралық спортты дамыту жұмысына 


29 
волонтерлік қозғалыстардағы азаматтық белсенділерді де тарту қажет. Дене 
шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу және осыған ақша қаражаттарын бөлу 
тұрғысында да проблемалар бар. 2021 жылдың соңында 100 дене шынықтыру-
сауықтыру кешендерін салу жоспарланады. Құрылысты қаржыландыру 
көздерінің бірі ретінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы қаралады [14]. 
Спортты дамытуға бөлінген қаражаттарды пайдалану тиімділігіне де аса 
назар аудару маңызды, бұл үшін жоғарыда ескерілген бұқаралық спорттағы 
менеджментті дамыту қажет. Қазіргі уақытта балаларға арналған спорт 
жаттықтырушыларының жүктемесі мен мәртебесінде проблема бар. Олар 
«басқа қызметшілер» санатына жатқызылған, бұл мәселені қайта қараған жөн. 
Мектеп және студенттік спорт клубтарында нұсқаушы-жаттықтырушылар 
анағұрлым жоғары еңбекақы алуы тиіс. Лотерея қызметінен 10% аударымдар 
шеңберінде түсетін барлық қаражаттар жоғары жетістіктердегі спортқа 
жұмсалады, бұқаралық спортты дамытуға қаржы мардымсыз бөлінеді. Бұл 
пропорциялар тепе-тең болуы тиіс. Бұқаралық спортты дамытуды 
қаржыландыру басымды түрде жергілікті бюджеттің қарауымен жүзеге 
асырылады. Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жаңа заң жобасын 
әзірлеу барысында ол бойынша жұмыс жасау сатысында жоғарыда көрсетілген 
проблемаларды шешуді көздеу қажет, өйткені бұқаралық спорт және салауатты 
белсенді жастар – ұлт болашағы болып табылады. 
2020 ж. соңында Қазақстанда кәсіби клубтарды қаржыландыруды екі 
есеге қысқарту туралы шешім қабылданды. Бұл ретте 22,2 миллиард 
көлеміндегі жергілікті атқарушы органдармен бұқаралық спортқа бөлінген 
қаражаттың 14,7 миллиард теңгеден жоғары көлемдегі үнемделген көлемі 
бұқаралық спортқа жіберіледі. Мәдениет және спорт министрлігі басшысының 
пікірі бойынша, кейбір спорт клубтарға ұлттық компаниялар мен жеке 
кәсіпкерлерден демеушілік қаражаттар түседі. Мәжіліс спикері таяу уақытта 
спорт секцияларын, шығармашылық үйірмелерін жергілікті бюджеттерде 
көзделген қаражаттар шегінде жан басылық қаржыландыру әдістемесін әзірлеу 
қажет деп санайды. Әдістеме әзірге дайын болмағандықтан, мемлекеттік 
шығармашылық және спорттық тапсырыстарды енгізуді көздейтін түзетулер 
2021 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енеді [15]. 
Біз Өскемен қаласындағы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет 
академиясының студенттеріне олардың нешеуі дене шынықтырумен және 
бұқаралық спортпен айналысатындығын анықтау үшін сауалнама жүргіздік
(1-қосымша). Сауалнамаға 100 адам қатысты. Сауалнама нәтижелері олардың 
20%-ы спортпен басымды түрде спорт залдарында айналысатындығын көрсетті. 
Бұл ретте, студенттер спортпен ашық ауа астында, мысалы: егер қажетті 
инфрақұрылым жасалған болса, жоғары оқу орнының жанындаайналысуды 
қалайтындықтарын айтты.
Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында спорт қорының 
күйі төмен деңгейде тұр, балалар мен жасөспірімдерге арналған мектептер 
желісі дамымаған, оларда республиканың мектеп жасындағы балаларының тек 
7 пайызы үшін ғана сабақтар ұйымдастыру мүмкіндігі қамтамасыз етілген, 


30 
жоғары білікті жаттықтырушы мұғалімдердің тапшылығы халықтың кең 
қажеттілігін, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру 
сабақтарына мұқтаждығын қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді. Сапалы 
мүкәммалмен және жабдықтармен жасақталған заманауи спорт объектілерінің, 
спорттық резервті даярлау орталықтарының және олимпиадалық даярлау 
орталықтарының болмауы спорттық шеберлікті дамытуды және елімізде 
спорттық резервті даярлауды тежейді. 
Халықаралық стандарттардан қалыс қалу ең алдымен бүгінгі таңда 
жоғары әлемдік талаптарға сай заманауи спорт қорының болмауымен 
шартталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет