Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша



Pdf көрінісі
бет20/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   161
Байланысты:
Пед псих

Дарынды балалар
– 
жалпы және арнайы дарындылығын 
(музыкаға, сурет салуға, техникаға және т.б.) байқатқан балалар.
Қайта тәрбиелеу 
– баланың қоғам нормалары мен талаптарына сай 
қайшы келетін кейбір теріс пиғылдары және жат қылықтарын 
түзетуге бағытталған педагогикалық ықпал ету жүйесі. 
Қайта тәрбиелеудің алгоритмі 
тәрбиешінің алдына қойған 
жоспарланған мақсаты мен міндеттерінің біртіндеп, жүйелі түрде 
тәрбиеленушіге ықпал етуі. 
«Мен» тұжырымдамасы 

әркімнің өзін басқалардан ажырата 
алуынан көрінетін, өзінің жеке тұлға екенін білдіретін ұғым. Мендік 
қасиет іс-әрекет пен адамның айналамен қарым – қатынас жасауы 
барысында қалыптасады. Адамның өз «Менін» айыра алуы – тұлғалық 
қасиеттің өзекті белгісі. «Мен» тұжырымдамасы – адамның өзі туралы 
түсініктерінің жүйесі; ол басқа адамдармен өзара әрекеттестігін осы 
жүйеге негіздеп құрады және өзіне-өзі сол тұрғыдан қарайды.
Меңгеру, игеру 
– үш ерікті және ерікті кезеңіне ие таным нысаны. 
Түсіну, есте сақтау, тәжірибеде пайдалану мүмкіндігі. Меңгеру, 
игеру - өткен ұрпақтың жинақтаған тәжірибесін (білім, дағды, икем, 
т.б.), тәсілдері мен әдіс-амалдарын адамның өз игілігіне 
айналдыруы. Меңгеру процесі адамның туғаннан бүкіл өмір бойғы 
психикасының дамуының негізі болып табылады. Бұл адамдардың 
бір-бірімен қарым-қатынасы мен ойын, оқу, еңбек әрекеттері 
барысында жүзеге асады. Ілім-білімді тұрақты меңгеру үшін, қай 
кезде болса да, адамның өзіндік белсенділігі аса қажет.


Мінез-құлық мәдениеті 
– адамшылық қарым-қатынастың негізгі 
талаптары мен ережелерін сақтау, айналасындағылармен дұрыс 
қарым-қатынас құра білу. Адамның жүріс-тұрыс, іс-әрекетінің 
жиынтық көрінісі мінез-құлық ерекшелігін айқындайды. Мінез-
құлықты ерекшеліктер моральдық категорияға жатады. Ол – 
адамның қоғамдағы мінез-құлқын реттеу қызметін атқаратын 
әлеуметтік институт, қоғам түгелдей мақұлдаған заңды талаптардың 
орындалу 
барысымен 
анықталады. 
Құқықтың 
моральдан 
айырмашы-лығы: біріншіден, қоғам мойындаған адамгершілік 
талаптарын әр адамның орындауын барлық қоғам мүшелерінің 
қадағалауына байланысты, екіншіден, мораль талаптарын орындау 
тек рухани әсер ету формаларымен (қоғамдық баға беру, 
көрсетілген мінез-құлық ережелерінің орындалуын мақұлдау немесе 
айыптау) өлшенеді. Мінез-құлық мәдениеті адамның өскен ортасына, 
адамдармен күнделікті қарым-қатынасына, білім өресіне, көрген –
түйгеннен алған үлгі -өнегесіне байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет