Білім беру бағдарламасы «7M041 Бизнес және басқару»


Бұл мәселені шешудің тиімді



Pdf көрінісі
бет16/17
Дата22.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#95720
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Магистерский проект Сейдишова Д (1)

Бұл мәселені шешудің тиімді 
жолдары 
Баламалы тәсілдің сипаттамасы, оны жүзеге асыру 
тәртібі. 
Қазақстанда бұқаралық спортты одан әрі дамыту 
бойынша ұсыныстар. 
- дұрыс басымдықтары мен нақты тетіктерін 
әзірлей отырып, спорт пен дене шынықтыруды 
дамытудың мемлекеттік саясатын әзірлеу; 

спорт 
ғылымы 
мен 
медициналық 
фармакологияның дамуы; 
- бұқаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру 
және өткізу үшін жаттықтырушылар құрамын 
ынталандыру жүйесін әзірлеу; 
- салықтық және басқа да қаржылық жеңілдіктері 
бар спортты дамыту үшін бизнесті тарту, 
бұқаралық спортта МЖӘ тетігін пайдалану 
бойынша әлемнің дамыған елдерінің табысты 
тәжірибесін қолдану; 
- қалалық спорт инфрақұрылымын және бұқаралық 
спортты дамыту жауапкершілігін жергілікті билік 
пен органдарға беру; 
- бұқаралық спортты дамытатын ұйымдар мен БАҚ 
арасындағы коммуникацияны кәсібилендіру. 
Мүмкіндіктер 
Бұқаралық спортты дамытуға серіктестіктің және 
бизнесті тартудың пайдаланылмаған әлеуеті бар. 
Қазіргі уақытта бизнестің спортты дамытуға 
қатысуы таңдамалы болып табылады. Бірақ оны 
кеңейтуге мүмкіндіктер бар. Көпфункционалды 
спорт 
объектілерді 
пайдалану 
тиімділігін 
арттырудың мүмкіндігі 
бар. Бұқаралық спорт 
миллиондаған адамдарға өздерінің физикалық 
қабілеттері мен қимыл-қозғалыстарын жетілдіруге, 
денсаулықтарын 
жақсартып, 
шығармашылық 
өмірін ұзартуға мүмкіндік береді, бұл дегеніміз ол 
адам ағзасына замануи өндіріс пен күнделікті өмір 
жағдайының зиянды әсеріне қарсы тұруға 
мүмкіндік береді. 
Тәуекелдер
Дене белсенділігі денсаулыққа маңызды пайда 
әкеледі және жұқпалы емес аурулардың алдын 
алуға ықпал етеді. Сонымен қатар, Дүниежүзілік 
денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша 
физикалық белсенділіктің жеткіліксіздігі әлемдегі 
өлімге алып келетін қауіптің және жүрек-қан 
тамырлары аурулары, қатерлі ісік, қант диабеті 
секілді инфекциялық емес ауруларға шалдығудың 
дамуының негізгі факторларының бірі болып 
табылады; әлемдегі әрбір төртінші ересек адамның 
белсенді емес, дүниежүзіндегі жасөспірімдердің 
80%-нан 
астамы 
физикалық 
белсенділіктің 
жетіспеушілігін сезінеді.


53 
Халықты сауықтыру саласына деген мемлекет 
тұрғысынан назардың жеткіліксіздігі мен жаңа 
әдіс-тәсілдердің болмауы ондаған жылдар бойы 
аталған саланың сапалы түрде өзгермей, бір 
қалыпта қалып қоюына алып келді. Қазіргі таңда 
бұл мемлекетке үлкен нұқсан тигізіп отыр. Мұның 
өтемі халықтың физикалық денсаулық деңгейінің 
төмендеуі, бұл көрсеткіш экономиканың жанама 
және тура әлсіреуіне алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет