Білім беру бағдарламасы «Білім тобы» мамандықтарына арналған Құрастырғандар: Ергалиева Г. А. п.ғ. к., доцент



бет38/52
Дата02.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#131379
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   52
Байланысты:
ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫ

Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері.
Бақылау жұмысы. Берілген сұрақтарға жазбаша түсініктерін жазу.
Презентация стратегиясы: «Презентация» стратегиясында студенттер топтарға бөліне отырып, өздеріне бөлінген, не берілген сұрақтарға байланысты тақтаға немесе плакатқа сурет, кесте т.б. құрастырып, оны қорғайды. Бұл жұмысты орындауға және әрбір топтың қорғауына белгілі уақыт беріледі. Студенттер өз жұмыстарын орындау кезінде оқытушы әрбір топтың жұмыстарын қадағалап, кеңес беруі тиіс. Әрбір топ өз жұмыстарын қорғаған соң басқа студенттердің сұрақ қоюларына құқығы бар. Бұл әдіс студенттердің ойлау, қиялының дамуына, материалдың есте берік сақталуына ерекше ықпалын тигізеді.
Аквариум” – балаларға мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық студенттер көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды.
Коллоквиум: Мұғалім және студент арасында сұрақ және жауап түрінде өткізіледі. Әр студентке 10 сұрақтан қойылады, студент қойылған сұраққа уақыт ұтуы үшін тез жауап беруі керек. 1 сұраққа 1 мин уақыт беріледі.
1 ОЖМӨЖ мазмұны:
1.«Педагогика» ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама беріңіз.
2.Жоғары ғылыми педагогикалық білімнің тұрмыстық білімнен қандай айырмашылығы бар?
3.Педагогиканы ғылым және өнер деп таниды. Сіз қалай түсінер едіңіз?
4.Ғылымның обьектісі және пәні дегеніміз не?
Тапсырма №1 Педагогика ғылымындағы жоғары педагогикалық білім туралы мәлімет.
Әдістемелік нұсқау: Педагогикалық оқулықтарда жоғары педагогикалық білім берудің дамуындағы негізгі тенденцияларына салыстырмалы талдау жүргізу, конспект жазу.
Бағалау критерилері
1.Алынған ақырыпты толық мәлімдеу
2.Салыстырмалы талдау
3.Жаңа әдебиеттерді қолдану
4.Ұғымдарға үш тілде түсініктеме беру
5.Талқылауға белсенді қатысу
6.Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес,әдіс-тәсілдерді қолдана білу

2 ОЖМӨЖ мазмұны:


1. Педагогикалық негізгі ұғымдар.
2. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы қандай формаларда өтеді?
3. Жоғары мектеп педагогикасы ғылымының құрылымы қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет