Білім беру бағдарламасы біліктіліктер: 21606 Техник-технолог 121604 Астықты өңдеу аппаратшысы


Басқа модульдермен қатынасы, модульді оқудың негізгі талаптары



бет33/42
Дата27.09.2023
өлшемі225,42 Kb.
#111073
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42
Байланысты:
38-Элеватор-ұн-тартатын-жармалық-және-құрама-жем-өндірісі-мамандығы-бойынша

7.5 Басқа модульдермен қатынасы, модульді оқудың негізгі талаптары

7-Модульге өтудің негізі болып 1-4 Модульдерін оқу кезінде алынған негізгі білім, 6-Модульдегі шикізат пен жартылай фабрикаттардыдайындау туралы және 5-Модульдегі мөлшерлеу әдістері туралы білімнің болуы табылады.


Мазмұны жағынан, сондай-ақ, жүйелеу жағынан, 5-8-Модульдері тар көлемді кәсіптік (мамандырылған) бағыттылығына ие. Осы модульдерді бөлек оқыту мүмкін емес, себебі олар бірыңғай дидактикалық блокты құрайды. Оқудың мақсаты оқушылардың құзыретін жүйелі түрде арттыру. Келесі 4 Модульдердің мақсаты оқушыларды өздерінің кәсіптік қызмет шегінде өздігінен міндеттерді жоспарлау, орындау және бағалауға үйрету.
Мамандандырылған модульдер ұн өнімдерін алуға қажетті дәнді дақылдардың қайта өңдеудің жүзеге асыруына және сапа параметрлерін қамтамасыз етуге, тексеруге арналған.
МОДУЛЬ



  1. ШИКІЗАТ, АРАЛЫҚ ЖӘНЕ СОҢҒЫ ӨНІМДЕРДІ БӨЛУ ЖӘНЕ АРАЛАСТЫРУ



8.1 Модуль мақсаты
Оқушылар шикізатты, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімді түрлі принциптер негізінде бөлуін негіздейді. Олар отырғызу және сұрыптайтын машиналардың әрекет ету принципі мен құрылымын зерттейді. Сонымен қатар, өнімнің себужәне електі машиналар арқылы өткенін сипаттайды және осы үдерісті сұлбалы түрде суреттей біледі.
Оқушылар жеке компоненттерге талдауды нәтижелерін көрсетеді, олардың негізінде қоспалардың қажетті қатынасын есептейді және өнімнің сапасына қойылатын талаптарға сәйкес шикізат, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдерді араластырады
Оқушылар бұлғауыштардың түрлі конструкцияларын салыстырады және бағалайды, құқықтық талаптарға сәйкес, сондай-ақ, бұлғауыштардың компоненттер мен конструкциялардың өзара әрекетінің сипатын ескере отырып, қоспаларды дайындау уақытын белгілейді.
Олар ұн тәрізді және түйіршіктелген компоненттерді сұйықтықпен араластырып, осы үдерісті негіздейді. Түрлі қоспалар туралы жалпы түсінік алады әрі олардың әсерін түсіндіре алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет