Инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере
отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс.
Кодекс – бiртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқық нормаларын
бiрiктiретін және жүйелейтін заң.
Қағидалар – белгілі бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін
айқындайтын нормативтік құқықтық акт.
Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi – Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне
енгiзiлген, қағаз жүзіндегі нормативтік құқықтық актілер жиынтығы және электрондық құжат
түріндегі нормативтік құқықтық актілердің электрондық жүйесі.
Қазақстан Республикасының заңнамасы – белгіленген тәртіппен қабылданған
нормативтiк құқықтық актiлер жиынтығы.
Қорғаншылық – он төрт жасқа толмаған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғаудың құқықтық нысаны. Қашықтықтан білім беру технологиялары –
ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып, білім алушы мен
педагогтің жанама (қашықтан) немесе толық емес жанама өзара әрекеттестігі арқылы жүзеге
асырылатын оқыту. Қамқоршылық – он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.
Құқықтық акт – республикалық референдумда қабылданған не уәкілетті органдар
қабылдаған құқық нормаларын немесе жекелеген құқықтық ұйғарымдарды қамтитын белгiленген
нысандағы жазбаша ресми құжат.
Лицей – негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларын және қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, білім
алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес кеңейтілген және тереңдетілген
жаратылыстану-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін оқу орны.