Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
Тәрбие әдісі және тәсілі туралы түсінік.
Тәрбие әдістері, оларды жіктеу.
Тұлға санасын қалыптастыру әдістері, оларды қолдану ерекшеліктері.
Іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері, оларды қолдану ерекшеліктері.
Мінез-құлықты ынталандыру әдістері, оларды қолдану ерекшеліктері.
№ 11. Дәріс. Кредитттік оқыту жүйесінің басты ерекшелігі
Мақсаттары: кредиттік оқыту жүйесінің басты ерекшелігі туралы ақпарат беру.
Тірек ұғымдар: балл, семестр, GPA, кредит.
Жоспары:
Кредиттік технология.
Кредиттік ерекшеліктері мен басымдылықтары
Дәріс мазмұны:
Кредитттік оқыту жүйесінің басты ерекшелігі – қойылатын бағаның әділдігімен оның ашық, айқындығы, яғни студентке белгілі алын-ала ұсынылған бағалау шкаласы (көрсеткіш) арқылы өзінің білім сапасын өзіне бағалап отыруға мүмкіндіктің берілуі.
Қажет болған жағдайларда семестр көлемінде түзетулер енгізіп, көтеруге мүмкіндіктің берілуі, жастардың жеке тұлға болып қалыптасуына, білім сапасының артуына жол ашу.
Оқу бағдарламасында әрбір пән бойынша екі немесе үш кредитке бөлінген. Олардың әрбір кредит көлемінде атқаратын қызметті, міндеттеріде айқындалынған. Студенттер өздеріне жүктелінген міндеттерді уақытылы орындап, ұпай санын арттырып отырмаса, сол пән бойынша «жазғы семестрге» қалу, тіпті GPA төмен болған жағдайда курстан курсқа көшпей қалуы да қаупі бар.
Екінші жағынан бұрынғы жүйедегі секілді ұпай санын бір мезетте көтере де алмайды, яғнни әрбір кредит әлбір оқу күніне, сағатына тәуелді. Ал студенттің әрбір сабақтағы еңбек өтімділігі сол сабақ көлемдегі игерілуі қажетті материал мазмұны мен білім сапасына тәуелді. Демек бір сабақ көлемде бірнеше тақырыпты формальді түрде игеруге жол бермейді. Кредиттік оқыту жүйесінде студенттерге әрбір пән бойыншша бағдарламалық материалды игеруге қажетті әрбір кредитке – 45 сағаттық оқу жүктемесі бекітілген. Оның 15 сағаты міндетті түрде аудиториялық сабақ болса (дәріс немесе практикалық сабақ) 15 сағат студенттің оқытушының бақылауында орындайтын өзіндік жұмысына, 15 сағат студенттің өздігінен орындайтын жұмыстарына арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |