Білім беру бағдарламасы қазіргі мектепті басқарудың нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ негіздері


Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау



Pdf көрінісі
бет30/33
Дата23.11.2022
өлшемі418,31 Kb.
#52120
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау – білім беру ұйымдары ұсынатын білім 
беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау 
мақсатында жүргізілетін рәсім. 
Гимназия – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу 
бағдарламаларын және білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-
гуманитарлық және басқа да оқыту бағыттары бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім 
беруді қамтамасыз ететін қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу 
орны. 
Ғылыми-әдістемелік жұмыс – ғылым жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибеге 
негізделген және үздіксіз білім беру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын жетілдіруге бағытталған 
қызмет түрі. 
Ереже – белгілі бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін 
нормативтік құқықтық акт. 
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар (балалар) – денсаулығына байланысты 


білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беру 
бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар. 
Жалпы білім беретін мектеп – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы 
білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша 
білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны. 
Жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – білім берудің барлық 
деңгейлеріндегі кепілдендірілген мемлекеттік оқыту шығындарын қаржылық қамтамасыз ету
нормативі. 
Заң – ең маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының 
Конституциясында көзделген негізге принциптер мен нормаларды белгiлейтiн нормативтiк 
құқықтық акт. 
Заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлер – заңнамалық және сатысы бойынша өзге 
де жоғары тұрған нормативтiк құқықтық актiлердің негiзiнде және (немесе) оларды орындау үшін 
және (немесе) одан әрі іске асыру үшін шығарылатын, заңнамалық актілер болып табылмайтын 
өзге де нормативтiк құқықтық актiлер. 
Заңнамалық акт – Қазақстан Республикасының Конституциясына, конституциялық заңға, 
кодекске, шоғырландырылған заңға, заңға, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысына, 
Қазақстан Республикасының Парламент Сенаты мен Мәжiлiсiнің қаулыларына өзгерістер мен 
толықтырулар енгізетін заң. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет