Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: Тапаева Ж. Т. оқытушы, магистр



бет17/50
Дата21.10.2023
өлшемі3,91 Mb.
#120471
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50
Өзін – өзі бақылау сұрақтары:
1. «Жүйе», «педагогикалық жүйе», «синергетика» түсініктеріне сипаттама беріңіз.
2. Ж.А.Қараев пен Ж.У.Кобдикованың зерттеулеріне сүйене отырып, педагогикалық жүйенің мағынасын ашып көрсетіңіз.
3.Басқару стильдерін атап, әрқайсысына мысал келтіріңіз

13-14 дәрістің тақырыбы: Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау
Дәріс мазмұны:
1.Педагогикалық диагностика, міндеттері.
2.Мектепiшiлiк бақылау, оның мақсаты мен міндеттері
3.Мектепiшiлiк бақылаудың құрылымы, түрлерi және әдiстерi
«Диагностика» ұғымының мәні. «Педагогикалық диагностика» түсінігі. Тұтас педагогикалық процесс (ТПП) диагностикасы. Педагогикалық диагностика соңғы уақытта іс-әрекет нысаны және мұғалімді басқару принципiн қарастырып келеді. «Педагогикалық диагностика» ұғымын 1968 жылы бір ғылыми жоба аясында медициналық және психологиялық диагностикамен ұқсата отырып К.Ингенкамп ұсынды. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде құрылым, функция, міндеттер және педагогикалық диагностика бағыттары анықталады (Б.С.Кобзарь, Л.И.Катаева, Е.А.Берулова, Б.П.Макарова, Б.П.Битинас, В.П.Симонов және т.б.).
Б.П.Битинас педагогикалық процесс жағдайының оңтайлы жинақталған көрсеткіштерін айқындайтын ғылыми бағыттағы педагогикалық диагностиканың негізгі міндеттерін анықтады. Педагогикалық диагностика – сипаттама үшін аса қажет білім мен ісәрекеттің жиынтығы және педагогикалық процесс жағдайы себеп-салдарын анықтау, мақсаттар арасындағы қарама-қайшылықты және «педагог-оқушы» жүйесі мүмкіндіктерін анықтау (В.К. Омарова). Білім беру қызметі – білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс. Дәстүрлі білім мен қабілеттілікті тексеруге қарағанда, диагностикаға кең әрі терең мағына енеді. Тексеру нәтижелерді тек атап кетеді, оның қайдан пайда болғанын түсіндірмейді. Диагностикалау қорытындының қай жолмен, қандай нұсқалармен байланысты екенін қарап, оқыту құрылымының серпімділігін, процестердің басын ашады. Диагностикалаудың ішіне бақылау, тексеріс, бағалау, статистикалық мағлұматтардың жиынтығы, оның талдауы, серпімділігі, жағдайдың әрі қарай дамуын болжау кіреді. Осылай, педагогикалық диагностиканың үндеуі біріншіден, жеке оқыту процесін оңтайландыру; екіншіден, қоғам мүдделерін сақтай отыра оқытудың нәтижелерін дұрыс анықтау, үшіншіден, осы критерийлерді қолдана отырып, тәрбиеленушілердіәртүрлі курстарға жіберу.
Педагогикалық диагностика – педагогикалық ғылымның бір саласы, сонымен қатар, практикалық педагогиканың негізгі формасы болып табылады. Педагогикалық диагностиканың зерттеу объектісі педагогикалық процесс болып табылады. Педагогикалық диагностикалау педагогикалық процестегі өзгерістерді оқушы бойындағы өзгерістермен байланыстыра болжайды.
Педагогикалық қызметте бақылау функциясының маңызы зор. «Бақылау басқарушы циклдің барлық функцияларымен тығыз байланысты, бұл байланыс педагогикалық талдау функциясымен айқын көрінеді, себебі мектепішілік бақылау барысында алынған ақпарат педагогикалық талдаудың өзегі болады. Бақылау мол, жүйеге келтірілген ақпарат беріп, қойылған мақсат пен алынған нəтиже арасындағы айырмашылықты көрсетеді, ал педагогикалық талдау осы айырмашылықтар мен бұрмалаушылықтардың себептерін, жағдайларын анықтауға бағытталған. Бақылау үдерісі барысында алынған нақты материал педагогикалық талдауға тартылатынын еске саламыз. Бұл жағдай мектепішілік бақылау мен педагогикалық талдаудың мазмұны мектеп қызметінің бір бағыттарын құрайтынын дəлелдейді» . Білім беру мекемесінің қызметін бақылау білім беру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған күрделі, көп қырлы, иерархиялық ұйымдасқан жүйе болып табылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» (2007 ж.) заңының «Білім беру сапасын басқару» 55-бабында «білім беру сапасын басқару білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған жəне ол білім беру сапасын, білім беруді қаржыландыруға бөлінетін құралдарды тиімді пайдалануды бағалау жəне білім беру жүйесінің қызметінің жалпы тиімділігін бағалаудың бірыңғай ұлттық жүйесін құрайды» деп көрсетілген . Сондай-ақ мұнда «білім беру сапасын сырттай бағалауға лицензия беру рəсімдері, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау, білім беру ұйымдарын аккредиттеу, бірыңғай ұлттық тест өткізу, аралық мемлекеттік бақылау, сондай-ақ барлық түрдегі білім беру ұйымдарын саралау рəсімдері мен техникалық жəне кəсіби, орта білім беруден кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын тұлғаларға біліктілік беру рəсімдері кіреді. Білім беру сапасын іштей бағалауға сапа менеджменті жүйесі, білім беру ұйымдарының барлық қызмет түрлеріндегі өзін-өзі бағалаудың түрлі рəсімдері, үлгерімді ағымдағы бақылау, оқушылардың білімдік жетістіктерін бағалау енеді» делінген . Білім беру сапасын сырттай жəне іштей бағалауды кешенді пайдалану, бағалауға білім беру мекемесінің өзі, түрлі уəкілетті органдардың қатысуы, оны үздіксіздік, жүйелілік жəне т.б. ұстанымдары негізінде өткізу білім беру мониторингін енгізумен тығыз байланысты. Бұл мəселе одан əрі сəйкес бөлімде қарастырылады. Ал мұнда білім берудің жеке ұйымын басқаруда бақылау қалай жүргізілетініне тоқталайық. Т. И. Шамова шығарған мектепішілк бақылау түрлері мен нысандарының жіктелімін қарастырайық. Ауқымдарына (қамту ауқымына) байланысты құрған жіктелімнің бірінші деңгейінде бақылаудың екі түрі бар: тақырыптық жəне тұтас. Бақылау нысанының белгісі бойынша, яғни ол не нəрсеге бағытталуына қарай мыналарды бөлуге болады: – жеке бақылау, ол жеке педагогтың жұмысын талдау жəне жұмысын бағалау үшін пайдаланылады; – сыныптық-жалпылауыш бақылау, ол оқу əрекетінің табыстылығын жəне/немесе жеке сыныпты тəрбиелеу үдерісін зерттеуге бағытталған. Мұнда осы сыныпта сабақ жүргізетін барлық пəн педагогтарының жұмысы да бақылау пəні болады; – пəндік-жалпылауыш бақылау жеке пəнді оқыту сапасын зерттеуге бағытталған. Бақылаудың бұл түрі бір сыныптағы, сыныптар параллеліндегі, бүкіл мектептегі пəнді оқытуды қамтуы мүмкін; – тақырыптық-жалпылауыш (тақырыптық) бақылау əртүрлі мұғалімдердің, əртүрлі пəндер бойынша, əртүрлі сыныптардағы жұмысын зерттеуі мүмкін. Мұндағы біріктіруші жағдай – өз шешімін табуы қажет болатын қандай да болсын өзекті тақырып (мəселе). Мысалы, оқушылардың қабілеттерін дамыту, мектеп оқушыларының танымдық уəждемелерін қалыптастыру, олардың өкілеттіктерін қалыптастыру жəне т.с.с. – кешендік-жалпылауыш бақылау бір немесе бірнеше сыныпта оқу пəндерінің бірқатарын зерттеудің тиімділігін талдаумен байланысты болуы мүмкін. Бақылаудың осы түрлер тобын бөлуге Т. И. Шамова пайдаланатын белгі де жүзеге асыру ауқымымен байланысты сияқты. Бақылау нысаны бойынша мектепте бағалауға бағытталған бақылаудың келесі түрлерін бөліп көрсету қисынды болар еді:
– жаппай білім беру заңын орындау;
– пəндерді оқыту жағдайы;
– бейінді даярлау алдындағы жəне бейінді оқыту ұйымдары; – оқушылардың кəсіптік бағдарлануы;
– оқушылардың тəрбиелік жəне даму деңгейі;
– мектеп құжаттамасын жүргізу;
– əдістемелік жұмыс;
– тəжірибе-эксперименттік/ғылыми-зерттеу жұмыстар;
– педагогикалық кадрлармен жұмыс, олардың кəсіпқойлығын жетілдіру жəне т.б. Пайдалану мерзімі бойынша бақылау ағымдағы, аралық (шекаралық), қорытынды болуы мүмкін. Білім беру ұйымының ішінде бақылауды осы ұйым басшысы, оның орынбасарлары, тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшылары жүзеге асырады. Мектепте жəне ТжКБ мекемелерінде бұл – директор, олардың орынбасарлары, мектеп əдістемелік бірлестіктерінің жетекшілері, пəндік-цикл комиссияларының төрағалары. Жоғары оқу мекемелерінде – ректор, проректорлар, декандар, кафедра меңгерушілері жəне т.б. директорлардың, мектеп оқу ісінің меңгерушілерінің, ƏБ мен ПЦК жетекшілерінің, жоғары оқу орындарының кафедра меңгерушілерінің функцияларына педагогтар жүргізетін сабақтарға қатысу, одан кейін алған ақпаратты талдау жəне ұсыныстар əзірлеу де енеді. Басшының неше сабаққа қатысуға тиіс екендігіне қатысты қатал сандық нормативтер мұнда орынсыз. Бұл айтарлықтай мөлшерде білім беру мекемесінің мақсаттарына, педагогтар санына, олардың кəсіпқойлық деңгейіне, білім беру үдерісінің сапасына жəне т.б. байланысты. Ұзақ уақыт бойы оқу-тəрбие үдерісінің жоғары сапасын көрсететін, педагогикалық тəжірибесі мен кəсіпқойлықтың жоғары деңгейі бар педагогтар басқаша айтқанда, өзін-өзі бақылауға алуы мүмкін. Бұл 86 педагогтардың біліктілігі сондай, олар өздерінің кəсіптік қызметінде кемшіліктерді өздері анықтап қана қоймай, сонымен қатар туындаған мəселелерді шешу жолдарын да өздері таба алады. Бұдан басқа, тəжірибе көрсеткендей, өзін-өзі бақылауға ауыстыру педагогтың жауапкершілігін, өзіне деген талап қою деңгейін, кəсіптік қызмет сапасына деген талаптарын арттырады. Г. Б. Скок педагогтың өзін-өзі бағалау мен қызметі туралы ақпараттың басқа дереккөздерімен үйлесу қажеттілігін ашып көрсетеді, бұл дамыған педагогикалық рефлексияны дəлелдейді. Атап айтқанда, ол педагогке өз қызметінде педагог қол жеткізген соңғы нəтижеге; ол əзірлеген жəне енгізген əдістемелерге; оқушылар мен олардың ата-аналарының пікірлеріне; əкімшілік пікірі сияқты аспектілерге көңіл аударуды ұсынады Бақылаудың тиімді түрі, сондай-ақ жақын бағыттарда жұмыс істейтін педагогтар (бір оқу пəнін жүргізетін, тəжірибелік-эксперименттік жұмыстың сабақтас тақырыптарымен жұмыс атқаратын жəне т.с.с.) жүзеге асыратын өзара бақылау да тиімді болып табылады. Мектепішілік бақылауды жүзеге асыру барысында пайдаланылатын əдістердің ауқымы өте кең: бұл психологиялық диагностика əдістері, педагогикалық жəне əлеуметтік зерттеу əдістері, оқыту жəне тəрбиелеу үдерісін дəстүрлі бақылау əдістері. Сол сияқты, білім беру тəжірибесінде мектеп құжаттамасын, оқушылар əрекетінің өнімдерін зерттеу, байқау, ауызша жəне жазбаша сұрау əдістері (əңгімелесу, сауалнама), ауызша жəне жазбаша бақылаудың түрлі əдістері. Бұл əдістерді пайдалану максималды дұрыс жəне объективті ақпарат алуды кепілдік ететіндей ұйымдастырылуы тиіс, мысалы, əдістер жүйе ішінде, кешенді түрде пайдалануы тиіс, бақылаудың мақсаттары мен міндеттерін, бақылау жүргізілетін межелер мен көрсеткіштерді анық айқындау қажет. Аттестаттау бақылаудың маңызды құралы болып табылады. Оқушыға қатысты қарастырғанда, ол – оның алған білімінің деңгейін анықтайтын қорытынды рəсім. Педагог қызметкерді аттестаттау – ол қызметкердің біліктілік деңгейінің талапқа сəйкестігін анықтауға бағытталған. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінің аттестаттауы жүргізіледі, оның барысында олармен ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасы, іс-əрекеттерінің барлық жақтары сапасының ішкі жəне сыртқы аудиті іске асырылады. Аттестаттау ең алдымен сыртқы бақылау құралы болатынын айта кету қажет. Мектепішілік бақылаудың қазіргі тəжірибесіне кейбір кемшіліктер тəн. «Біріншіден, директор жəне оның орынбасарлары арасында бақылау нысандарын бөлу болмаған кезде, бақылау тек есеп үшін ғана жəне тексерілген сабақтардың санын жинау үшін ғана ұйымдастырылған жағдайда бақылау жүйесінің жоқтығын көрсетеді. Екіншіден, бұл бақылауды ұйымдастырудағы формализм, онда анық қойылған мақсат жоқ..., бағалаудың объективті межелері жоқ немесе олар пайдаланылмайды. Үшіншіден, белгілі бір тарапты бақылау, педагогикалық үдерістің бір бағдарын бақылау деп танитын мектепішілік бақылаудың біржақтылығы. ... Төртіншіден, бақылауда тəжірибелі мұғалімдер, əдіскерлердің қатысуынсыз тек лауазымдық тұлғалардың қатысуы немесе, керісінше, əкімшілік өкілдерінің аз қатысуы» . Бұл кемшіліктер оқушының білім алу барысын бақылауда да орын алады. Бақылауды тек қорқыту құралы ретінде ғана қарастыруға болмайды, тіпті кемшіліктер анықталған жағдайда басшы тарапынан педагогке, мұғалім тарапынан оқушыға қатысты жазалау емес, осы сəйкессіздіктердің пайда болуына себепкер болған себептерді анықтау жəне оларды жоюға бағытталған шаралар қабылдануы тиіс. Бақылау, əсіресе, оны басқа адам (басшы, əріптес жəне басқалары) жүргізгенде, шиелініс сипатында болуы мүмкін, сондықтан оны ойластырып ұйымдастыру қажет. Бақылау бүкіл педагогикалық ұжымға жəне жеке педагогтарға түсінікті мақсаттарда, іс-əрекеті тексерілетін адамдарға жеткізілген межелерде негізделуге тиіс. Бақылау үдерістеріне жұмылдырылған барлық білім субъектілері бақылаудың бірінші кезекте көмек көрсетуге, проблемаларды анықтауға жəне шешуіне бағытталғанына сенімді болу керек. Осының нəтижесінде бақылауға басқару функциясы ретінде бірқатар талаптар қойылуы мүмкін: – бақылаудың басқа функцияларымен тығыз өзара байланыс (жоспарлау, ұйымдастыру, уəждеме); – педагогикалық қызметті, білім беру сапасын жетілдіруге бағытталуы; – бақылаудың барлық кезеңдерінің жариялығы; – бақылау субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін құрметтеу; – педагогтарды бақылау құралдарын жобалауға, оны жүзеге асыруға жəне қорытынды шығаруға тарту; – бақылау-бағалау рəсімдерін үнемі жетілдіру жəне т.б. Бақылау функциясының өзіндік өзегі – білім беру мекемесінің бұрынғы уақыт мерзіміндегі қызметі туралы деректерді анықтап, талдау, бұл өз кезегінде, болжалдық көрсеткіштер мен одан əрі жұмысты жоспарлауға негіз болады. Бұл аспектіде бақылау басқарудың қосымша функциясы – ақпарат функциясымен тығыз байланысады. Ақпарат жинауды ұйымдастыра отырып, алдын ала қандай деректер бүкіл мекеме жұмысын, жеке құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлер жұмысын басқаруда ең маңызды болып табылатын аспектіде сипаттайтын деректерді анықтау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет