Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша



Pdf көрінісі
бет48/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   161
 
«
Педагогикалық психология 
белгілі даму кезеңдеріне сәйкес қоғамда қалыптасқан іс-
әрекет тәсілдерін меңгеру заңдылықтарын зерттейді. Сонымен қатар ол үйрету процесі 
мен даму процесі арасында байланыс орнатып, қандай жағдайда үйрету даму 
мүмкіндіктерін тудыратындығын анықтайды»
 
(
Т.В.Габай
).
 
 
«Педагогикалық психология 
оқыту мен тәрбиелеу жағдайындағы адамның даму 
заңдылықтарын зерттейді»
 
(
Л.И.Божович
).
 
«Әлеуметтік-мәдени тәжірибені адам тарапынан игеру фактілері, механизмдері, 
заңдылықтары және осыдан туындаған оқу әрекеті субъектісі ретінде адамның 
интеллектуалдық және жеке тұлғалық даму деңгейіндегі өзгерістерді меңгеру, білім беру 
процесінің әр түрлі жағдайда ұйымдастырылуы 
педагогикалық психологияның
пәні болып 
табылады»
 
(
И.А.Зимняя
). 
«
Педагогикалық психологияның
пәні – білім алушы, тәрбиелену-ші сондай-ақ, осы оқыту 
мен тәрбие процестерін ұйымдастырушылар (педагог, тәрбиеші) тарапынан оқыту мен 
тәрбиелеудің психология-лық заңдылықтарын зерттеу» (
И.Логвинов, С.Сарычев, 
А.Силаков
). 
 
«Педагогикалық психология
 
балалар психикасының оқу-тәрбие жұмысындағы өзіндік 
ерекшеліктерін зерттеп, мектеп тәжірибесінің дамуына үлес қосып отырады. 
Педагогикалық психология
сабақ үстінде оқу материалын балалар қалай ұғынады, не 
тәрбие жұмысында үлкендердің тілін алып, тәртіп сақтауға қалай көнеді, міне осымен 
шұғылданады. Осыған орай педагогикалық психология бұл мәселелермен айналыса 
отырып, өзінің ізденетін объектісін мынадай үш түрге бөледі: оқыту психологиясына
тәрбие психологиясына және ұстаздық психологияға» 
 
(
М.М. Мұқанов
). 
Педагогикалық психология тәрбие мен оқытудың психология-лық заңдылықтарын 
зерттейтіндіктен осы
 ұғымдарға
тоқтала кетейік.
Тәрбие мен оқытуға әр тұрғыда түсінік берілгенімен олар педагогикалық әрекеттің бір-
бірімен тығыз байланысқан екі жағы. Ақиқатта тәрбие мен оқыту үнемі бірге жүзеге 
асырылады, сондықтан оларды бір-бірінен ажырату да мүмкін емес. Баланы тәрбиелей 


19 
отырып, біз оны бірдеңеге үйретеміз, оқытамыз, оқыта отырып тәрбиелейміз. Әйтсе де, 
мақсаттары, мазмұндары, әдістері және т.б. әр түрлі болғандықтан болар осы процестер 
педагогикалық психологияда жеке-дара оқытылады. Мәселен, 
оқыту әдістері
адамның 
әлемді, материалдық мәдениетті қабылдауымен түсінуіне негізделсе
тәрбие әдістері
– 
адамның адамды, адам моралын, рухани мәдениетті қабылдауы мен түсінуіне 
негізделген.
 
Тәрбие 
көбінекей адамдардың өзара іс-әрекеттері арқылы жүзеге асады да дүниеге 
көзқарасты, мотивацияның және жеке тұлғаның мінезін дамытуды, сондай-ақ оның 
қасиет-сапалары мен адами қылықтарын қалыптастыруды көздейді. 
Оқыту 
пәндік 
теориялық және практикалық іс-әрекеттің әр түрлері арқылы жүзеге асырыла отырылып, 
баланың интеллектуалдық және когнитивті дамуына бағытталған.


20 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет