Жұмысты орындау тәртібі:
Екі колбаның әрқайсысына 20 мл сүт және 80 мл дистилденген су құйып, колбаның біреуіне бюреткадан 0,04н күкірт қышқылының ертіндісін казеин тұнбасы түскенге дейін тамшылатып қосады (шамамен 23-28 мл).
Екінші колбаға да күкірт кышкылының сондай мөлшерін құяды. Бірінші колбадагы казеин түнбасының бетіндегі сұйықты 100 мл өлшем колбаға сүзіп бөліп алады. Казеин тұнбасы бар екінші колбаға 2-3 тамшы фенолфталеин косып, 0,1н NаОН ертіндісімен солғын күлгін түске дейін титрлейді.
100 мл өлшем кодбадағы фильтратты Эрленмейер колбасына ауыстырып, 2-3 тамшы фенолфталеин қосып 0,1н NaOH ертіндісімен солғын қызғылт түске дейін титрлейді.
Есептеу мына формула боиынша нүргізіледі;
Достарыңызбен бөлісу: |