49
Функционалды мотивтер
– іс-әрекетпен бірге жүреді, бірақ соңғы нәтиже көрінбейді
(мысалы, қарым-қатынас мотиві). Бұл мотив соңғы нәтижемен емес, іс-әрекет барысында
қанағаттандырылады
Нормативті мотивтер
– кедергі болатын мотивтер. Ол іс-әрекетті ұйымдастыра
отырып, оны белгілі шектеулерге бағындырады. Бұған адамгершілік немесе құқықтық
мотивтер жатады.
5.
Жалпылау деңгейі
бойынша
жалпыланған
және
нақты
мотивтер болады.
Жалпыланған мотивтер өз ықпалын іс-әрекет түрлеріне тигізеді.
Нақты мотивтер жеке әрекет-қылықтың құрамдас бөлігі.
6.Саналылық деңгейі бойынша
саналы түрде қабылданатын
және
саналы түрде
қабылданбайтын
мотивтер.
Саналы түрде қабылданбайтын мотивтер әрекет жасаушы адамның санасында айқын
көрініс береді. Кей жағдайда адам өзін әрекет жасауға итермелейтін мотивтерді толық
сезіне бермейді, бұл саналы қабылданбайтын мотивтер.
Г.Розенфельд
мотивацияның үш аспектісін қарастырады:
құндылық,
мақсаттылық
және
бағыттылық
. Құндылық аспектісінде автор мотивтердің топтарын көрсетеді:
1. Оқу қуаныш сезімі ретінде.
2. Оқу жеке бас пайдасына ие болу ретінде (материалдық пайда).
3. Оқу әлеуметтік статусқа ие болу, сәтсіздіктен қашу ретінде.
4. Оқу әлеуметтік идентификация (негізінде достарының әсері және басқаларға еліктеу).
5. Күштеудің, күш көрсетудің салдарынан оқу.
6. Жауапкершілік сезімінен оқу.
7. Өмірлік тәжірибенің маңыздылығын түсіну негізінде оқу (мамандық, өмірлік мақсат).
8. Қоғамдық қажеттіліктер негізінде (қоғамдық нормалар, принциптермен теңестіру) оқу.
Достарыңызбен бөлісу: