Білім беру бағдарламасы бойынша білімалушыларға «Заң психологиясы»


Меңгерген білімді бекітуге арналған сұрақтар



бет14/23
Дата02.03.2023
өлшемі209,97 Kb.
#71258
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Меңгерген білімді бекітуге арналған сұрақтар:

1. Прокурор психологиясының мақсаты мен міндеттері.


2. Прокурор әрекетінің өзіндік ерекшеліктері.
3. Прокуратура органдарының басқа ұйымдармен байлынысы

13 Дәріс: Алдын-ала тергеу


Жоспар
1 Қылмыстық істі жүргізу.
2 Алдын ала тергеудің міндеттілігі.
3 Алдын ала тергеудің этикасы

Алдын ала тергеуді кәмелетке толғандар немесе өздерінің дене немесе ақыл-ой кемістіктеріне байланысты өздірінің қорғану құқықтарын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған қылмыстар туралы барлық қылмыстық істер бойынша жүргізу міндетті.


Алдын ала тергеу қылмыс жасаған ауданда (облыста) жүргізіледі. Алдын ала тергеу жедел және топтық болуы мақсатында қылмыс анықталған орын бойынша, сондай-ақ сезікті, айыпталушы адам неесе куәлардың көпшілігі тұрған жерде жүргізілуі мүмкін.
Алдын ала тергеу қылмыстық іс қорғау туралы қаулы шығарылғаннан кейін ғана жүргізіледі. Тергеуші өзі қозғаған немесе өзіне тапсырылған іс бойынша тергеуге дереу кірісуге міндетті. Істі өзінің іс жүргізуіне қабылдағаны туралы тергеуші қаулы шығарады. Егер қылмыстық істі тергеуші қозғаса және өзінің іс жүргізуіне қабылдаса, онда қылмыстық істі қозғау және оны өзінің іс жүргізуіне қабылдау туралы бірыңғай қаулы жасалады. Жоғарыда аталған қаулылардың көшірмелерін тергеуші жиырма төрт сағаттан кешіктірмей прокуратураға жіберіледі.
Алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдау үшін сотқа жіберу туралы қаулы, не қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады. Алдын ала тергеу мерзіміне іс қозғалған күннен бастап істі айыптау қорытындысымен немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін істі сотқа беру туралы қаулымен бірге прокуратураға жіберген күнге дейінгі не іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы қаулы шығарылған күнге дейінгі уақыт енгізіледі.
Қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекетті жасаған адам анықталсаған іс бойынша іс жүргізу мерзімдері қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімімен шектеледі.
Тергеу тобына алдын ала тергеу жүргізетін бірнеше органның тергеушілері енгізілуі мүмкін. Мұндау топты құру туралы шешім прокурордың нұсқауы бойынша да, осы органдардың тергеу бөлімдері бастықтарының бастамашылығы бойынша да қабылдану мүмкін. Шешім тергеу бөлімдері бастықтарының бірлескен қаулысымен ресімделеді, ол осы көрсетілген талаптарды сақтай отырып шығарылады. Тергеу тобының жетекшісі қылмыстық істі өзінің іс жүргізуіне қабылдайды, тергеу тобының жұмысын ұйымдастырады, басқа тергеушілердің іс-әрекеттеріне басшылық жасайды. Тергеуші тергеу іс-әрекеттеріне қатысуға заңдарда белгіленген адамдарды тарта отырып,олардың жеке басын анықтайды, оларға құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ тергеу іс-әрекеттерін жүргізудің тәртібін түсіндіреді.
Алдын ала тергеу процесінде қылмыстық іс жүргіз кодексіне сәйкес қандай да бір іс жүргізу шешімін қабылдау кезінде тергеуші қаулы шығарады, онда оның жасалған орыны мен уақыты, тергеушнің аты-жөні мен лауазымы, қабылданатын шешімінің мәнісі мен негіздері қаулының осы қылмыстық іс жүргізу кодексіне негізделп шығарылатыны көрсетіледі, қаулыға тергеуші қол қояды.
Тергеу іс-әрекеттінің хаттамасы тергеу іс-әрекетін жүргізу барысында немесе ол аяқталғаннан кейін бірден жасалады. Тергеуші адамды өзіне шақырып немесе ол тұрған жерге келіп, оны сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу туралы қаулымен қолхат ала отырып таныстырады, оған және аталған тергеу іс-әрекетіне қатысушы өзге адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
Сарапты зерттеу процесінде эксперименттік үлгілер жасау үмкін бұл туралы ол қорытындыда хабарлайды. Тергеуші мұндай үлгілерді әзірлеу кезінде қатысуға құқылы, бұл өзі жасайтын хаттамада көрсетіледі. Зерттеу жүргізгеннен кейін сарапты үлгілерді буып-түйілген және мөрмен бекітілген күйінде өзінің қорытындысына қоса тігеді. Сезіктіден, айыпталушыдан сараптамалық зрттеу үшін үлгілер мәжбүрленіп алынуы мүмкін.
Алдын ала тергеуді Қылмыстық іс жүргізу кодекстің 33-бабының бірінші бөлігінде және 285-бабында көрсетілген қылмыстар туралы істерді қоспағанда, барлық қылмыстық істер бойынша жүргізу міндетті.
Қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу ол күрделі немесе оның көлемі үлкен болған жағдайда тергеушілер тобына тапсырылуы мүмкін, бұл туралы қылмыстық іс қозғау туралы қаулыда көрсетіледі немесе жеке қаулы шығарылады. Бұл туралы шешімді тергеу бөлімінің бастығы қабылдауға құқылы. Қаулыда тергеу жүргізу тапсырылған барлық тергеушілер, оның ішінде топ жетекшісі – тергеуші көрсетілуі тиіс. Сезікті, айыпталушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер мен олардың өкілдері істі тергеушілер тобының тергейтіні туралы қаулымен таныстырылуға тиіс және оларға тергеу тобының жетекшісінен, сондай-ақ топ құрамындағы кез келген тергеушіден бас тарту құқығы түсіндіріледі.
Тергеуші тергеу іс-әрекетеріне қатысуға заңдарда белгіленген адамдарды тарта отырып,олардың жеке басын анықтайды, оларға құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ тергеу іс-әрекеттерін жүргізудің тәртібін түсіндіреді. Тергеуші тергеу іс-әрекеттеріне қатысуға анықтау органының қызметкерін тартуға құқылы.

Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары болады және міндеттермен негізделеді. Алдын ала тергеудің міндеттілігі.


Алдын ала тергеуді кәмелетке толмағандар немесе өздерінің дене немесе ақыл-ойы кемістіктеріне байланысты өздерінің қорғану құқықтарын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған қылмыстар туралы барлық қылмыстық істер бойынша жүргізу міндетті.
Қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ішкі істер және қаржы полициясы органдарының тергеушілері жүргізеді.
Қылмыстық істерді тергелуі бойынша бір органнан екінші органға беру осы Кодекске сәйкес жүргізіледі.
Алдын ала тергеу жүргізілетін жер алдын ала тергеу қылмыс жасалған ауданда немесе облыста жүргізіледі. Тергеу жедел және толық болуы мақсатында қылмыс анықталған орын бойынша сондай-ақ сезікті айыпталушы адам немесе куәлардың көпшілігі тұрған жерде жүргізілуі мүмкін. Тергеу іс-әрекеттерінің басқа ауданда жүргізілу қажет болған жағдайда тергеуші оны тікелей өзі жүргізуге не бұл іс-әрекеттерді жүргізуде сол ауданның тергеушісіне немесе анықтау органына тапсыруға құқылы. Тергеуші іздестіру әрекеттерін немесе жедел іздестіру шараларын жүргізуді алдын ала тергеу жүргізілетін жердегі анықтау органына тапсыра алады. Тергеушінің тапсырмасы он тәуліктен аспайтын мерзімде орындалуға тиіс.
Алдын ала тергеу жүргізудің басталуы. Тергеу қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығарылғаннан кейін ғана жүргізіледі. Тергеуші өзі қозғаған немесе өзіне тапсырылған іс бойынша тергеуге дереу ікірсуге міндетті. Істі өзінің іс жүргізуіне қабылдағаны утарлы тергеуші қалы шығарады. Егер қылмыстық істі тергеуші қозғаса және өзінің іс жүргізуіне қабылдаса, онда қылмыстық істі қозғау және оны өзінің іс жүргізуіне қабылдау туралы бірыңғай қаулы жасалады. Жоғарыда аталған қаулылардың көшірмелерін тергеуші жиырма төрт сағаттан кешіктірмей прокурорға жібереді.
Алдын-ала тергеудің аяқталуы айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберу туралы қаулы, не қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады. Ал алдын ала тергеу мерзімі қылмыстық істер жөніндегі алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғалған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірмей аяқталуға тиіс. Алдын ала тергеу мерзіміне іс қозғалған күннен бастап істі айыптау қорытындысымен немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін істі сотқа беру туралы қаулымен бірге прокурорға жіберілген күнге дейінгі не іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы қаулы шығарылған күнге дейінгі уақыт енгізіледі. Алдын ала тергеудің мерзімін одан әрі ұзатуға тек айрықша жағдайларда істің күрделілігі ескеріле отырып жол беріледі және Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры оның орынбасарлары, Бас әскери прокурорға жүзеге асыра алады. Іс қосымша тергеу жүргізу үшін қайтарылған кезде, сондай-ақ уақытша тоқтатыла тұрған немесе қысқартылған іс қайта қозғалған кезде қосымша тергеуді іс тергеушіге түскеннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде жүргізілуі мүмкін. Мерзімді одан әрі ұзарту осы бапта көзделген тәртіппен жалпы негіздерде жүргізіледі. Қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекетті жасаған адам анықталмаған іс бойынша іс жүргізу мерзімдері қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескеру мерзімімен шектеледі.
Прокурордың алдын ала тергеу барысындағы өкілеттілігі қылмыстық істерді тергеу кезінде заңдылықты қадағалауды жүзеге асыра отырып прокурор:
Оқиға болған жерді қарауға қатысуға, сараптама тағайындауға, сондай-ақ қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешуге қажетті басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы;
Қылмыстық іс қозғайды немесе оны қозғаудан бас тартады, тергеу іс-әрекеттерін жүргізу туралы, сондай-ақ жедел іздестіру қызметінің материалдарын қылмыстық іске қосу туралы жазбаша нұсқаулар береді. Заңдарда көзделген жағдайларда алдын ала тергеу жүргізетін лауазымды адамдардың іс-ірекеттеріне санкция береді. Жекелеген тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге қатысады. Алдын ала тергеу органдарынан келіп түскен қылмыстық істі сотқа жібере отырып істі мәнісі бойынша қарау үшін айыпталушыны сотқа тапсырады. Қылмыстық ізге түсу органдарынан тексеру үшін қылмыстық істерді, құжаттарды, материалдық және жасалған қылмыстар туралы жедел іздестіру қызметі, анықтау мен тергеу барысы туралы өзге де мәліметтерді алады. Жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау тіркеу, шешу кезінде заңның сақталуын тексереді. Анықтаушы мен тергеушінің сондай-ақ анықтау органы мен тергеу бөлімі бастықтарының заңсыз қаулыларының күшін жояды. Тергеу мен анықтау толық болмаған сондай-ақ тергеу мен анықтау барысында заң бұзушылыққа жол берілгені анықталған жағдайда қылмыстық істі қосымша тергеуге жібереді не оны толық көлемінде немесе белгілі бір адамдарға қатысты қысқартады. Қылмыстық істі анықтау органынан алып, алдын ала тергеу органына береді: айрықша жағдайларда тергеудің толық және объективті болуын қамтамасыз ету мақсатында алдын ала тергеу органының жазбаша өтініші бойынша не өз бастамашылығымен істі осы тергеу ретінде қарамастан, алдын ала тергеудің бір органынан екінші органына береді. Алдын ала тергеу анықтау ісін жүргізуде заң бұзушылықты анықтаған кезде тергеушіні анықтаушыны қылмыстық істі одан әрі тергеуден шеттетеді.
Алдын ала тергеуді тергеушілер тобының жүргізуі қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу ол күрделі немесе оның көлемі үлкен болған жағдайда тергеушілер тобына тапсырылуы мүмкін бұл туралы қылмыстық іс қозғау туралы қаулы да көрсетіледі немесе жеке қаулы шығарылады. Бұл туралы қаулы шешімді тергеу бөлімінің бастғы қабылдауға құқылы. Қаулыда тергеу жүргізу тапсырылған барлық тергеушілер оның ішінде топ жетекшісі тергеушісі көрсетуге тиіс. Сезікті, айыпталушы жәбірленуші азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер мен олардың өкілдері істі тергеушілер тобының тергейтіні туралы қаулымен таныстырылуға тиіс және оларға тергеу тобының жетекшісімен сондай-ақ топ құрамындағы кез келген тергеушіден бас тарту құқығы түсіндіріледі. Тергеу тобына алдын ала тергеу жүргізетін бірнеше органның тергеушілері енгізілуі мүмкін. Мұндай топты құру туралы шешім прокурордың нұсқауы бойынша да қабылдануы мүмкін. шешім тергеу бөілемдері бастықтарының бірлескен қаулысымен рәсімделеді, ал осы быптың бірінші бөлімінде көрсетілген талаптарды сақтай отырып шығарылады. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры ерекше жағдайларда тергеудің толық және объективті емес екендігі фактілері анықталған іс күрделі және маңызды болған кезде алдын ала тергеуді жүзеге асырушы бірнеше органның тергеушілері арасынан тергеу тобын құра алады, бұл орайда прокурорды осы топтың жетекшісі етіп тағайындап бұл шешімді өз қаулысымен рәсімдейді. Мұндай тергеу тобы жүзеге асыратын тергеудің заңдылығын қадағалау Қазақстан Республикасының Бас прокурорына жүктелді.
Тергеушінің заң саласы мамандығына қажетті өзіндік психологиялық ерекшеліктері бар:

  • тергеуші сот әрекетінің мемлекеттік және саяси сипаты

  • құқықтық тәртібі мен мөлшері

  • қатысушы адамдардың қарама-қарсы шаралары

  • әкімшілік құзыры

  • кәсіптік құпияны сақтау

  • іздестіру-зерттеу атмосферасын қоғамдық психологиялық ерекшеліктері

Заң қызметкері құқықтық нормалар мен кәсіптік моральды заң негізінде қатаң сақтау керек. Ізкесер сот мамандарына қажетті және тән кәсіптік ерекшеліктері бар әр бір маман өте жақсы білумен қатар қатаң сақтауға міндетті:
1-моральдық-саяси қасиеттер – адамгершілік қасиеттерінің жоғары, әділ тәртіпті, білікті, білімді, адамдарды түсінетін, өз ісіне жетік, этикалық нормаларды сақтай білетін;
2-интеллектуалдық-парасаттық қасиеттері – шығармашылық қиялының жоғары дәрежеде дамуы, есте сақтау ерекшелігі, логикалық ойлау біліктілігі;
3-мінез бітістеріндегі ерекшеліктері – алдына қойған мақсатына жете білуі, ерік жігерінің жоғары болуы, ұқыптылығы, сенімділігі;
4-психофизиологиялық сипаттары - әрбір маманның өзіне тән кәсіптік ерекшеліктерімен қатар дербес қасиеттері:темперамент;мінезі, қабілеті;
5-жеке бастың деформациялануы – стресс, күдіктену,үрейлену, адамға сенбеушілік.
Алдын ала тергудің этикасы: қылмыстық іс жүргізудің процесінің ерекше өзіне тән іс-әрекетімен тергеуге қойылатын талап-тілектері. Тергеушілер қылмыстық істі ашу үшін күдікті адамдарды тергеуге оларды бас бостандығынан айыруға құқығы бар. Тергеушінің қылмыстық іс жүргізгенде өзіне тән құпиясымен шығарған шешімдеріне жауаптылығы болу керек. Тергеушілер өздерінің іс-әрекетінде үш нормамен жұмыс істеуге міндетті.

  • Процессуалдық норма

  • Криминалистік норма

  • Адамгершілік норма

Процессуалдық норма дегеніміз – тергеушілердің қандай жағдайда қалай жұмыс істейтінін бағдарлайды. Криминалистік норма дегеніміз – тергеушінің қылмыстарды іздеуіне қылмысты толық дәлелдеуіне бағдар береді. Адамгершілік норма – қылмыстық іске толық әділетті баға беруі.
Алдын ала тергеу тергеушінің кәсіби мамандығының және жауапкершілігінің сапалы екендігін көрсетеді. Тергеушілердің жұмысы ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексімен шектеледі, қылмыстық іс-әрекет процесінде заң әрқашанда тактикалық этикалық іс-әрекеттермен байланысты болу керек алдын ала тергеу кезінде конфликтілі жағдайлар болуы мүмкін конфликт дегеніміз-тергеуші мен қылмыскердің бір-біріне қарама-қарсы күрделі. тергеушінің конфликтілі жағдайы болып қылмыскердің ең басты қарсыласы тергеуші әділ шешім қабылдауы керек. Тергеушілерде ең көп кездесетін қателіктер өздеріне қойылатын талаптарды орындай білмеуі және қылмыскерлердің қылмысын толық мойындата білуі. Егер іс бойынша бірнеше сезікті, айыпталушы жауапқа татылса, ал істі қысқартуға негіз сезіктілердің, айыпталушылардың бәріне бірдей істі қатысты болмаса, онда қылмыстық ізге түсу жеклеген сезіктілерге, айыптаушыларға қатысты қысқартылады.
Қаулының қарар бөлімінде істі қысқарту үшін негіз болған істі қысқарту туралы шешім, сондай-ақ бұлтартпау шарасын қолданбау туралы, мүлікті тұтқындауды алып тастау туралы, хат-хабарды тұтқындау, сөйлескен сөздерді тұтқындау мен жазып алу, заттай дәлелдкрдің тағдыры туралы нұсқау баяндалады.
Қылмыстық істі қозғау туралы қаулының көшірмесі прокурорға жіберіледі, адамдарға іс материалдарымен танысу құқығы және істі қысқарту туралы қаулыға шағым жасау тәртібітүсіндіріледі. Осы ададардан келіп түскен өтініш бойынша оларға істі қысқарту туралы қаулының көшірмесі тапсырылады. Іс прокурордың келісімімен қысқарылған жағдайда қаулыға жоғары тұрған прокурорға шағымдануға болады. Қысқартылған іс бойынша іс жүргізу мынандай жағдайларда:
- Тергеушінің қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысының күші жойылады.
- Сот қылмыстық істің негізсіз қысқартылуына берілген арызды ҚІЖК-гі тәртіппен қанағаттандырғанда қайта жалғастырылады.
Алдын ала тергеу деректері жария етілмеуі тиіс. Олар бұл тергеу мүддлеріне қайшы келмесе және басқа дамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса, онда тек тергеушінің, айыпталушының, прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкін деп танылса, сондай көлемде жария етулуі мүмкін. Тергеуші қорғаушыға, куәларға, жәбірленушіге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкілдеріне, сарапшыға, маманға, аудармашыға, басқа адамдарға өзінің рұқсатынсыз істегі мәліметтерге жария етуге жол берілмейтіні туралы ескертіледі, бұл аталған адамдардан қолхат алынады.
Алдын ала тергеу қылмыстық іс жүргізу кезінде қатаң тәртіптер сақталады. Және де міндетті түрде прокурордың қатысуымен жүргізіледі. Алдын ала тергеу Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес жүргізіледі. Сонымен қатар алдын ала тергеу кәмелетке толмағандар немесе ақыл-ой кемістігі бар адамдардың жасаған қылмыстары туралы барлық қылмыстық істер бойынша тергеушілер жүргізуі міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет