Білім беру бағдарламасы бойынша білімалушыларға «Заң психологиясы»



бет12/23
Дата02.03.2023
өлшемі209,97 Kb.
#71258
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Адвокаттық психологияның мақсаты мен міндеттері.
2. Адвокаттық әрекетке қойылатын талаптар.
3. Адвокаттың кәсіби мінез-құлық нормалары
11 Дәріс: Сот психологиясы
Жоспар
1 Сот ісінің өзіндік ерекшеліктері.
2 Соттық тергеу мен соттық зерттеу.
3 «Судья әдебі кодексі

Соттық психология – заң психологиясының бөлімі. Бұл бөлім қылмыстық және азаматтық іске сот араласуының психологиялық аспектісін және соттық психологиялық экспертиза проблемаларын қарастырады.


Сот әрекетінің психологиялық сипаты, оның мамандық-шеберлігін түсінуге көмектеседі. Васильев сот-тергеушінің мамандық әрекеттеріндегі алты ерекшеліктерді ажыратады:

  • әлеуметтік әрекеті

  • шығармашылық «танымдық» әрекеті

  • реконструктивті әрекеті

  • коммуникативті әрекеті

  • ұйымдастырушылық әрекеті

  • тіркеу әрекеті

Әлеуметтік әрекеті – іскесер әрекетінің саяси белсенділігі. Қылмыскерлермен күрестегі негізігі ерекшелігі іскесерді құқықтық шаралардағы қатынасын, қылмыскерлерді қайта тәрбиелеудегі белсенділігі. Шығармашылық «танымдық» әрекеті – қылмыстық жағдай туралы керек қылмыс мәліметті жинақтау. Реконструктивті әрекеті – жинақталған мәліметтерді кәсіптік білім негіздеріне сүйене отырып, талдау мен жинақтау оқылғаннын себебін болғандығын құрастыру. Куәләндіру әрекеті – жинақталған мәліметтерді заң негізінде құжаттармен куәләндіру протокол, постоновление, т.б. Коммуникативті әрекеті - қарым-қатынасқа түсе білу, әсіресе сұрақ-жауап алу кезінде өте қажет. Ұйымдастырушылық әрекеті – жоспар құру мен оны жүзеге асырудағы еріктік шаралар.


Соттың жұмысы – мүмкін келетін модельді критикалық негізде анализдеп, жайттың дұрыс-ұқсас моделін шығару. Барлығы тек фактілерге ғана емес, сол сияқты олардың шығу себебімен байланысты. Ал бұл соттағы қажетті мәлімет ретінде адамдардың психологиясын тереңдете оқытып, үйренуден басталады. Осыған байланысты сот іс-әрекеті тек заңдық дайындықты қажет етпей, оған қоса психодиагностикалық дайындықты, даудамай ситуациялардағы адамның әрекет-қылығындағы әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері жайлы білімді, кейбір адамдардың әрекет-қылығындағы эмоционалды қозуын басуға байланысты релаксация әдістерін меңгеруді қажет етеді.
Сот көптеген адамдардың сезімдері, ыза, жек көру, агрессивті сезімдерімен үнемі кезігеді. Осыған сәйкес оған шыдамдылық, өмірлік тәжірибе мен мұң, төтеп тұра алу қажет. Сол сияқты мемлекет өкілі ретінде сот қатаң талап етуші болуы керек. Ол жоғарғы азаматтық және адамгершілік қасиетіне ие болуы керек.
Жалпы «Қазақстан Республикасы судьялары мен сот жүйесі қызметкерлерінің мәртебесі туралы» Заңы бойынша 25 жасқа толған заң саласында кемінде екі жыл жұмыс істеген азамат судья болып тағайындала алады. Демек те, жас судьялар 25 жаста бола ма, 30 жаста ма, мүмкін одан жа үлкен жаста болсын бұл жерде үлкен айырмашылық жоқ. Судья болу дегеніміз - өмір бойы үйрену. Бұл мамандықты таңдап, қалап келген азамат өмір бойы өз болмысы мен білімін жетілдіруі, сол үшін еңбектенуі қажет. 25 жас – нағыз жалындап тұрған шақ. Бұл шақта қиындықтарға төтеп беруге азаматтың денсаулығы да, күш-қайаты да жеткілікті. Сонымен бірге, азаматтың жоғары оқу орнынан алған білім әрі қарай тәжірибеде дамытып жетуіне мол мүмкіндік бар.
Сот ісі бес бөлімнен тұрады: дайындық, соттық тергеу, соттық прений, сотталған адамның соңғы сөзі, үкім енгізу. Соттық зерттеу – қажетті дәлелденген мәліметтерге (іске қатысты соттық дәлелдерге) негізделеді. Осыған байланысты соттық іс-әрекеттің нәтижесі шығарылады. Сот кінәлі адамға заңды және қажетті жазалау шараларын қолданып, кінәсізді ақтап шығуға тырысады.
Қазір сот арқылы шешілмейтін мәселе жоқ. Күнделікті тіршілік түйткілдерінен басталған азаматтық дау-дамайлар, әкімшілік, күрделі экономикалық даулар, сондай-ақ барлық қылмыстық істер сотта қаралады. Олардың нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында да аз жазылып жүрген жоқ. Соттарда қаралып жатқан істер қайнап жатқан тартысты, қайшылықты өмірдік нақ өзі, қоғамдық ахуал ауаның айнасы. Сол қайнаған өмір, бітпейтін тартыс, сан қырлы сот тынысы бұқараға бұлтармай жетіп жатыр ма? Бұл мәселеге кезінде мемлекет басшысының өзі де назар аударды. Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 3 съезінде Елбасының Нұрсұлтан Назарбаевтің сот жүйесінің алдына қойылған 8 тапсырмасының бірі – бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты түбегейлі өзгерту мәселесі болатын.
Елімізде 2000 жылдың 25 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикалық Конституциялық Заңы қабылданады. Бұл заң судьялардың құқықтық мәртебесін көтеруде үлкен жаңалықтар алып келді және жаңа сот жүйесін бекітіп, Жоғарғы Сот төрағасының және жергілікті соттардың төрағаларының өкілеттіктерін кеңейтті. Осы заңның 25-ші бабында судьялардың сот төрелігін асыру кезіндегі тәуелсіздігін және оның Қазақстан Республикасы Конституциясымен, заңмен қорғалатыны, судьяның іс қарау кезінде ешкімнің араласпауы, судьяға қандай болсын ықпал етуге құқығы жоқтығы көрсетілген.
Құқықтық мемлекеттің ең басты көрінісінің бірі тәуелсіз сот екені дау тудырмаса керек. Демек, сот жүйесіндегі басты тұлға – судьяның мәртебесі мен құқығы қаншалықты биік болса, міндеті мен жауапкершілігі де соншалықты жоғары.

Жоғары сенім жүктелген жерде қатаң талап та болмақ. Мемлекетіміз судья тұлғасының осындай жоғары маңызын түсінгендіктен оны қорғау мен қолдаудың шараларын бекітті. Сот билігінде бір ғана басты тұлғаның бар екендігі және оның судья екендігі шегелене түсті.


Судьяға қоғамның азаматқа ортақ құндылықтарға сай қалыпты өмір сүруіне кедергі жасайтын келеңсіздіктер мен дау-дамайларды заңдылық жолмен реттеп шешу сеніп тапсырылған. Кез келген даудың, таластың шешімін әділеттікке жүгініп шешу үшін судьяда «судьяның ар-ұяты» деген асыл қазынасы болуы керек. Сот биікте көрінуінің басты қозғаушы күші – осы судьяның әдебі мен әділеттілігі десек артық айтқандық болмайды. Ал, судья әдебі мен әділеттілігін сақтаған судья тәуелсіз, өйткені оның тәуелсіздігі ешбір заңның, нұсқаудың, жалақының күші емес, өзінің жан дүниесі мен рухани тазалығының еңбегімен келген тәуелсіздігі.
Судьялар мәртебесін түсірмеу, сот тәуелсіздігін нығайтуға ат салысу, сот беделін көтеру – судьялардың өзінің міндеті борышы. Себебі, судья мінез-құлықтың жоғарғы үлгісін көрсетуге тиіс мәртебелі мемлекеттік билік тармағының өкілі. Адамгершілігі мол, сыпайы, адам жанын терең зертттей алатын, білімі мен көргені мол тұлға ғана судья мантиясын киюге лайық. Өйткені судья деген лауазымның беделі қандай жоғары болса, жауапкершілігі де сондай үлкен болады.
Қазақстан Республикасы Судьялар одағы өзінің бірінші съезінде «Судья әдебі кодексін» қабылдаған. Аталған кодексте судья мінез-құлқының негізгі принциптері жинақталған. Судья әдебі кодексі бойынша теріс қылық жасаған судья тәртіптік жауапқа тартылады. Сондықтан судьяларға Судья әдебі кодексінің талаптарын қатаң сақтау талап етілуі міндетті. Судья әдебін бұзған судьяларды жауапкершілікке тартылуы қажет. Себебі, мұндай судьяның сот әділдігін өз дәрежесінде жүргізетіні неғайбып нәрсе. Ол істерді қарауда заңдылық бұзғаны үшін, еңбек тәртібін өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оған судья қызметінен босатылуға дейін шаралар қолданылуы мүмкін. Сондықтан судья әдебін сақтау жеке бастың ісі емес, бұл тұтастай сот беделі, абыройы екенін еш уақытта естен шығармауға тиіспіз.
Судья беделі ең алдымен өзінің білімдарлығына, әділеттілігіне, рухани байлығы мен тазалығына, күнделікті жүріс-тұрысына байланысты. Судья әдебі кодексінің 2-бабында судья кәсіби және басқа да қарым-қатынастарда, сондай-ақ тұрмыстық қызмет бабымен байланысты емес адамдарға ізеттілік, төзімділік және әдептілік танытуы тиістігі байқалған. Бұдан кейін кодекстің 4-ші бабында судья жұмысынан тыс уақытта өзінің адалдылығына және турашылдылығына күмән келтірейтіндей, судья мәртебесіне және сот билігінің беделіне кір келтірмейтіндей ұстауы керектігі атап көрсетілгені де сот қауымдастығы қатарына кездейсоқ адамның еніп кетпеуіне бағытталған іс-шара.

Судьялардың үстінен түсетін арыз-шағымдарға талдау жасағанда, арыздың басым көпшілігі істердің уақтылы қаралмауына, заңда көрсетілген мерзімдердің сақталмауына байланысты. Көтеріліп отырған арыз мселесінің мәніне терең талдау жасап, себеп-салдарын зерттеп қарағанда ғана дұрыс нәтижеге қол жеткізуге болады. Қалай десек те, құқығы бұзылған азаматтар өзінің мүддесін құқықтық қатынастағы заң талаптарына сай қорғау үшін сотқа әсерінеді. Адам тағдырын шештін ондай жүгініске әрбір судья ізгілікпен қарап, әділ билік айтудың үлгі-өнегесін көрсете білуі керек. Олай болса, мемлекеттік тәртіпті нығайту және судья әдебін сақтау күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе деп қарап, жүйелі түрде жұмыс жүргізілуі қажет.


Мемлекетіміз тәуелсіздік алған уақыттан бері қоғамдық қарым-қатынастар көп өзгеріске түсіп, экономикалық -әлеуметтік мәселелер ерекше қарқынмен алға басып, дамуда. Осыған орай дау-дамай тудыратын азаматтық істер неғұрлым көбейіп, күрделеніп қаралатын сот істерінің саны күннен күнге арта түскендіктен әр судьяның жүктемесі де ауыр болуда. Сот шығарған билік пен үкімге адамдардың барлығы қанағаттанады деуге болмайды. Екі жақ дауласатын болса, төреліктің екі ұшы ғана бар ол жеңген жақ және жеңлген жақ. Әлбетте, әйтеуір екі жақтың бірі үкімге риза болмай, көңлі толмай шығады. Сонда түптеп келгенде, олар судьяны кінәлі деп тауып, соңынан арызданып жатады. Сонымен қатар заңдарға жиі-жиі өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырады. Себебі жас мемлекетіміздің заңдарын бірден нақпа-нақ етіп шығару да оңай шаруа емес. Мысалы, талапқа сәйкес, қаралатын әрбір істің белгіленген процессуалдық мерзімі бар. Ал, белгіленген мерзімді негізсіз өткізіп алу судьяның тарапынан жіберілген өрескел кемшілік болып табылады. Мұндай кемшіліктер сапасыз шешім қабылдауға әкеп соқтырып, сот саласы турасында көлеңкелі пікірлердің қалыптасуына себеп болары сөзсіз.
Жалпы сот мемлекеттік органдар жүйесінде ерекше орын алады. Өйткені Қазақстан Республикасы соттарының басқа да билік және басқару органдарымен тығыз қарым-қатынаста екені айқын нәрсе. Соттар прокуратура органдарымен күн сайын бірге іс-қимыл жасап отырады, өйткені прокурорлар қылмыстық істерді қарауға мемлекеттік айыптаушылар ретінде, ал азаматтық істерге іс бойынша қорытынды беру үшін қатысады.
Соттар алдын ала тергеу органдарымен Қазақстан Республикасы Прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеушілерімен өзара тығыз іс-қимыл жасап, олардың қылмыстық істер жөніндегі материалдарын пайдаланып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет