Білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби стандарт «Педагог» кәсіби стандарты, ҚР «Атамекен» Ұкп басқарма төрағасының



бет60/64
Дата25.11.2023
өлшемі465 Kb.
#127411
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
Оқу-әдістемелік кешенді дайындауда білім беру бағдарламасы бойы

Практикалық сабақ 15

Kahoot бағдарламасымен жұмыс
Kahoot-әлеуметтік оқыту үшін әзірленген сайт.Сайтты Skype немесе Google Hangouts сияқты ортақ экранды пайдалану құралдары арқылы пайдалануға болады. Kahoot әр түрлі веб-браузерлер мен мобильді құрылғылар арқылы веб интерфейс арқылы ойнатуға болады. 2017 қыркүйек айында Kahoot мобильді платформада қосымша ретінде іске қосылды.

Соңғы жылдары білім тәжірибесінде дәстүрлі тесттер (стандарттандырылған тесттер жиынтығы) бірте-бірте аса тиімді онлайн тестілеу формасына алмастырылуда. Осыған орай онлайн тест құруға арналған жаңа бағдарламаның бірі Kahoot қосымшасы болып табылады. Бұл бағдарлама қазіргі кезде жиі қолданысқа енгізілуде. Kahoot қосымшасы арқылы оқушылардың, студенттердің білім деңгейін оператив тексеруге болады. Бұл интернет желісі арқылы жүзеге асады.

Kahoot қосымшасы оқу жылындағы барлық материалдарды толық қамтып, білімді меңгертуге арналған тест сұрақтарын құруға мүмкіндік береді. Оқушылармен тығыз қарым - қатынас орнатуға, сонымен жаңа матералды тереңдете түсу үшін Kahoot қосымшасын кең көлемде қолдануға болады. Kahoot класста немесе аудиторияда қолдануға негізделген, яғни оқытушы тестті негізгі экран бетіне шығару арқылы, ал оқушылар сұрақтарды талқылап, жауаптарын смартфон, компьютер немесе планшет (қалта телефондары) арқылы жолдай алады. Ол үшін виртуальды класс бөлмесіне кіру үшін оқушылар оқытушы айтқан арнайы құпия санды енгізулері қажет. Бұл сервис әрбір оқушының сұраққа қалай жауап беріп отырғанын, сондай ақ барлық ұжымының үлгерім диаграммасын, жеке оқушының өз нәтижесін арнайы кестеден бақылауына мүмкіндік береді. Kahoot қосымшасы арқылы тіркелуші интернет желісі қосулы болған жағдайда шексіз жұмыс жасай алады. Сонымен қатар Kahoot - қа шексіз көлеміде сұрақ енгізуге болады. Сыныптағы оқушылардың білім, білік деңгейіне және қызығушылығына қарай, өзіңіз онлайн тест құрастыра аласыз. Бұл тест құру жүйесі оқушының ойлау қабілетін дамытып қана коймай, сабаққа деген ынтасымен талпынысын арттыруға көмектеседі.

  • Google сайтына кіріп Kahoot бағдарламасын таңдап, тіркелгеннен кейін сізді өзіңіздің жеке акауынтыңызға жібереді. Өз акаунт парақшаңызда оқушыларға қандай тапсырма құрасыз соны таңдау керек болады. Мысалы: quiz, discussion, survey


  • Мысалы біз «Quiz» дегенді таңдаймыз. Атау беремізде ары қарай жылжимыз. Одан әрі сұрақтарды құрастыруға жылжыдық. Сұрақ құрастыру мен бірге әр сұраққа қанша уақытта жауап беру керегінде енгіземіз. Сұрақта иллюстрация (сурет) және видео қосып жасауға болады. Сұрақатарға дұрыс жауапты (қызылды басамыз Incorrect) ары қарай ( save&continue ) кнопкасын басамыз.


  • Одан ары публикацияны баптау керек. «тілін таңдау, приватность, деңгей, сипаттама, тегтер»


Осымен сұрақтарыңыз дайын Қосылу


Өзіңіздің тапсырмаларымызды ойынға қосамыз (Play now)
Содан кейін сіздердің мониторларыңыздан ПИН шығады. Бұл ПИН кодты оқушыларыңыз тапсырмаларға кіру үшін қолданады.
Оқушыда интернетке ноутбук, смартфон немесе басқа гаджет болу керек. Тегін маркеттерде Андроид пен айос үшін арнайы (kahoot) деген тегін қосымшаларды жүктеп алуға болады. Смартфонда қосымшаны қосамыз, бізден ПИН енгізуді сұрайды. Одан ары қарай (сайтта көрсетілген пинді енгіземіз) ары қарай аты-жөнімізді енгізуді талап етеді. «ник»
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет