Білім беру бағдарламасы бойынша ozhth 4322 «Өнімді жануарлардың ТӘжірбиелік хирургиясы»



Pdf көрінісі
бет13/29
Дата12.09.2022
өлшемі4,27 Mb.
#38879
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Байланысты:
УМКД 19-2020 ӨЖТХ

Бақылау сұрақтары: 
1. «ДТІҚҰ» синдромының пайда болу себептері? 
2. Тамыр ішілік қан ұюдың қауіптілігі? 
3. «ДТІҚҰ» синдромында пайдаланытын препараттар? 


27 
Дәріс № 8 Хирургиялық тәжірибедегі болатын құсу және лоқсу 
Мақсаты: Ветеринариялық хирургияда наркоздан кейінгі болатын асқыну 
түріндегі құсу және лоқсуды анықтап емдеу түрлерін меңгеру. 
Кілт сөздер: наркоз, эфир, хлорэфир, құсу, лоқсу, нейролептик, циклопропан. 
Жоспары: 
1. Құсу және лоқсуды келтіретін факторлар. 
2. Хирургиялық әрекеттен болатын құсыуы және лоқсу.
3. Құсуды және лоқсуды емдеу 
Құсу мен лоқсу көптеген аурулардың белгісі болып табылады және операциядан 
кейінгі наркоздың салдары болып есептеледі. Кейбір жағдайларда құсу 2-3 приступтан 
кейін қояды, ал кейде аптаға созылып кетуіде мүмкін. Оның механизімі күрделі 
физиологиялық, биологиялық құбылыстардан тұрады. Сонымен қатарқұсу азықпен бірге 
асқазанға токсиндер түскендігі қорғаныстық, рефлекторлық акт болуы мүмкін. Көптеген 
инфекциялық ауруларда (ет қоректілердің обасы, вирусты гепатит, лептоспироз т.б.) құсу 
болады. 
Бірақ құсу мен лоқсудың ең көп асқыну ретінде көрінуі операция кезінде және 
наркозда кездеседі. Наркозды эфирмен немесе хлорэфирмен жүргізгенде құсу 80% 
болады. Көп жағдайда ол бірнеше рет қайталанып, ауру жануарға тұншығу, тігістердің 
ажырауы, қан ағыс, эвентерация, бас сүйегінің ішіндегі қысым көтерілуі және ми 
домбығуы сияқты қауіптерді туғызады. 
Құсудың физиологиясы – асқазанның жиырылуынан, диафрагма түсе бастайды, 
құрсақ қуысындағы қысым көтеріледі, бұлшықеттер жиырылады. Сонымен бірге қарын 
мен бұлшықеттер босап асқазандардағы заттардың ауыз арқылы сыртқа шығуы. 
Құсудың алдындағы белгілер: сілекй бөліне бастайды, дүректің жиырылуы, яғни 
тахикардия пайда болады. Көздің қарашығы бояла бастайды, құрсақтың бұлшықеттері 
жиырылады. 
Құсудың пайда болу факторлары: 
1) 
Малдың физологиялық жағдай (жасы, буаздығы) 
2) 
Малдың қоңдылығы. 
3) 
Бауырдың және өт қабының патолдогиялары. 
4) 
Буаз малдарда кездесетін қарынның гипотониясы. 
5) 
Қарынның мөлшерінің ұлғаюы. 
6) 
Қант диабеті. 
7) 
Ас қорыту жолдарының патологиясы. 
8) 
Қатерлі ісіктен болатын кахексия. 
9) 
Жалпы зат алмасупроцессінің бұзылуы. 
Операцияға байланысты құсу: 
1) Нейролептиктердің әсері. 
2) Азот тотығын қолдану. Галотан (фторотан) дәрілерін қосып беру. 
3) Ингаляциялық наркоз беру. (циклопропан, хлор этил). Орталық жүйке 
жүйесінің қысымы көтеріледі. 
4) Опреациялық шок. 
5) Гиповалемия (қан қысымының төмендеуі). 
6) Көп мөлшерде атропинді қолдану. 
7) Орталық жүйке жүйесіне жасалатын операциялар. 
Емі: Пайда болуын анықтау, себебі. 
Фенотеозин дәрәләк затын қолдану. (хлорпровазин, фуфенозин, трифозин, 
этопирозин, фторопенозин) әсер ету бағыты допаминдік рецепторларды тежейді. 
Бутерофенолдар:(дроперидол, галоперидол, домперидон). Құрсақ қуысына 
жасалатын операцияларда қолданады. Холиолитиктермен біргеқолдануға болмайды. 


28 
Антигистаминдік препараттар: (гифенгидромен, гидроксидцин, проветозин). 
Негізінен вестибуляторлық аппаратқа және құсу орталығына жақсы әсер етеді. Құлақ 
аумағына жасалатын операцияларда қолданады. Осы топтың препараттары организмнің 
гистаминге беретін жауабын тежейді. Қан тамыры өткізгіштігін тежейді, осымен бірге 
седативтік әсері бар және қабынуға қарсы әсері бар. Осы дәрілерді ұйқы процессі 
бұзылғанда қолданады. 
Холиалитиктер: 
(атропин, 
метоцин, 
скополомин). 
Ацетил 
холиннің 
холинорецепторларымен өзара әсерін тежейді. Құрсақ ағаларына опрерация жасағанда 
наркоз үшін морфин немесе фентонинді қолданатын кезде пайдаланады. 
Метоклопромид н/е церукал. Негізінен ас қорыту жолдары гистониясы немесе 
гипотониясы кезінде қолданады. Сондай-ақ қатерлі ісіктердің химиотерапиясында 
қолданады. Кемшіліктері: операциядан кейінгі қан ағысты күшейтуі мүмкін. 
Серотонин антогонистері: (тропицетрон, эметрон, пилацетрон). Тікелей құсу 
орталығына әсер етеді және ас қорыту ағзаларының моторикасын күшейтеді. Негізінен 
эндоскопиялық опреацияларда қолданады. Химиотерапия кезінде болатын ас қорыту 
ағзаларын емдеу үшін қолданады. 
Құсу процессін туғызатын рецепторлар: 
1) Допоминдік рецепторлар 
2) Гистоминдік рецепторлар 
3) Серотониндік рецепторлар 
4) Холиноэргиялық рецепторлар 
Операциядан кейінгі құсу процессі негізінен шок әсерінен, ми және жұлынның қан 
қысымының көтерілу. Бауыр және бүйрек қызметінің тежелуі. Бүйрек үсті безінің 
қызметініңтөмендеуі, орталық жүйке жүйесінің ісігі. Операция кезінде дәрілік заттарды 
дұрыс қолданбау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет