Білім беру бағдарламасы бойынша ozhth 4322 «Өнімді жануарлардың ТӘжірбиелік хирургиясы»



Pdf көрінісі
бет16/29
Дата12.09.2022
өлшемі4,27 Mb.
#38879
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
Байланысты:
УМКД 19-2020 ӨЖТХ

Бақылау сұрақтары: 
1. Лазер сәулесі ветеринарияның қай саласында қолдаады? 
2. Лазер түрлері мен лазер құрылғыларының түрлерін атаңыздар? 
Дәріс № 10 
Тақырып: Ісіктерді емдеу 
Мақсаты: Ветеринарияда ісіктердің таралуы, қауіптілігі және емдеудің заманауй 
принцптерін студенттерді таныстыру. 
Кілт сөздер: ісік, бластома, консервативтік ем, операциямен емдеу, липома, 
саркома, химиялық ем, рак. 
Жоспары: 
1 Ісіктердің түрі және ерекшіліктері 
2. Операциямен емдеу
3. Консервативтік ем тәсілдері 
Ісіктерге диагноз қою үшін ветеринарияда клиникалық, патологиялық және 
рентгенологиялық әдістер қолданылады. 
Ауру малды ең алдымен мұқият клиникалық тексеруден өткізеді, жалпы 
зерттеумен бірге ісікті қолмен басып көреді. Оның көлемі мен сипатын, тығыздығын және 
ісіктің қоршаған тоқымаларымен қарым -қатынасын анықтайды. Сонымен қатар ісік 
барысында метастаз және аумақтық лимфа түйіндерінің жағдайына көңіл бөледі. Ісікті 
көп жағдайда созылмалы продуктивті қабынудың бір формасы мен қателестіріп алуға 
болады. Сол себептен ісікті қабыну процесіне ажырату үшін ескертетін жағдай қабыну 
кезінде тоқымалардың диффузды ісінуі белгілі көлемсіздігі, қоршаған тоқымалармен 
тығыз байланысуын ескерген жөн. Ісіктер көп жағдайда белгілі көлемде және 
инкапсуляциялы болады. 
Ісіктер көбінесе байқалмайды, олардың дамуы үдемелі, жалғастырмалы болады. 
Қатерсіз ісіктер қозғалмалы, қатерлі ісіктер қоршаған ортамен тығыз байланысты болады. 
Сонымен қатар олардың сырт пішіні кедір бұдырлы. 
Мұндай ісіктер ыдыраған кезде ойылымды жаралар пайда болады. Диагностикалау 
әдісінің ішіндегі ең нәтижелі рентгенді зерттеу. Бұл тәсіл сүйектің, қарынның және 
өкпенің ісіктерін анықтауда қолданылады. 
Ісіктердің жіктелуі 
Даму сипатымен клиникалық өтуіне байланысты қатерлі және қатерсіз деп екіге 
бөлінеді. 
Қатерсіз ісіктер - өте баяу дамиды, капсуламен қапталады, тоқыма мен ағзаларда 
өспей, тек оларды ығыстырады. Бұл ісіктер метастоз бермей және ыдырап кетпейді. 
Жануарлардың жалпы организмінде клиникалық өзгерістер байқалмайды. Ісікті алғаннан 
кейін толығымен жазылу байқалады. 
Қатерсіз ісіктер тобына: дәнекер тоқымасының ісіктері — фиброма, хондрома, 
остеала; бұлшық ет тоқымаларының - экстрлік. 
Саркома - топ жағынан дәнекер тоқымалы ісікке жататын және қатерлі өтуі бар 
ісіктер тобына жатады. Саркоманың өсуі жылдам. Инфинтрацияланады, сонымен қатар 
көрші ұлпаларды зақымдайды. Саркома өзінің бастапқы кезінен бастап ол метастозға ішкі 
ағзаларды ұшыратып, операциядан кейінгі кезенде рецедив дамыту мүмкін. Саркома көп 
жағдайда ит пен жылқыда төлдеу кездерінде байқалады. 
Ісікті емдеуінің жалпы негіздері 
Ісіктің емі оперативті сәулелі және дәрілік затты болады. 


31 
Оперативтік тәсіл - ол негізгі тәсіл. Оның мақсаты ісікті оперативті жолмен алу. 
Қатерсіз ісікке тілікті көрші жатқан тоқымалардың шекарасында салады. Жаңа пайда 
болған ісіктердің ұшы жоқ скальпельмен, ісікті капсуланы зақымдап ашпай аралас 
тоқымалардан ажыратады. Ісік қоректендіретін қан тамырларын үзеді. Жараға тігіс 
салынады. 
Қатерлі ісік кезінде жасалынатын операция жаңа пайда болған өсіндіні сау 
тоқымалардың аумағынан жергілікті лимфа түйінділерімен бірге алу. Операция жара 
кезінде алынып жатқан ісік, ісіктен көбею торшаларының түспеуін қадағалайды. 
Сәулелі терапия - қолдану негізі рентген сәулелері, сонымен қатар радий немесе 
жасанды радиоактивті заттар - изотоптар. Сәулелі радиация ісік клеткаларының 
өміршеңдігін бұзып және организмнің жалпы әсерін оның реактивтілігін өзгертеді [1]. 
Химиотерапия - қатерлі ісіктің дәрі - дәрмектеп емдеу әдісі. Біздің елімізде 
синтезделінген препараттар эмбихин, новэмбихин, докан, омаин, сарколизин тағы басқа 
преператтар қолданылады. 
Гармонотерапия - гармондармен емдеу. Организмге үлкен дозада гармон енгізу, 
онда гармональды өзгерістер туғызып, ісіктердің өсуін тежейді. Ветеринария саласында 
гармонотерапия етек алған жоқ. 
Ісіктің аралас емі - ауру малға емдеудің бірнеше тәсілін қолданып емдеуін айтамыз. 
Көбінесе келесі аралас емінің мына түрлері қолданылады: хирургиялық және сәулелік, 
хирургия және химиотерапия, хирургия жене гормональды. Жоғарыда аталған әдісінде 
мына препараттар қолданылады: новокаиннің 0,25% немесе 0,5% ерітіндісін 1 мл дозада, 
келойдоз және фибром ем үшін, фибролизин немесе 15% тиозинолиннің ерітіндісі 
қолданылады. 
Ісік кезіндегі болжам. Ол ісіктің түріне, орналасу орнына, көлеміне және таралуына 
байланысты. Қатерсіз ісік кезінде ісік оперативті жолмен жеңіл алынатын беткілік 
тоқымаларда және ағзаларда орналасады, сол себептен олардың болжамы оңды, ал 
қатерсіз ісікке болжам қауіпті болады, егер ісік аурудың бастапқы кезінде пайда болса. 
Ісіктің асқынған кезінде метастазда және ішкі органдарда пайда болуының болжамы өте 
қауіпті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет