Байланысты: Білім берудегі менеджмент новый силлабус Тапаева
Екінші санатты мұғалім – 1-2 жылдық жұмыс өтілімі бар, сабақтың жоғары сапасын беретін, пәндік үйірмелер мен факультативтер жүргізетін мұғалімдер. Сынып жетекшісі болып атқаратын сыныпта пәндері және пайдалы істері бойынша жоғары көрсеткіштерінің болуы. Сонымен қатар өзінің біліктілігін жоғарылатуда жүйелі қызмет етіп, ата-аналармен жақсы жұмыс жасайды.
Бірінші санатты мұғалім – екінші білікті категориясы бар, біліктілігін арттыру курсын табысты аяқтаған, 1-2 оқушы түлектерінің болуы (бастауыш, 9 немесе 11 сынып түлектері). Оқушылар жоғары білім деңгейін көрсетеді. Сынып жетекшісі ретінде көптеген жұмыстар атқарады және мектепте сол сынып жоғары орындардың бірін алады, бұл оқушылар жоғары тәртіптілік деңгейімен сипатталады. Сонымен қатар мұнда ата-аналардың пікірі де ескеріледі.
Жоғары санатты мұғалім – бірінші білікті категориясы бар, біліктілігін арттыру курсын табысты аяқтаған. Жас және тәжірибесі аз мұғалімдерге көмек береді. Жұмыс әдіс-тәсілдерін өңдейді және оларды жетілдіреді. Педагогикалық форумдарға қатысып, баяндама жасайды, баспаға мақалалар шығарады.
Кез-келген саладағы басқарушы қызметкер өндірушілердің үздіксіз қызмет көрсетуі мен олардың игіліктері үшін мүмкіндіктер мен белгілі бір шарттарды құруды қамтамасыз етеді. Егер басқарушы мұндай шарттарды құруға қатыспаса, онда ол міндетті түрде қызметінен босатылуы тиіс.
Жалпы менеджердің кәсіби қызметіндегі еңбегін бағалау үшін келесі көрсеткіштерге назар аударылады:
1) басқару дағдысының болуы: жоспарлау, реттеу, қажетті жағдайда стандартты емес шешімдер қабылдау, әкімшілік ету, ресурстарды дұрыс қол-дану;
2) қызметкерлерді басқару дағдысының болуы: қол астындағыларды оқыту, қызметті бақылау, қызметкерлерді ынталандыру, реттеуді күшейту;
3) жеке бейімделу деңгейі: табандылық, қайсарлық, мақсаттың жолын ұстау, жаңаға қатынасы, біліктілігін жоғарылату;
4) жұмыс істеу сапасы: тәртіптілік, бақылаудың қажеттілігі, нәтижесінің тиімділігі.
Менеджер қызметін аттестациялау көрсеткіштеріне келесілер жатады:
1) білімі: жалпы дайындық деңгейі, арнайы дайындық деңгейі, аралас сұрақтарды білуі, жан-жақтылығы;
2) жеке қасиеттері: шындық, адалдық, денсаулығы, сыртқы түрі;
3) қабілеттері: ұйымдастыру, шығармашылық, басқару;
4) қарым-қатынас жасау қабілеттігі: тіл табыса алуы, сөйлеу мәдениеті, психологиялық тұрақтылығы, ақыл-ойының икемділігі;
5) жұмыс тәжірибесі: еңбек өтілімі, қызметінде алға жылжуы, қызметке сәйкестігі;
6) талпынысы: жеке талпынысы, жұмыс істеуге деген ынтасының болуы, болашаққа ұмтылуы.
3. Мектептегі әдістемелік жұмыс педагогикалық мәдениетті көтерудің бірден-бір шарты болып табылады. Мұғалім әдістемелік жұмыстың қандай түрін таңдаса да, соңғы нәтижеде оның тиімділігі мұғалімнің өз бетінше білімін көтеруге байланысты болады. Сондықтан да үздіксіз білім беру процесін жоңары оқу орны – мұғалімдер білімін жетілдіру институты – семинар, курс, практикум және т.б. оқу түрлерімен шектеуге болмайды, оған осы оқу түрлерінің арасындағы тынымсыз ой еңбегін де жеткізу керек. Ересек адамның өз білімін көтеруі бойынша даралығымен ерекшеленеді, содан да мұғалімнің өз білімін көтеру жұмысына тәжірибелі әріптесі, беделді мектеп басшысы тарапынан тиянақты көмек қажет.
Біліктілікті арттыру– базалы мамандықтар аумағындағы кәсіптік білім мен тәжірибелік білімді жаңарту және тереңдетуге мақсатты түрде бағытталған процесс. Мұғалімнің өзінің педагогикалық білімін көтеру оның өз бетінше педагогикалық құндылықтар, технология, шығармашылық тәжірибелерді игеруі қарастырылады. Оның мазмұны психологиялық-педагогикалық пен арнайы білімдердің, педагогикалық жұмысты ғылыми ұйымдастырудың негіздерінен тұрады және ол жалпы педагогикалық мәдениетті қамтиды.
Мұғалімге өз білімін көтеру жұмыстарын ұйымдастыруға нақты көмек көрсету үшін оның кәсіптік қызметіндегі сұраныстарын, қажеттілігі мен жеке қызығушылықтарын ескеру қажет. Мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс мұғалімдердің жеке қажеттілігін ескеріп, жоспарластырылғанда мұғалім ұжымдық оқу түріне тартыла отырып, өзін қызықтырған сұрақтарға жауап таба алады.
Мектеп директоры және оқу ісінің меңгерушісі әдістемелік жұмысты ұйымдастырғанда өз мектебі педагогтарының алдындағы қиындықтарға баса назар аударады. Әркімге қатысты мәселелерді бірлесе талқылау мұғалімнің өз білімін көтеру әрекетіне ықпал жасайды. Сондықтан да директордық, оқу ісі меңгерушісінің өз білімін көтеруді ынталандыруы және оған басшылық жасауы негізінен жанама сипат алады.
Өздігінен білім көтеру ауқымды мәселелерді қамтиды. Әйтсе де, педагогикалық өз білімін көтеру мұғалімнің педагогикалық оқу орнында оқымаған, бірақ қазіргі уақытта мектеп үшін өзекті мәселелерге бағытталуы тиіс. Осындай мәселелердің қатарында педагогикалық қатынас, оқуды дербестендіру және жіктеу, дамыта оқыту, лицей, гимназия, колледж сияқты жаңа типті оқу орнында оқыту ерекшеліктерін атауға болады. Мәселелер топтамасының арасында оқушылардың ғылыми көзқарасын, оның рухани мәдениетін, азаматтық тәрбиесін қалыптастыруды атауға болады.
Әрбір мұғалімнің өздігінен білімін көтеруі ой еңбегінің техникасын білу, ақыл-ой әрекетінің дербес ерекшеліктерін ескеру негізінде құрылады. Мұғалімнің өздігінен білімін көтеруі оның бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, дербес жұмыс жоспар құрып, оны іске асра алуына тікелей байланысты.
Сонымен, мұғалімнің кәсіби даярлығы оқу орны қабырғасымен шектеліп қана қоймайды, ол оның кәсіби қызметі бойында жалғасып отыратыны анықталды.