Білім беру бағдарламасы: Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Құрастырушы: аға оқытушы, магистр Ерниязова С. Н. Орал, 2019 ж



Pdf көрінісі
бет15/60
Дата06.09.2022
өлшемі1,6 Mb.
#38535
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60
№11дәріс
Дәріс тақырыбы«Кӛбейту және бӛлу» тақырыбының мазмұны және оны оқытудың әдістемесі 
Дәріс мазмұны:
1. Кӛбейту және бӛлу амалдарының мән-мағынасы 
2. Кӛбейту және бӛлу амалдарының компоненттері мен нәтижелерінің атаулары
3. Кӛбейтудің дербес жағдайлары.
1. Кӛбейту және бӛлу амалдарының мән-мағынасы нақты заттарды, суреттерді кӛрнекілік ретінде 
пайдаланып, қосу және азайту амалдары арқылы ашылады, сондай-ақ сәйкес «+», «-» таңбалары сияқты «·», 
«:» таңбалары енгізіледі. Мысалы,
А) 3 заттан 2 жерге қою, содан кейін 2 топты біріктіру, сонда 3 заттан 2 рет алғанда 6 зат болатынына 
кӛз жеткізу. Яғни, 3+3=6. 3·2=6 
Б) 6 затты алып 3 заттан 2 жерге қою, сонда 6-ның ішінде 3 екі рет болатынына кӛз жеткізіледі. 6-3-
3=0 6:3=2 


В) 6 затты 3 жерге әр бӛлікте 2 заттан болатындай етіп қою, сонда 6-ның ішінде 2 саны 3 рет 
болатыны анықталады. 6-2-2-2=0 6:2=3 
Осы білімді тиянақтай түсу мақсатында қосуға берілген мысалдарды кӛбейтумен, ал азайтуға 
берілген мысалдарды бӛлумен және керісінше, кӛбейтуге берілген мысалдарды қосумен, бӛлуге берілген 
мысалдарды азайтумен алмастыру мүмкін болатындай жаттығулар қарастырылады. Бұл жерде кӛбейту және 
бӛлу кестелері қарастырылмағандықтан, олардың нәтижелері сәйкес қосу және азайту амалдары арқылы 
табылады.
Бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға берілген есептерге кері есептер құрастыру және шығару 
бӛлу амалының мән-мағынасын ашады. Мысалы, Дара затты кӛрсетіп, оны сатып алу үшін қанша ақша 
керек екендігі айтылады, яғни баға жайында қарапайым түсінік беріледі. Осындай затардың бірнешеуін 
сатып алу керек болса, барлық зат үшін қанша ақша тӛлеу керек екендігі кӛрнекіліктің кӛмегімен 
түсіндіріледі. Мәселен, 3 теңгеден 2 рет болса, онда 3+3=6. – есебі берілсе, онда 6 теңгеге 3 теңге тұратын 
неше зат сатып алуға болатыны немесе 6 теңгеге 2 зат сатып алынса, әр заттың неше теңге тұратыны
туралы кері есептерді шығарту арқылы бӛлу амалының мағынасы ашылады. Заттың құнын, бағасын және 
санын табумен байланысты есептер, сондай-ақ заттардың жалпы массасын, санын және бір заттың массасын 
табумен байланысты есептер ӛзара кері есептердің мысалдары болып табылады. Ӛзара кері есептерді 
қарастыру барысында кӛбейту мен бӛлу - ӛзара кері амалдар екені тағайындалады.
2. Сандарды және амал таңбаларын пайдаланып орындалған жазу - ӛрнек болып табылады. Амалды 
орындағанда шыққан нәтиже - ӛрнектің мәні деп аталады. 3·2=6 және 6:2=3 жазуларын пайдаланып
бірінші кӛбейткіш, екінші кӛбейткіш, кӛбейтінді, кӛбейтіндінің мәні, бӛлінгіш, бӛлгіш, бӛлінді, бӛліндінің 
мәні сияқты терминдер қосу және азайту амалдарын қарастырғанға ұқсан енгізіледі. Кӛбейтінді және бӛлінді 
нақты жағдайлардығы ӛрнектердің атаулары, кӛбейтіндінің мәні және бӛліндінің мәндері сәйкес 
жағдайлардағы ӛрнектер мәндерінің атаулары. «Кӛбейтінді» деп «·» таңбасы және сандарды, «бӛлінді» деп 
«:»таңбасы және сандарды пайдаланып орындаған жазуды айтады. 
3·2=6 ( 3-кӛбейткіш, 2- кӛбейткіш, 6- кӛбейтіндінің мәні, 3·2-кӛбейтінді) 
6:2=3 ( 6-бӛлінгіш, 2-бӛлгіш, 3- бӛліндінің мәні, 6:2 бӛлінді) 
3. Кӛбейту мен бӛлу амалдарының дербес жағдайлары – 1 және 0 сандары қатынасатын жағдайларда 
кӛбейту және бӛлу амалдарын орындау. Оны 3 топқа бӛліп қарастыру кӛзделеді.
А) Санды 1-ге және 0-ге кӛбейту нақты мысалдар арқылы бірден енгізіледі, яғни «кез-келген санды 1-
ге кӛбейткенде сол санның ӛзі шығады», ал «кез-келген санды 0-ге кӛбейткенде 0 шығады». 
Мысалы, Дәптер 6 теңге тұрады, егер оқушы осындай 3 дәптер сатып алса қанша теңге жұмсайды? 2 
дәптер сатып алса ше?, 1 дәптер сатып алса ше?, 0 дәптер сатып алса ше? 
6·3=18 
6·2=12 
6·1=6 
6·0=0 
Б) 1-ді және 0-ді санға кӛбейтудің мән-мағынасы кӛбейту амалының бірдей қосылғыштардың 
қосындысы болып табылатынын басшылыққа ала отырып ашылады.
1·2=1+1=2 
0·2=0+0=0
Осындай бірнеше мысал қарастырғаннан кейін «бірді кез-келген санға кӛбейткенде, сол санның ӛзі 
шығады» және «0-ді кез-келген санға кӛбейіткенде 0 шығады» деп қорытынды жасалады. 
В) Санды ӛзіне ӛзін бӛліп, 1-ді шығарып алу және санды 1-ге бӛліп, сол санның ӛзін шығарып алу, 0-
ді 0-ден ӛзгеше санға бӛліп, 0-ді шығарып алу кӛбейту және бӛлу амалдарының ӛзара кері амалдар екеніне 
негізделіп түсіндіріледі. 
2:2=1, ӛйткені 2·1=2
2:1=2, ӛйткені 1·2=2 
0:2=0, ӛйткені 2·0=0 
Санды 0-ге бӛлу жағдайының мүмкін емес екендігіне назар аударылады. Мысалы, 3:0 жағдайында
бӛліндіде қандай да бір сан шықты десек, оны 0-ге кӛбейткенде 3 шықпайды, 0 шығады. Сондықтан «кез-
келген санды 0-ге бӛлуге болмайды». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет