білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы,
жалпы білім беру
бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар.
Жалпы білім беретін мектеп – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы
білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша
білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.
Жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі –
білім берудің барлық
деңгейлеріндегі кепілдендірілген мемлекеттік оқыту шығындарын қаржылық қамтамасыз ету
нормативі.
Заң – ең маңызды қоғамдық
қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының
Конституциясында көзделген негізге принциптер мен нормаларды
белгiлейтiн нормативтiк
құқықтық акт.
Заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлер – заңнамалық және сатысы бойынша өзге
де жоғары тұрған нормативтiк құқықтық актiлердің негiзiнде және (немесе) оларды орындау үшін
және (немесе) одан әрі іске асыру үшін шығарылатын, заңнамалық актілер болып табылмайтын
өзге де нормативтiк құқықтық актiлер.
Заңнамалық акт – Қазақстан Республикасының Конституциясына, конституциялық заңға,
кодекске, шоғырландырылған заңға, заңға, Қазақстан Республикасы
Парламентiнiң қаулысына,
Қазақстан Республикасының Парламент Сенаты мен Мәжiлiсiнің қаулыларына өзгерістер мен
толықтырулар енгізетін заң.
Достарыңызбен бөлісу: