Практикалық сабақ 13
Мобильді телефон арқылы видеолекция түсіру. XRecorder қосымшасымен жұмыс
Screen Recorder XRecorder қарапайым және анық экрандардан, скриншоттардан бейне түсіруге және бейнелер мен фотосуреттерді қарапайым түрде өңдеуге көмектеседі. Қалқымалы терезеде жай ғана түрту арқылы HD бейне оқулықтарын, бейне қоңыраулар мен бейнелерді жазуға болады, оларды тіпті жүктеуге де болмайды. Енді сіз тікелей эфирлер мен маңызды сәттерді ешқашан сағынбайсыз. Қалағаныңызды түсіру үшін ең жақсы XRecorder экран жазғышын жүктеңіз!
Мүмкіндіктер:
* Бейне редакторы: кесу, жылдамдықты өзгерту, музыка мен мәтін қосу ...
* Қылқалам: жазу немесе экранға белгі қою
* Телефонға ойын жазыңыз
* Реттелетін параметрлермен Full HD бейнесін экспорттау: 240p-ден 1080p, 60FPS, 12 Mbit/s
* Су таңбасы жоқ: таза бейне мен скриншотты жазыңыз
* Facecam көмегімен экрандық жазу құрылғысы
* Тіркелу уақыты жоқ және түбір қажет емес
* Қалқымалы терезе: дәл сәтті тексеріп, түсіруге арналған сенсор
* Санау: толық дайындалған магнитофон болу
* Балама сақтау орны: ішкі жад / SD картасы
* Жазуды кідірту / жалғастыру оңай, экранды бұру
Практикалық сабақ 14
Әлеуметтік желілік сервистерді білім беруде пайдалану мүмкіндіктері
Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы ақыл-ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді.
Информатикадан білім беру негізін түсіну педагогикалық тәжірибенің атап айтқанда, информатикадан сабақ беру кезінде актив және интерактив әдістемелерді қолдануда көптеген маңызды мәселелерін шешу үшін сілтемелер жасайды.
Соңғы жылдары мектепте информатикадан сабақ берудің тиімділігін айтарлықтай жоғарылатуға мүмкіндік беретін әдістемелерді іздеу және кеңінен қолданыла бастады.
Мектепте оқу үрдісінде оқу пәнінің мазмұнының көлемін анықтаумен және сабаққа қажетті материалды іріктеумен қатар оқыту әдістері де ерекше маңызға ие.
Оқушылардың жас ерекшеліктері мен пәннің мазмұнына сәйкес таңдалған әдіс білімінің саналы да, баянды болуын қамтамасыз етеді.
Әдіс (гректің mеtоdоs – «қандай да бір нәрсеге жол» деген сөзіден шыққан) мақсатқа жету тәсілі дегенді білдіреді.
Оқыту әдісі - оқушы мен мұғалімнің арасындағы жүйелі, өзара байланысқан білім мазмұнын меңгеруге арналған іс-әрекет жүйесі.
Информатика курсының басқа пәндермен салыстырғандағы негізгі ерекшелігі - ол оқушылардың компьютермен жүйелі жұмыс істеуі болып табылады.
«Әдіске» қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: “белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас және іс-әрекет”. Олай болса оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады. Оқу құралдарына оқу кітаптары, көрнекі және техникалық құралдар жатады. Оқу кітаптары - оқулықтар, оқу-әдістемелік кітаптар, анықтамалар, сөздіктер, есептер жинағы т.б. Көрнекі құралдар - кестелер, сызбалар, чертеждар, суреттер, фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық- географиялық карталар т.б. жатса, ал техникалық құралдарға компьютер, интерактивті тақта және т.б. мультимедиа құралдары жатады.
Оқушылардың танымдық белсенділігін құруда сабақтардың дәстүрлі емес түрлері үлкен мәнге ие, қазіргі білім беруді дамыту үрдісі сабақтың түрлі модельдерін және қарқынды дамитын білім берудің әдістерін қолдануды талап етеді. Информатика пәнінің кез келген мұғалімі өз қызметінде оқушыларды оқытудың дәстүрлі емес әдістерін қолданады.
Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене білу.
Информатика сабағын оқытуда интерактивті әдістерді қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады, өздігінен оқу ынтасын дамытады, ұжыммен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады, қарым-қатынас дағдысын қалыпастырады және дамытады, ал ең бастысы оқуға деген белсенділікті көтереді. Сонымен қатар компьютерлік интактивті оқыту әдістері білім алушы мен оқыту жүйесі арасында өзара қарым-қатынасты тудырады. Осының негізінде оқыту жүйесі ретінде видео (аудио) сабақтарды, бұрын алған білімдерін жетілдіру үшін мультимедиалық тренажер мен компьютерлік тестерді қарастыруға болады. Осыларды қолдану барысында білім алушылардың белсенділіктерінің артуын байқауға болады. Шындығында қандай да бір тақырып бойынша видео сабақтың материалын көру арқылы білім алушының есте сақтау қабілеті артып, сабақ барысында мұғалім берген тапсырманы қатар орындау мүмкіндігі туады. Сонымен қатар, пән бойынша білімін жетілдіру үшін білім алушы мультимедиалық тренажерды қолдану арқылы берілген сұрақтарға жауап береді және дұрыс берілмеген жауапқа қайта оралып барлық сұрақтардың жауаптары дұрыс болғанша орындайды.
Интерактивті оқыту әдістерінің артықшылығы:
- ақпаратты терең игереді, өйткені оны ой елегінен өткізеді;
- тыңдау дағдысын қалыптастырып, өзгені тыңдай алады;
- ойлауды белсендіреді;
- әлеуметтік қарым- қатынас тәжірибесін қалыптастырады;
- өз іс-әрекетін талдайды;
- ынтымақтастықпен әрекет етуге уйренеді;
- оқушылардың қызығушылығын туғызады;
- әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
- әрбір оқушының сезіміне назар аударады;
- оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
- оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;
- кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;
- оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
- өмірлік машықтарды қалыптастырады;
- мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.
Интерактивті оқыту әдістерінің кемшіліктері:
- ұзақ уақытты қажет етеді;
- ойынға мейілінше беріліп, қорытынды жасай алмауы;
- жеке бастық “менің” қақтығысу қаупі;
- оқушылардың белгілі санымен өткізгенде ғана тиімді болады.
Сабақта қолданылып жүрген рөлдік ойындар, іскерлік ойындар, пікір-талас, оқушылардың баяндамалары мен ақпараттық хабарлары, дәріс, диалог, тренинг, дөңгелек үстелдер, ұжымдық-танымдық оқу, иммитация әдістері осы жоғары белсенділікті дамыту әдісінің белгілері болып табылады. Бұл интерактивті әдіс оқытушы үшін ең қажетті, оқытушы мен тіл үйренушінің қатынасының негізі. Бұл әдісті қолдану кезінде қарым-қатынасты бастаушы оқытушы, яғни оқытушы ақпарат береді, риторикалық сұрақтар қояды, оқушының жауабына қарсы шықпай, оны дамытып, толықтырады, бағыт береді. Коммуникативті қарым-қатынас тіл үйренушінің сөздік қорын байытады, дұрыс сөйлеуге бағыттайды. Бұл әдіс бойынша үйретуші де үйренуші де өте белсенді. Белгілі бір тақырыптың негізінде сұхбаттасып, ондағы проблемаларды жеңу жолында бір-бірімен сөз сайысына түсіп, әрі өз ойларын ортаға салады. Мұндай жағдайда бір-бірін тыңдайды, өздерінің ойларын, пікірлерін, білімін өзара қарым-қатынас арқылы әңгіме тақырыбына қолданады. Сабақ үнемі көтеріңкі көңілде, оқушының сұраққа дұрыс жауап беруіне, белсенділік танытуына әсер ететіндей болуы қажет.
Сонымен, бұл әдісті информатика сабағында қолдануда оқушыларды төмендегі әрекеттерді орындауға міндеттейді:
- ой әрекетін белсенді ету;
- талқылауға қатысу;
- идеялар мен мәліметтерді біріктіру;
- ойлаудың салдарын ойға түйіп, сол салдарды өз жауапкершілігіне алу;
- дағдылы үйренуші болу;
- жеке өзгерістерді жігерлендіру;
- алдын ала қалыптасқан сенімдерге жаңа мәлімет тәрізді ой жүгірту;
- түрлі пікірлерге құрметпен жауап қайыру;
- өздерінің сұрақтарын қою;
- өз пікірлерін құрастырып білдіру;
- сын тұрғысынан және икемді ойлау;
- өзін-өзі бағалау.
Сабақтағы интерактивті әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін – ұйымдастыру және сұхбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұстанды.
Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеушінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барысында оқушылар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, ролдік ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстар пайдаланылады.
Оқушылардың пассивті стратегиясын интербелсенді стратегияға айналдыруға әлеуметтік желілік сервистерін пайдалану көмектеседі(1.2-сурет).
1 сурет - Әлеуметтік желілік сервистерін білім беруде пайдалану
Әлеуметтік желілік сервистердің дамуы қоғамдық, өндірістік, саяси және мәдени процестердің жүру барысы мен нәтижелеріне недәуір мөлшерде әсер етеді. Ғаламтордың әлеуметтік салада сервистері өзгерістері соншалықты елеулі және екпінді болуы оларды оқу процесін ақпараттандыру саласында пайдалану әдістемесін жасау өзекті мәселеге айналуда және келесі факторлармен айқындалады:
1. Әрбір адамның Интернет әр түрлі сервистерін пайдалануды меңгеру қажеттілігі мен мүмкіндігінің болуы. Бүгінде бұл адамдардың ақпараттық мәдениеттің ажыратылмайтын құрамдас бөлігіне айналуына байланысты білім берудің қазіргі негізгі міндеттерінде көрсетілген.
2. Әлеуметтік желілік сервистердің екпінді дамуымен, олардың барлық кәсіби қызмет салалары мамандарының ақпараттық қызметін тиімді ұйымдастырудағы мүмкіндіктерінің артуымен байланысты. Бұл- блог құру, әлеуметтік медиақорлармен жұмыс жасау және бірлескен құжаттарды жасаудың сервистерінің пайдаланылуы және тағы басқалар.
3. Әлеуметтік желілік сервистерді мектеп информатикасын оқытуда пайдалану оқу іс-әрекеттердің ауқымын кеңейтіп, тұлғаның ынталандыру, операциональ және когнитивті ресурстарын қамтамасыз етеді, жеке бас, метапәндік және пәндік білім нәтижелерін игеруге іс жүзінде мүмкіндік туғызады.
2 сурет - Google сервистерді пайдалану мүмкіндіктері
Әлеуметтік желілік сервистер оқыту процесін ұйымдастыру және мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынас құралы қызметін ғана атқармайды, сонымен қатар, оқушыларға сыныптастарымен өз ойларымен, қосымша материалдармен бөлісу мүмкіндігін береді. Бұның бәрін жүзеге асыру информатиканы оқытуда жеке тұлғағабағытталған тәсілді іске асыруға мүмкіндік беріп, мектеп оқушыларында өз бетінше жұмыс жасау, дербестік, жауапкершілік, сын көзбен қарау, өзіне және басқаларға талап қою, өз мақсатына жетуде табандылық көрсету, жанжалды жағдайда ымыраға келу, ұжымда жұмыс істеу сияқты қасиеттерді қалыптастыруға қолайлы жағдайлар туғызады.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар тиімді ақпараттық ортаны жасауға мүмкіндік береді, ол түрлі әдістемелік оқыту жаттығуларын орындауда қолданылады.
Бұл, ең алдымен, электрондық ұжымдық құжат айналымының құралдары, ол әр түрлі берілгендермен онлайн жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл платформада әртүрлі сервистерді пайдалану жаңалық емес, бірақ дәл осы этапта олардың сан түрлілігі мен сапасы жоғары деңгейге көтерілгені сонша оларды оқыту процесінің технологиялық негізі ретінде қабылдап, олардың көмегімен білімдік ақпараттық ортаны құруға мүмкіндік берді.
3 сурет - Веб 2.0 платформасының веб дамуы процесі
Веб-платформаға көшудің өзектілігін көрсететін факторлардың бірі -коммерциялық программалық өнімдерді пайдаланудан жаппай көпшіліктің бас тартуы. Сондықтан, арнайы бір операциялық жүйеден тәуелсіз шешімдер табу қажеттілігі басым бола бастады. Ақпараттық технологияларды зерттеудің қандай да бір өнімге тәуелді болмауы жөнінде тұжырымдар бұрыннан айтылды, дегенмен, оқыту процесін нақтылықтан босатуды толығымен жүзеге асыру мүмкін емес болды. Себебі, негізгі құзіреттіліктің негізі болып табылатын есептің шешімін табу әдісі немесе дағдылар арнайы нақты мысалдар арқылы ғана бекітіледі.
Атап өтілген идеяның қазіргі жаңа нұсқасы- нақты платформадан тәуелсіз зерттеу; тікелей Интернетте жүргізілетін зерттеу. Ақпараттық технологиялардың зерттеу базасына төмендегілер жатады:
Ұжымдық құрастырушылар қолдауымен жүзеге асырылатын ашық жобалар(Mоzіllа.оrg);
Алғашқы қасиеті платформаға тәуелсізді болған программалар(ОреnОffіcе);
Жаңа дәуірдегі дамушы ақпараттық ресурстар (Wіkіреdіа);
Коллективті және жеке жұмыс жасау үшін жұмыс орындар беретін Веб-сервистер (Gооglе Mаіl, Gооglе Dоcumеnts, Gооglе Раgеs, Gооglе Grоuрs);
Дербес есептерді шешу үшін көмекші сервистер (SрlаshUр, РdfОnlіnе және т.б.)
Желілік сервистер арқылы шешілетін бірқатар педагогикалық ситуацияларды шешу мысалдарын келтірейік.
Достарыңызбен бөлісу: |