Білім беру бағдарламасы: Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Құрастырушы: аға оқытушы, магистр Ерниязова С. Н. Орал, 2019 ж



Pdf көрінісі
бет12/60
Дата06.09.2022
өлшемі1,6 Mb.
#38535
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60
Байланысты:
5 (3)

№8дәріс
Дәріс тақырыбы«Мың кӛлеміндегі сандар» тақырыбының мазмұны және оны оқытудың әдістемесі.
Дәріс мазмұны: 
1. Мың кӛлеміндегі сандарды оқу, жазу, жіктеу.
2. Кӛп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру.
3. Разрядтар мен кластар. 
«Мыңдар» тақырыбын оқып-үйрену барысында оқушылар жаңа есептеу бірлігі - жүздікпен 
танысады және үшінші разряд бірлігі ұғымы енгізіледі. 1000-ға дейін санауды, оқуды, жазуды үйренеді. 
Үш таңбалы санның жазылу принципі әрбір цифрдің орындық мәнімен анықталады. Сондықтан 
оқушылар кез келген үш таңбалы сан бірліктен, ондықтан, жүздіктен жасалатынын игеру, санды 
разрядтық қосылығыштардың қосындыны түрінде кӛрсетіп жаза білулері керек. 
Осыған орай дайындық жұмысы түрліше жаттығулар орындаудан басталады. 
Кӛрнекікілік ретінде метрлік лента немесе рулетканы пайдалануға болады. Одан
1дм-10см 
1м-10дм 
1м-100см екеніне кӛз жеткізеді. 
Әрі қарай ұзындықтың ӛлшем бірліктерін түрлендіруге байланысты жаттығулар қарастырылады.
Бұл кезеңде оқушыларға «ондық», «жүздік» тақырыптары бойынша
«Кӛп таңбалы сандар» тақырыбын оқытып-үйрету барысында: 
1. 1 ден 1000000 – ға дейін санау, оқу, жазу, 
2. «мың» кӛлеміндегі сандардың нумерациясы тақырыбынан алған білімдерін, біліктерін, дағдыларын 
бекіту, 
3. кӛп таңбалы сандардың ондық құрамын меңгерту
4. Цифрлардың орындық мәнін бекіту, 
5. Сандардың натурал қатары жӛніндегі білімдерін жинақтау, 
6. Дерексіз және атулы сандарды түрлендіре білубілігін қалыптастыру жүзеге асырылады.
Оқушыларғаүйретілетін жаңа түсініктер: класс, 4,5,6 таңбалы сандар, бірлік мың, ондық мың, жүздік мың 
және т.б. 
Қолданылатын негізгі кӛрнекіліктер қатарына: кластар таблицасы, кеспе цифрлар, кӛп таңбалы сандар 
жазылған карточкалар, санды таңдау схемасы жазылған плакат және т.б. жатады.
Кӛп таңбалы сандарнумерациясын оқып-үйрену барысындаеліміздің дамуын, қол жеткен табыстарды 
сипаттайтын, сондай-ақ ӛмірден алынған сандық деректерді және т.б. пайдаланудың маңызы зор. 
Кӛп таңбалы санды оқу, жазу және салыстыру «класс», «разряд», «разрядтық сан», «кластық сан» сияқты 
ұғымдармен байланысты. 
Сандықтан кӛрнекілікке сүйене отырып, бірлік, ондық, жүздік – бірінші класты, яғни бірліктер класын 
құрайтынын, ал бірлік мыңдар, ондық мыңдар, жүздік мыңдар – екінші класты, яғни мыңдар класын 
құрайтынын ерекше атап ӛткен жӛн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет