Білім беру бағдарламасы Қарағанды 021 Дәріс «Қазіргі қазақ әдебиеті» пәні бойынша



бет2/18
Дата21.11.2022
өлшемі201,88 Kb.
#51584
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Негізгі әдебиеттер
1. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. –Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001. – 448 б.
2. МәшҺүр-Жүсіпов Қ. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. – Павлодар: Павлодар унив-ті басп.. 1999. -384 б.
3. Жарылғапов Ж. Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістер. –Қарағанды: Гласир, 2009.-400 б.
4. Нұрғалиев Р. Телағыс. - Алматы: Жазушы, 1986. - 440 б.,
5. Еспембетов А. Уақыт өрнегі. – Алматы: Інжу-маржан, 2005. -515 б.
6. Майтанов Б. Қазақ прозасындағы замандас бейнесі. - Алматы: Ғылым, 1982. - 147 б.,
7. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы. - Алматы: Ер-Дәулет, 1996. - 252 б.,
8. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары. Сын-зерттеу. – Астана: Елорда, 2001. – 312 б.


Қосымша әдебиеттер
1. Ысқақбай М. Шығарма шырайы - шындық. Алматы: Рауан, 1994. 240 б.
2. Дәстүр және жаңашылдық. - Алматы: Ғылым, 1980. - 367 б.
3. Тоқбергенов Т. Үш тоғыс. Әдеби сын. - Алматы: Жазушы, 1997. - 196 б.
4. Исмакова А.С. Казахская художественная проза. Поэтика, жанр, стиль (начала ХХ века и современность). - Алматы: Ғылым, 1998. - 394 с.
5. Дәдебаев Ж. Шымырлап бойға жайылған. Алматы: Жазушы, 1988, 189 б.
6. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті: Лекциялар курсы. Алматы, Қазақ университеті, 2002, 311 б.


2 - Дәріс
«Қазіргі қазақ әдебиеті» пәні бойынша
Қазіргі өлен құрлысының даму үдерістері
1. Қазіргі қазақ лирикасының көркемдік-эстетикалық бағдары
2. Қазіргі қазақ поэззиясының формалық ізденістері

1. Әдебиет салаларынын ішінде ұдайы дамып, тақырыптық-идеялық, көркемдік-эстетикалық тұрғыдан жанарып, сапасы биіктеп, әрдайым ізденіс үстіндегі жанр


поэзия екендігі даусыз. Қазақ қазақ болғалы ықылым заманынан қоғамдық жүкті арқалап, жеке адамдық-тұлғалық мәселелердің барлығына бара алған поэзия бұл күнде де сол міндеттеріне адал болып, қоғам мен заман лебінің өзгеше соғысын дөп танып,эстетикалық талаптардың биігінен көрініп жүр.
Қазіргі жаңа поэззияның құрлымдық негіздері өткен күндердің ырғақтық жүйесінен несімен ерекшеленеді? Бүгінгі қоғам мен уақыт Абайзаманынан әлдеқайда алыстағанда өлең құрлысының теориялық мәснлелері, яяяғни ырғақтық-интонациялық жүйесі қаншалықты өзгереді? Осы өзгерістерге себепші болған қоғамдық-мәдени алғышарттар қандай?
Тәуелсіздік тұсындағы ұлт мәдениеті мен әдебинтінде қазақ қоғамындағыдай
үлкен бетбұрыстар көрінбесе де, өзгерістердің болғаны анық. Әдебиеттанудағы бетбұрыстар қашанда тақырыптық-идеялық тұрғыдан анық,әрі бірінші көрінетіні бнлгілі.Қазақ әдебиеті салаларының ішінде қоғамдық дамудың жаңа лебін сезінген де, оны оқырманға сездірген де поэззия болғандығы айтып өтілді.Жаңа поззия қазіргі қоғамның даму үрдісі ұсынып отырғандай индивидуалды сипат алды.Жас ақындар мен бүгін шығармашылықпен айналысып жүрген аға буын ақындардың
туындылары тақырып жағынан, көркемдік-бейнелік сапасы тұрғысынан жаңарды.Жаңғыру кезіндегі поззия ту еткен адамзаттық биік мұраттардан жеке адамдық терең лирикаға ақындар поэззиясын зерделегенде,уақытқа сай жеке адам тұлғасы мәселесі алдыңғы орынға шыққаны байқалады. Бұл адамзат эволюциясының даму заңдылығына сай туындап отырған тақырып.
Кеңестік қоғам ұсынған тақырыптар мен ұстанған принциптер сол дәуірмен бірге сағымға айналса, ендігі ақындар жеке адам мен идеясыз қоғам мәселесіне назар аударды. Көп ақын өткен дәуірде тиым салынған тақырыптарды сараласа, бірқатары жаңа қоғамдық даму тудырған әлеуметтік жағыдайларды, жеке адамның жан дүниесіндегі жаңғыруларды жырлады. Қайбір уақытта болсын поэззияның ішкі сарайы оның сыртқы құрлымдық жағынан тез сымбатының бой түзеуінен гөрі бірінші көрінеді.. Оның ішкі сарайы сыртқы түрінен көрі әлдеқайда бай. Ақындардың көпшілігі өлеңді құрлымдық жағынан құнарлы етіп құра білмейді.Өлеңнің сыртқы қабатынан түрлендіруге кез-келген ақынның қарымы мен шеберлігі жете бермейді.ақындар біір ырғақты ұстау үшін қаншама жылдар ізденеді?қазіргі қоғамда әәәр адам өз ішкі әлемі мен сыртқы проблемаларымен жалғыз қалды. Жаңа қоғам жеке тұлғалардың жалғыз майданына айналды.Ол майдан өмір үшін, өзің үшін, қоғғғғамдағы орын үшін болып жатыр. «XX век оголил человека, оставил его наедине с хаосом, заставив осознат ужас своего одиночества, трагизм своей судьбы и искать самом себе ресурсы сопротивление энтропи».Бұл өнерге төнген қауіп туралы ой қазақтың белгілі сыншысы Ә.Бөпежанованың еңбектерінде төменгіше жалғасады: « Соңғы кездегі ұлттық мәдениетке философтарымыз бен мәдениеттанушыларымыздың «жеңілген мәдениет», «адыра қалған мәдениет» дегендей анықтама бере бастауы тегін емес.ұлттық рухани мәдениеттің әлнмдік рухани айналымға түспек түгіл, өз ортасында жайсыздық сезінуі, рухани мәдениетті жасап,қалыптастырушылардың вакуумда қалып отырғандай қалып-күйі,ал әлемге танылуда, өзімізде де ұлттық дегенге қтысының бәрі шектен тыс декларативтік сипат алуы – XXI ғасырда ұлт болып емес, мәдениет есебінен ғана күн кешуге бет бұруымыздың «бүгіннен қаланып отырған негізі» демеске амал кем»- деген пікірімен әдебиеттің оқырман алыстау себебін жеке адамнан емес, қоғамдық даму шарттарынан, «қоғамның адамгершілік қуатының әлсіреуі» мен «мәдениеттің қоғамымыздың тұрақты дамуының стратегиялық негізіне айналмағанынан» тауып отыр. Сондықтан қазіргі өнер туындылары әркім өзі үшін күресетін капиталистік қоғамның бағытында өріс алып барады. Жалпы өнер сахнасына жеке адамның күрес-тағдыры, оның өзімен, қоғаммен қарамақайшылығы шықты.
Қазіргі идеяны кеңестік кезеңіндегідей қоғам ұсынып отырған жоқ,өйткені қоғамдық өзі идеясыз. Қазіргі идеяны өмірдің өзі,қоғамдық қатынастар ұсынып отыр. Қоғам туғызған өткір мәселелер Иран-Ғайып, Темірхан Медетбек сынды аға буын ақындардың шығармашылығынан орын алса, бірқатар ақындар өткен тарихты қалған ел өміріндегі маңызды оқиғалар мен тарихы тұлғаларды түгендеуге бағыттады. Т. Әбдікәкімов, Г.Салықпай, М.Райымбекұлы,Б.Беделхан, Т.Ешенұлы сияқты жаңа үрдістің ақындары шығармашылығында жаңа көзқарасты, шығармаларды интонациялық мазмұнының декламативті емес,, индивидуалды сипаты жетілген түрде көрінеді. «Им нужна поэззия,рожденная мелонхолической думой и одиноким созерцанием поколении, отмечавших своими муками всякий новый шаг истории. Надземная поэззия переходных эпох. И «она» вечна, потому что эпохи различны, а переходы одинаковы»-деген пікір қазақ әдебиетіндегі қазіргі өтпелі кезең поэзиясына тақырыптық-идеялық бағытына қатысты. Яғни, бұл өлеңдер жалпыға арналмаған, жеке адамның терең ұғынып, шынайы сезінуіне бағытталған. Жаңа әдебиет кеңес қоғамындағыдай жалпы қоғамдық іс емес,Қазір ақындардың немесе әдебиетшілердің, жалпы аз топтың ісіне айналған.Қазір шын поэззияны бағалайтын оқырмандар авторларының жинақтарын өздері тауып, оңашада өзі ғана оқиды. «сколько читателей у Пастернака столько голов,у Маяковского один читатель – Россия»-деген пікірді мұхтар Шаханов пен Гүлнәр Салықбайға қатысты айтсақ, мұхтардың оқырманы- жалпы халық болса, гүлнәрдің оқырманы – ойлы да, сезімді жалқы қазақ. Яғни, Мұхтар мен Гүлнәрррр өлеңді екі түрлі аудиторияға арнады. Мұхтардың өлең жазу процесінде қолдаушысы – үлкен қауым болса, Гүлнәрдің көз алдында жалғыз оқырман болады. Мұхтар Шаханов өлеңдерінің екпінділігін, қайраттылылығы мен жігерлілігінің бастауы – көпшілік, ал Гүлнәр Салықбай өлеңдерінің қайнары – жұмбағы мол,кей тұста айтылмай іштен ұғынатын, нәзік сезімді, тұнық, ішкі толғанысы мен тербелісі мол жанның сыры. Мұхтар өлеңін өндірте жазған шақтар бар адамның, бүкіл қоғамның өлең оқитын, жырға құмар шағы еді. Гүлнәр өлең жазғанда қоғам мен адам рухани құндылықтардан гөрі әллеуметтік қайшылықтар алға шығып, өлең жеке адамның мәселесі шеберіне ойысқандықтан оның тақырыбы мен идеясы, көркемдік-бейнелілік ерекшеліктері, интонациялық – мелодикалық жүйесі өз қоғамының тереңінен тамыр тартты.
Қазіргі әлем әдебиеттануында «оқырман және оның көркем шығарманы қабылдауы» деген мәселе өткір қойылып келеді. Окырманның талғамына және әлеуметтік сатысына сай әдебиеттің түрлері де қалыптасты. «В литературовеедении,
Установилась шкала литературных ценностей – классйка, беллетристика,низовая литература» «XX-век всего мучительными социално-политическими коллизиямине только смягчил,но,ннапротив,обострил противоречия между читательским опытом большинства и художественно образованного меньшинства. В эпоху мирових воин, тотолитарных режимов, непомерной урбанизации массовый читатель закономерно отчуждает от духовных и эстетических традиций и далеко не всегда получает взамен что-либо позитивно значимое. Об исполненной жизненных вожделении и потребительских насторений бездуховной массе писал в 1930г.Х.Ортега-и-Гассет. По его мысли,облик массового человека ХХв. Связана прежде всего стем, что наступившая эпоха «чувствует себя сильнее, «живее» всех предыдушых эпох», что «она потеряла всякое уважение, всякое внимание к прошлому, ... начисто отказывается от всякого наследства, не признает никаких образцов и норм». Осы келтірілген пікірдің барлығы «Сөз түзеледі, тыңдаушы сен де түзел» деген ұлы Абай сөзінің сарынымен үндес. Әрбір дәуірдің, қоғамның әдебиетке, сөз өнерінің бағалауы, қабылдауы әрқилы болмақ. Оның өзін де тұрмыс билейтіні жасырын емес.Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің халыққа етене жақын болуының себебі халықтын көңілін демеуші өнер түрі санаулы болды.ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің халыққа қадірлі болуының себебі қоғам мен мәдениет, оның ішінде әдебиет дамудың негізі болды. Халық болашағын байланыстырған оқу-ағарту әдебиетпен, жалпы қаламгердің шығармашылығымен сабақтастықта болды.
Кеңес дәуірі үшін әдебиет негізі идеологиялық құрал болғандықтан, әдеби шығармаларды оқыту, таныстыру ісі қоғамдық маңызды мәселелердің бірі болған-ды. Бүкіл ақпарат құралдары көркем әдебиетті халыққа кеңінен жеткізіп, тереңінен сіңісуіне қаламгерлермен әртүрлі деңгейдегі кездесулер, форумдар, сьездер өткізіп, олардың шығармашылығын тарату мемлекеттік дәрежеде жүргізілді.
Қазіргі қоғам талабы мүлде басқа. Біріншіден,сөз өнері өзге өнер түрлерімен бәсекелестікте туындайды.Айталық,ол - өте әулетті теледидар өндірсі. Қаламгердің кітап шығарып, насихаттау тек жеке басының ісіне айналған. Сөз өнері шын берілген қолдаушыларымен жанданып, тамыр жая алады. Жас ақын-жазушыларды әдебиетті сүйіп, бағалайтын орта ғана таниды. Олардың шығармашылығы негізінен сол шағын топ аясында шектеліп қалады. Сондықтан қазіргі әдебиеттің тақырыптық-көркемдік жүйесі жалпылықтан көрі жекелік, тұлғалық сипат алды. Одан қазіргі поэззия әлсіреп,тақырыптық-идеялық аясы тарылып, көркемдік-бинелік қуаты кеміген жоқ. Ақындардың шығармашылық қолтаңбасы дараланып, жеке тұлғалық мені барынша биіктеп көрініп келеді.
2. Қазақ поэззиясының формалық тұрғыдан жаңаруының негізін сол поэззияның ішкі тақырыптық-көркемдік жүйесі, экспрессивтік-эмоционалдық сипаты тұрғыдан жаңғыруынан іздеу қажет. Қазақ өлең құрлысы да осындай тыңайған ішкі факторлардың қажетіне сай эволюциялық тұрғыда жаңарады. Дәл осы шақта,яғни, қазақ жаңғырып қана қоймай, ерекшк жанданды. Қазақ өлеңінің даму кезеңдері тақырыптық-идеялық, көркемдік-бейнелік жүйесімен қоса ырғақтық-интонациялық жүйесін де жаңартты. Бұл жаңарту тұтас тарихи-саяси, қоғамдық-мәдени көлемде табиғи жолмен өрістеді.
Әрбір тарихи кезеңді өз саяси жүйесі анықтайды. Ал мәдениет қоғамның айнасы болса, әдебиет оның көркем галереясы іспетті. «Суреткер белгілі бір қоғамда өмір сүреді. Белгілі бір қоғамдық коллективтің мүддесіне ортақтасады, сондықтан оның творчествосында да белгілі қоғамдық мән және мазмұн бар. Бұл даусыз шындық! Жалғыз-ақ осы шындықты әр көзқарастың өкілі әр түрлі түсінуі ықтимал»-деген академик З.Қабдолов пікірі әдебиет пен қоғамның бірлігін анық көрсетсе керек.
Ақын Т.Медетбек: «Менің өлеңдерімдегі түр Көктүріктерден келді. Оны жасырмаймын. Бұрын поэзияда түр онша маңызды бола қоймас деп ойлайтынмын. Сөйтсем түр- өлеңнің қаны екен ғой. Онда түгел ұлт рухы жатады екен» - деп мойындағандай, қазіргі қазақ поэзиясы бұрын кеңестік идеология тыйым салынған тарих беттерін парақтаудан басталды. Көптеген ақындардың жүрегіне араға ғасырлар салып табысқан қасиетті Көк түріктердің әуені ұялап, оның ырғақтық әуеніне сөз салғандары баршылық. Т.Медетбектің ел мен жұрт, заман мен қоғам туралы толғаныстары, С.Ақсұңқарұлының өлеңдері «Өмір деген-күнді айналу» деген жыр кітабы, Б.Қошым-Ноғайдың «Тәңір даусы» атты жыр топтамасы, Ж.Әскербекқызының «Көктүріктер әуені» атты жыр топтамасы және Е.Раушановтың «Айша бибі» поэмасындағы диалогтар осы тәуелсіздіктің арқасында ғана қайта оралған Күлтегін, Білге қаған және Төныкөк жырларының жалпы интонациялық мелодикасына құрылады.
Ақын Т.Медетбек бір сұхбатында: «Мен «Көктүріктер сарынына» осыдан 20 жыл бұрын келсем деп қайта-қайта эксперимент жасадым. Бірақ кіре алмадым. Көктүріктер сарынын ұстау үшін аштым. Тоныкөкті, Күлтегінді аудардым. Бірнеше жылдар бойғы жұмыстар нәтижесінде «Көктүріктер сарынына» қалай ілесіп кеткенімді өзім де байқамай қалдым.Әуенді қалай ұстадым,Көктүріктердің өн бойына солай еніп кеттім.Әрине, сарынды құп өзіндей көшіріп алғаным жоқ. Өзімше байыттым. Өзімше жол таптым»,- деп ой тарқатады. әдетте, оның өлеңіндегі сарын мәнін түсіндіру үшін сол сарынның бастапқы сазын ұғып алған дұрыс.
Иоллығтегін дастанының үзіндісінің тікелей аудармасы:

Інім Күлтегін қаза болды. (9)


Өзім қайғырдым. (5)
Көрер көзім көрместей. (7)
Білгір ақылым білместей болды. (10)
Өзім қайғырдым. (5)
Тағдырды тәңірі жасар. (7)
Адам баласы бәрі өлгелі туған. (11)

Т.Медетбектің еркін аудармасы мынадай:

Күлтегін ініім (5)
Қайтыс болды. (4)
Тауым құлады (5)
Жауым қуанды. (5)
Қайғыдан- (3)
Өрт шалған қарағайдай- (7)
Қап-қара болып кеттім. (7)
Көрер көзім (4)
Көрместей болды (5)
Білер білігім (5)
Білместей болды. (5)

Т.Медетбектің «Неткен өмір бұл» өлеңіндегі көктүріктер әуені бес,алты, жеті буынды қысқа ырғақ кестелері арқылы жасалады.Екі нұсқасының мағынасындағы айырма айтарлықтай. Тікелей нұсқасындағы соңғы екі жол Т.Медетбек аудармасында жоқ, ақын эмоционалдық әсеріне басымдық баріп, басқа түскен қайғының тереңдігін жеткізуді мақсат еткен. Екі нұсқадағы жолдар он,тоғыз буынды өлшеммен беріледі.Т.Медетбек эмоционалдық бояуын қанықтай түсу үшін бүгін семантикалық-синтаксистік құрлымдарды, екіге жіктеп, келесі тармаққа тасымалдап береді. Ақын аудармасындағы « Қайғыдан өрт шалған қарағайдай қап-қара болып кеттім» деген семантикалық-синтаксистік дербес құрлым ғана морфологиялық тұлғалануы өзгеше.Басқа синтаксистік бірліктерде өзара дыбыстық үндестіктегі ұйқасушы негіздер болмағанымен, морфологиялық тұлғалануы бірыңғай, етістіктің өткен шақ формасы: қайтыс болды-құлады-қуанды және білместей болды-көрместей болды.

Бұл не/ тіршілік
Жүрсем /құлаймын
Күлсем/ жылаймын

Құдай-ау/,


Басым аман/
Бауырым/ бүтін ғой
Сонда да..../ сонда да
Жаным – от//
Демім түтін ғой//
Нан сұрап//
Жатқан/\ жоқпын ғой//
Қаным// өзімде//

Неге// құлаймын,


Неге//жылаймын?

Сонда да...// сонда да


Отпенен //бірге
Өшіп кеткім//
Келетіні// несі;
Бұлтпенен// бірге
Көшіп кеткім//
Келетіні// несі?

Бұл ақынның ел мұңы мен жер жарасы туралы күйзелісі. Шумақтардағы дербес семантикалық құрлымдар өзара синтаксистік параллел Қатар түзеді. Жеке синтаксистік бірліктер төрт, бес буынды бунақтарға жіктеліп, екі немесе үш тармаққа тасымалданады. Өлшемдердің бунақтарының сабақтасу позицясы жаңа,яғни,2+3 және3+4 дәстүрлі өлеңдерде көп қолданыла бермейтін ырғақ өрнектері.Ақын көне түркі сарынын тақырып тұрғысынан түрлендіріп, «Ұмытқан жоқсын бала» деген мелодикасы өзгеше сұлу махаббат лирикасын жазады.



Ұмытқан жоқсың ба?
Алдыңа гүл біткенді –
Шам құсатып! –
Жағып қоятын едім ғой.
Жұлып ап – омырауыңа
Тағып қоятын едім ғой.
..........................................
Мен саған
Бұлт жамылып
Баратын едім ғой.
Бұлттың саусақтарымен
Терезеңді
Қағатын едім ғой.
Ұмытқан жоқсың ба?[109,172]
Мұндағы ырғақтық-интонациялық құрылымдар дәстүрлі өрнектелген өзгеше құрылғандары да бар, оны дәл қайталайтындары да бар. Бірақ олар синтаксистик құрылысы мен сөздердің орын тәртібін өзгеше құру арқылы жаңа интонацияға ие болады. Бұл өлеңдердің синтаксисі ырғаққа тәуелсіз құрылатындығымен өзгеше. Інім Күлтегін қаза болды, өзім қайғырдым, Күлтегін інім қайтыс болды, тауым құлады, Құдай-ау, басым аман, бауырым бүтін ғой, бұлттың саусақтарымен терезеңді қағатын едім ғой. Әр мысалдан алынған синтаксистік құрылымдардағы сөйлем мүшелері орнына «дұрыс» қойылған, яғни бастауыш сөйлем басында, баяндауышы сөйлемнің соңында, тұрлаусыз мүшелері де өз орнындарында. Бұл сарынмен жазылған шығармаларда грамматикалық, синтаксистік параллель қатарлар молынан кездеседі: Көрер көзім көрместей, білгір ақылым білместей болды / Тауым құлады, жауым қуанды / Көрер көзім, көрместей болды, білер білігім білместей болды / Жүрсем-құлаймын, күлсем – жылаймын Нан сұрап жатқан жоқпын ғой, наның өзіңде; қаңсырап, жатқан жоқпын ғой, қаным өзімде.
Көне түркі сарынымен жазылған ақындардың өлеңдерінің барлығында ұйқасып, логикалық екпін түсетін сөздер – етістіктер, яғни қимыл- іс-әрекетті білдіруші сөздер. Бұл етістіктердің барлығы Т.Медетбектің Еркін аудармасындағы етістіктің тұлғалануына назар аударалық: қайтыс болды – құлады – қуанды – қап-қара болып кеттім – көрместей болды – білместей болды – төгілді – қайғырдым – құлаттым – айырылдым.
Ақын Т.Медетбектің көне түркілер сарынының ырғақтық – интонациялық мелодикасын дөп жеткізіп, жаңа поэзияға құрылымдық негіз етуі оның жаңашылдығы ретінде танылуы тиіс. Қазіргі поэзияда көне түркілердің ерлік дастандары интонациясы мен әуені кең таралып, терең тамыр жайды десек қателеспейміз. Осындай сарынмен бірқатар талантты ақындар тарихи дастандар мен өлеңдерін жазып жүр. Ол датсандардың мәнерін тудыруда қазақ ырғақ жүйесінің түрленуі оның жаңа бір мүмкіндігінің ашылуына себеп болды.
Ұлт поэзиясы үшін өткен тарихты безбендеу өзінің жоғалтқан тамырын іздеумен пара-пар қасиетті ізденіс. Бұл тақырып қазақ поэзиясында ешқашан үзілген емес. Патшалық Ресей мен Кеңестік дәуірдің құрсауы замандарында да біздің ақын-жазушылар өткен тарих бедері мен тұлғаларын шығармаларында бейнелеуден қаймықпаймыз. Өйткені бұл мәселе халықтың өзін-өзі танып, өз биігін айқындау межесі болып табылады. Ал бүгінгі поэзияда бұл үрдістің екінші тыныс ашылды. Қазіргі өлеңдер мен поэмаларда бұрынғы саясат құрбандарына айналған тарихи парақтар мен деректер тұлғалар жаңаша жырланып, өзіндік орнына қойылып жатыр. Халықтың аңыз- әңгімелері және өзге мұралары әлемдік өркениет пен рухани құндылықтар аясында жырланып келеді. Ескіге жаңаша көзқарас жасалып, жаңа баға берілуде. Тарихи тақырыптарға қалам тартқанда ақын ойы мен жүрегіне жырлар мен толғаулардың мелодикасы өзінен өзі оралады. Тарих өткен дәуірлердің бар болмысы мен шындығын шынайылық принципі тұрғысынан жасау үшін ол дәуірдің әуенінен артық әуен табылмаста.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет