Білім беру бағдарламасы «Білім тобы» мамандықтарына арналған Құрастырғандар: Ергалиева Г. А. п.ғ. к., доцент


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет10/52
Дата02.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#131379
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
1.Педагогика әдіснамасының мәні неде?
2.Әдіснамалық білімнің деңгейлерін атаңыз, олардың педагогикадағы спецификасын көрсетіңіз?
3.Ғылымның әдіснамасы деген не?
4.Педагогика ғылымы - әдіснаманың іс-әрекеттің теориясы мен практикасын дамытудағы маңызы қандай?
1. Неліктен педагогиканың жаңа әдіснамасын жасау қажеттілігі туындайды?
2. Білім берудің гуманистік философиясының мәні неде?
3. Педагогикалық құбылыстарды зерттеуде аксиологиялық тұрғыны қолданудың спецификасы қандай?
4. Аксиологиялық принциптерді атаңыз, оларды педагогикада қолдануды көрсетіңіз.
Әдебиеттер:
Ахметова Г.К.; Исаева З.А. Педагогика: учебник для магистратуры
университетов. - Алматы: Қазақ университеті, 2006. - 328 с.
3. Бурлакова – Топорокова М.В., Столяренко Л.Д. Пелагогика и
психология высшей школы. – Ростов н/Д.: Феникс, 2002.
4. Пионова Р.С. Педагогика высшей школы. – Минск: Вышэйщая школа,
2005.
5. Алиетов Н.Ш., Арымбаева К.М. Педагогика: ғылыми-педагогикалық
бағытындағы мамандықтар магистранттары үшін оқу құралы.- Шымкент,
2014.
6. Тілеуова С.С. Жоғары мектеп педагогикасы. – Шымкент, 2003

3. Дәріс. Жоғары білімнің даму тарихы, мақсат міндеттері.


Мақсаты: Жоғары білімнің берудің даму кезеңдерін жүйелеу, мақсат-міндеттерін айқындау.
Тірек ұғымдар: ғылым мен технология, білікті маман.
Жоспары:

  1. Жоғары білімнің даму кезеңдері

  2. Жоғары мектеп педагогикасы пәнінің мәні неде

  3. Жоғары білім берудегі білікті мамандар даярлау

Дәріс мазмұны: Жоғары білімнің мынандай басты мақсаттары мен міндеттері бар:
- ол адам құқықтарын, демократия, бейбітшілікті нығайту мақсатында барлық адамдардың бүкіл өмір бойы дара дамуы мен әлеуметтік әрекетіне қажетті мүмкіндіктерді қамтамасыз етуі тиіс.
- ғылым мен технологияны дамыту жолымен қоғамның мәдени, әлеуметтік экономикалық дамуына сүбелі үлес қосу;
- өзі үшін жауап бере алатын жоғары білікті мамандарды, азаматтарды даярлауды бір мезгілде жүзеге асыру;
- тұтас алғанда қоғамның, оның ішінде білім жүйесінің дамуы мен жақсаруына үлес қосу.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасында «жоғары білім берудің мақсаты-қоғамның, мемлекеттің және тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру»-деп атап көрсетілген.
Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқытудың жаңа технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешуші кәсіби – педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаздар болмақ.
ҚР-ң жоғары педагогикалық білім тұжырымдамасында «Болашақ маман тек өз пәнін жетік меңгеріп қана қоймай педагогикалық процеске қатысушының әрқайсының орнын көре біліп, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыра білуі, оның нәтижелеріне көз жеткізіп, ауытқушылықтарын реттей білуі тиіс. Мұндай нәтижеге жету үшін жоғары оқу орындарындағы мұғалім даярлау сатылы түрде жеке тұлға ретінде қалыптастыру мақсатында жүргізілуі керек» деп атап көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет