Білім беру бағдарламасы қазіргі мектепті басқарудың нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет29/33
Дата23.11.2022
өлшемі418,31 Kb.
#52120
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Модуль2-Оқу құралы

Бейіндік мектеп – жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске 
асыратын оқу орны. 
Білім алу үшін арнайы жағдайлар – ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдардың 
(балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін 
болмайтын арнайы оқу бағдарламалары мен оқыту әдістерін, техникалық және өзге де құралдарды, 
өмір сүру ортасын, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және басқа қызметтерді қамтитын 
жағдайлар. 
Білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың бір оқу пәнінің және 
(немесе) модульдің, сондай-ақ кәсіптік модульдің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын 
аяқтағанна кейін бір біліктілік шеңберінде меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін 
рәсім. 
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – білім алушылардың тиісті білім беру 
деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің және (немесе) 
модульдердің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім. 
Білім беру – адамгершілік, зияткерлік, мәдени, физикалық даму және кәсіби құзыреттілікті 
қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі. 
Білім беру бағдарламасы – оқыту мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін 
ұйымдастыру және іске асыру әдіс-тәсілдерін, оқу нәтижелерін бағалау критерийлерін қамтитын 
білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені. 
Білім беру қызметі – білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогикалық негізделген
дәйекті өзара әрекеттесуі барысында жеке тұлғаны оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері 
шешілетін процесс. 
Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі – білім беру сапасының мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің 
қажеттіліктеріне сәйкестігін белгілеудің институционалдық құрылымдары, рәсімдері, нысандары 
мен әдістерінің жиынтығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет