Білім беру бағдарламасы «Білім тобы» мамандықтарына арналған Құрастырғандар: Ергалиева Г. А. п.ғ. к., доцент


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет11/52
Дата02.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#131379
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   52
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Мына ұғымдарға анықтама беріңіз: педагогикалық процесс, педагогикалық жүйе, тәрбие, оқыту, білім беру, даму, қалыптасу.
2. Жоғары білім берудің мәні неде?
3. Білім берудің әлеуметтік мәні неде?
4. Жоғары мектеп педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы қандай формаларда өтеді?
5. Қазіргі жоғары педагогика ғылымының құрылымы қандай?
Әдебиеттер:
1. Ахметова Г.К.; Исаева З.А. Педагогика: учебник для магистратуры
университетов. - Алматы: Қазақ университеті, 2006. - 328 с.
2. Бурлакова – Топорокова М.В., Столяренко Л.Д. Пелагогика и
психология высшей школы. – Ростов н/Д.: Феникс, 2002.
3. Пионова Р.С. Педагогика высшей школы. – Минск: Вышэйщая школа,
2005.
4. Алиетов Н.Ш., Арымбаева К.М. Педагогика: ғылыми-педагогикалық
бағытындағы мамандықтар магистранттары үшін оқу құралы.- Шымкент,
2014.
5. Тілеуова С.С. Жоғары мектеп педагогикасы. – Шымкент, 2003

4. Дәріс. Педагогиканың дербес және тәжірибелік ғылымға айналуы.


Мақсаты: ҚР-дағы педагогикалық тәжірибелерге жалпы шолу, әлемдік тәжірибелерді ҚР-дағы тәжірибемен салыстыру.
Тірек ұғымдар: тәжірибе, гимназия, колледж, институт, кәсіптік білім беру.
Жоспары:

  1. Педагогиканы ғылым ретінде қарастыру.

  2. ҚР білім туралы заңы.

  3. Педагогикадағы тәжірибе.

Дәріс мазмұны: Білім беру жүйесіне анықтама. Еліміздегі халыққа білім беру жүйесінің тарихы. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы. 2. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері. 3. Орта білім беру жүйесі. Мектептің жаңа түрлері, гимназия, лицей. 4. Кәсіптік білім беру жүйесі. Кәсіптік мектеп, лицей, колледждер, институт, университет, академиялар. 1. Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму тарихы да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдық ерте дәуірінде-ақ (ҮІІ-ҮІП ғ.ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан белгілі. Қазақ қоғамындағы білім беру ісі "қазақтың тұңғыш ұстазы" ретінде танылған Ы.Алтынсарин есімімен тығыз байланысты. Қазақ даласында Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен идеялары бүгінде педагогика саласының ғылыми-зерттеу жұмысына айналды. Оның ағартушылық қызметі қазақ халқының рухани-саяси отарлау саясатының қысымшылығы қысып түрпиі кезеңге тұспа-тұс келді. Бұл саясатты тоқтатуға ағартушылардың жергілікті саяси күші болмады. Тек ұлттық білім беру жүйесін заман талабына сай, миссионерлік ағарту-оқу ісінің негізгі заңдылықтарын қабылдай отырып, Қазақстанда халық ағарту ісі жаңа жолға түсті. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады: 1) Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі: 2) Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық фиииологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі; 3) білім берудің зайырлы сипаты; 4) жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту; 5) білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқу мен тәрбиенің бірлігі; 6) білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы; 7) білім беруді басқарудық демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту; 8) білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты; 9) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы; 10) оқушыларды кәсіптік бағдарлау; 11) білім беру жүйесін ақпараттандыру; Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардық (бірлестіктердің) ұйымдық құғылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді. Білім беру ісін басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта болады. Республикада Білім және ғылым министрлігі оның төменгі атқарушы органдары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған "Білім туралы" Зақында тұңғыш рет гимназия мен лицейге түсінік беріліп,оның мәртебесі, құқықтық негізі айқындалды. Гимназия - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны. Лицей - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны. Лицейлердің ең басты ерекшелігі - ақыл-ой (интеллектуалдық) қабілеттері жоғары жастарды топтап оқытып, оларды жоғары оқу орындарына даярлайтын бірыңғай элитарлық мектеп болуында. Лицейге жастарды қабылдау ең алдымен олардың табиғи мүмкіндіктерін, интеллектуалдық ерекшеліктерін айқындау негізінде жүргізіледі, кейін де бала дамуын қадағалай отырып, бірнеше іріктеу сатыларынан өткізеді. мы развития психикиМ., 1981 стр 410-435


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет