Меңгерген білімді бекітуге арналған сұрақтар:
1. Соттық психологиясының өзіндік ерекшеліктері.
2. Соттық әрекеттің негізгі мақсаты мен міндеттері.
3. Соттық әрекет этикасы мен деонтологиясы.
4. Соттық әрекеттің қағидалары.
№ 12 Дәріс: Прокурор психологиясы
Жоспар
1 Прокуратура қызметінің ерекшеліктері.
2 Прокуратура қызметінің ерекшеліктері.
3 Прокурорлық қадағалау
Прокурор сотта қылмыстық істі қарауға қатысу кезінде өз өкілеттілігін ҚР «Прокуратура туралы» Заңының, ҚР ҚК-і, ҚР ҚЕЖК-нің талаптарын басшылыққа алып жүзеге асырады.
Прокуратураның негізгі міндеті–азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау болып табылады, ал республиканың нормативті-құқықтық актілермен кепілденген. Сондықтан прокуратура туралы, оның қызметінің жазалау-айыптау бағыты туралы айтқанда, алдымен осынау әділет органының негізгі міндеттеріне назар аудару қажет. Ал мақсаты – мемлекеттік басқарудың барлық саласында заңдардың сақталуына қадағалау жолымен мемлекеттік органдар қызметінің, оның ішінде прокуратура мен сот жүйелері айқындылығын қамтамасыз ету. Прокуратура органдарының құқық қорғау қызметінің белсенділігін көтеру мақсатында прокурорлардың, әсіресе жас қызметкерлердің шеберлігі мен біліктілігін арттыруға бірінші кезекте маңыз берілуде.
Осы орайда ішкі істер органдары мен қаржы полициялары ғимараттарында орналасқан «прокурорлар бөлмесі» бірден-бір практикалық тәжірибе орталығына айналуға тиіс. Мұнда прокурорлардың көмекшілері апты бойы кезекшілікте болып, тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бойынша прокурорға, жүктелген барлық кешенді міндеттерді атқарады: оқиға болған орындарға шығады; есепке алу, тіркеу тәртібін тексеруді жүзеге асырады; азаматтарды қабылдауды жүргізеді; бұлтартпау шараларын таңдау мәселелері бойынша қорытынды дайындайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабына сәйкес ешкім де соттың заңды үкімі күшіне енбейінше кінәлі деп табылмайды. Конституцияның бұл талабы сотқа қылмыс жасаған адамға дұрыс қылмыстық жаза қолдану жауаптылығын жүктейді. Әділетті және заңға негізделген қылмыстық жаза тағайындау қылмыспен күресуде, құқық тәртібін нығайтуда маңызды құрал болып табылады. Әділ жаза кінәлінің немесе басқа да адамдардың түзелуіне, оның қайта тәрбиеленуіне, сондай-ақ жаңа қылмыстардың алдын алуға септігін тигізері сөзсіз. Ал осындай әділ жаза тағайындау жөнінде ұсыныс білдіретін мемлекеттік айыптаушы – прокурор.
Мемлекеттік органдар жүйесінде конституциялық мәртебесі бар прокуратура органдары маңызды орын алады. Өйткені Қазақстан Республикасында соттардан басқа, құқық қорғау органдары жүйесінен тек прокуратура ғана конституциялық органдарға жатады. Оның мәртебесі Конституцияның 83,84-баптарында белгіленген. Прокуратура Республика аумағында заңдардың ҚР Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады. Прокуратура органдарының жүйесін Қазақстан Респубилкасының Бас прокуроры басқарады.
Прокуратура органдары тәуелсіз және тек Республика Президентіне ғана есеп береді. Бас Прокурорды бес жыл мерзімге Парламент сенатының келісімімен Президент тағайындайды. Қазақстан Республикасының прокуратурасы–Қазақстан аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге нормативтік құқықтық актілерінің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Президентіне есеп беретін орган.
Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөніндегі шаралар қолданады, Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттің мұддесін білдіреді, сондай-ақ заңда белгіленген жағдайларда, тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады
Прокуратура органдары қызметінің құқықтық кепілдігі:
1. Прокурордың өз өкілеттілігі, жүзеге асыруына кедергі келтіру немесе оған шешім қабылдату мақсатында қандай да болсын нысанда ықпал жасау, сондай-ақ прокурорлардың қаулыларын, ұйғарымдарын, нұсқауларын, талаптарын орындамау заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеліп соғады.
2. Прокуратураның талап етуі бойынша тиісті органдар мен өкілетті адамдар:
- қажетті материалдар мен мәліметтерді өтеусіз беруге;
- тексеріске қатысу және қорытынды беру үшін мамандар бөлуге міндетті.
3. Прокурордың өз құзіреті шегінде берген тапсырмасы анықтама мен тергеу органдары үшін міндетті.
4. Талап етілген ақпарат прокуратура органдарына заңдарда белгіленген нысандарда, тәртіп мен мерзімде талап беріледі.
5. Прокуратура қызметкерлерінің өз құзіретінің шегінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың үй-жайларына кедергісіз кіруге, олардың құжаттары мен материалдарын алуға, сот істерімен танысуға және оларды соттан талап етіп алдыруға құқығы бар.
Прокурор:
І. Сот тағайындаған жазалау мен мәжбүр ету сипатындағы өзге де шаралардың атқарылуы кезінде адамдардың бас бостандығынан айыру органдарында болуының заңдылығы;
ІІ. Аталған мекемелерде сотталған адамдарды ұстаудың заңда белгіленген тәртібі мен шарттардың сақталуын, олардың құықтары мен бостандықтарының қорғалуын;
ІІІ. Бас бостандығынан айыруға қатыссыз жазаларды атқарудың заңдылығы;
ІV. Азаматтық, шаруашылық және өзге де істер жөніндегі сот шешімдерін атқару заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады.
Прокурордың атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктері. Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор өз құзіреті шегінде:
1) Адам құқықтары туралы, қамалғандар мен сотталғандарға мейірбандық тұрғыдан қарау жөнінде Конституцияның, заңдардың және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының дәл және бірыңғай қолданылуын талап етуге;
2) Азаматтың, мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы мен өтініштері бойынша атқарушылық істер жүргізілуін талап етуге жіне тексеруге;
3) Сот тағайындаған жазалау және мәжбүр ету сипатындағы өзге де шараларды атқарушы бас бостандығынан айыру орындары мен мекемелерінде тексеру мақсатымен кез келген уақытта болуға;
4) Ұсталғандардан, қамалғандардан, сотталғандар мен мәжбүр ету сипатындағы шаралар қолданылған адамдардан жауап алуға;
5) Осы адамдарды ұстауға, қамауға, жазасын өтеуге, сондай-ақ оларға мәжбүр ету сипатындағы шараларды қолдануға негіз болған құжаттарды талап етуге;
6) Мәжбүр ету шараларын атқарушы бас бостандығынан айыру орындарында немесе мекемелерінде заңсыз отырған әрбір адамды өз қаулысымен дереу босатуға;
7) Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарға заңды бұза отырып, қолданылған тәртіптік шаралардың күшін жоюға, оларды өз қаулысымен айыпсыз изолятордан, камералық үлгідегі орындардан немесе карцерден қамаудан босатуға;
8) Заңда белгіленген жағдайларда жазалауды атқарушы мекемелер әкімшілігінің актілерін санкциялауға хақылы.
Прокурор қылмыстар жиынтығы бойынша жаза тағайындауды сұраған кезде қылмыстар жиынтығы бойынша тағайындалған түпкілікті жазаның алғашқы үкім бойынша тағайындалған жазадан төмен болмауын ескеруге тиіс. Сотталғандарға тек қана қосымша жаза ретінде жазаның 2 түрлі қолданылатынын білу керек;
Арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сынаптың шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сынабынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;
Мүмкін тәркілеу. Басқа жаза түрлері негізге жаза түрінде де, қосымша жаза түрінде де қоланылуы мүмкін.
Сонымен қылмыстық жаза тағайындауды ұсынған кезде прокурор жасалынған қылмыстық қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтап, кінәнің түрін, себебін, тәсілін, қылмыстық жасалу жағдайы мен кезеңін, одан туындаған салдарды, сотталушылардың әрқайсысының қылмысқа қатысу дәрежесі мен сипатын, сотталушының жеке бастарының мәліметтерін, отбасы және оның асырауындағы адамдардың жағдайын объективті түрде қылмыстық заңға сәйкес ескерілсе, әділ жазаның тағайындалуына ықпал ететін еді.
Прокурорлық қадағалау қылмыс көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыру мақсатында барлық құқықтық қорғау органдарының құқық бұзушылық пен қылмыстық алдын алу және олардың тууына себеп болар жағдайларды жою жөніндегі жұмыстардың белсенділігін арттыруға бағытталады.
Прокуратура органдарының, басқа да құқықтық қорғау және арнайы органдардың өзара іс-әрекеті ұйымдастыру қылмысқа қарсы тиімді күрестің басты шарты болып табылады.
Еліміз Конституциясына сай азаматттардың құқығын сақтауда және заң бұзушылықтар мен қылмыстық әрекеттерге жол бермеуде прокуратура органдарының ұстанатын басты бағыты: әділдік, заңдылық, құқық тәртібінің халық көңлінен шығуын қамтамасыз ету.
Ата заңымыздың талабы бойынша сот белгілі бір істі қараған кезде тәуелсіз және тек Конституция талаптарына сай прокуратура органдарына жүктелген. Прокуратура заңдылықтың орындалуын қадағалайтын құзырлы орган. Сондай-ақ, біз өз қызметімізде - әділдік, заңдылық, құқықтық тәртіпті темірқазық етіп ұстанамыз.
Қылмыстық жаза тағайындауды ұсынған кезде прокурор ҚР ҚК-нің 52 бабында көзделген жаза тағайындаудың жалпы қағидаларын басшылыққа алып, сотталушы жасаған қылмыстың қайталану түрін, сотталушының қылмыстық әрекеті қай сатыда тоқталғандығын, қылмысты топ, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық жасағанда сотталушының қатысу дәрежесін, қылмыстық мақсатқа жету үшін оның әрекеттерінің мағынасы және келтірген немесе келтірілуі мүмкін зиянның көлемі мен сипатын, қылмыстар жиынтығын, жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды, жасалған қылмыс үшін көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңіл жаза тағайындау немесе шартты түрде сотатау негіздерін, ерекше бөлімде көрсетілген қылмыс түрлерінің әрқайсысы үшін белгіленген жазаның төменгі және жоғарғы шекті мөлошерін ескеруі тиіс. Сондай-ақ қылмыс жасаған адамдардың жасы мен жынысы да ескерілуге жатады. Өйткені кәмелетке толмағандарға, жасы 60-тан асқан ер адамдарға, әйелдерге қылмыстық жаза тағайындаудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Қылмыс жасаған адамға жаза тағайындау туралы ұсыныс жасарда прокурор тағылған айып бойынша жасалған қылмыстар түрі үшін көзделген қылмыстық жауаптылықтың барлық түрін електен өткізуі керек. Қылмыстық әрекет үшін көзделген қылмыстық жазаның әрқайсысын талдап, кінәлінің жеке басын анықтап, оған тағайындауға лайық түріне тоқталғаннан кейін ҚР ҚК-нің Жалпы бөлімінде көрсетілген жаза түрлерін, оны қолдану тәртібін тағы бір тексеріп алуы керек.
ҚР ҚК-нің 40-бабына сәйкес айыппұл заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25-20 000 дейінгі шегінде немесе сотталған адамның жалақысының немесе өзге де табысының 2 аптадан 1 жылға дейінгі шегінде ағайындалады. Көп жағдайда соттар прокурордың сұраған жазасы шегінен төмен жаза тағайындауды әрекетке айналдырып алған.
Достарыңызбен бөлісу: |