Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022


Бесіктің бала өміріне пайдасын мәтіндегі үш сөйлеммен дәлелдеңіз



бет39/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   93
3. Бесіктің бала өміріне пайдасын мәтіндегі үш сөйлеммен дәлелдеңіз.
1. ____________________________________________________
2._____________________________________________________
3._____________________________________________________


4.Қазіргі жастардың сәбиді бесікке бөлемеу себебін 3 сөйлеммен түсіндіріңіз.
1.______________________________________________________
2.______________________________________________________
3.______________________________________________________

3-сабақ
«Инфографика» әдісі


1-қадам. Мысалды түсініп оқыңыз.

  • Мысал обьектілерін(кейіпкерлері мен сюжет көріністерін) анықтаңыз, оқиға желісін суретпен семантикалық картаға түсіріңіз.

  • Олардың арасындағы байланысты түзу сызықпен көрсетіңіз.

  • Кейіпкерлерге сын есімнің шырай түрлерін қолдана отырып, сипаттама жазыңыз.

  • Кейіпкерлер мен олардың сипаттамасын үзік сызықпен байланыстырыңыз.

  • Сюжеттегі суреттердің желісін бүгінгі өмірдегі жағдайлармен байланыстыратын әңгіме(мысал) құрастырыңыз.

Бөлім: Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология
Оқу мақсаты: 5.3.3.1 сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру;
5.4.4.3 сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына
қолдана білу
2-қадам. Тапсырмада қандай форматтағы мәтіндер ұсынылды? Қандай құзыреттіліктер( басқарушылық, ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік, тұлғалық, азаматтық, технологиялық) жүзеге асырылды? Тапсырманың қиындық деңгейін көрсетіңіз. Ұсынылған тапсырмада жекелеген оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін қолдау көрсету қадамдарын ұсыныңыз.



Өгіз бен бақа
Бір Өгіз айдын шалқар көлге келді,
Жағалап суаты бар жерге келді.
Шілденің сарша тамыз ыстық кезі,
Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді.
Су ішіп, көлдің шықты жағасына,
Мал еді көз тоятын қарасына.
Артықша бір көлбақа күншіл екен
Сол көлдің бақасының арасында.
Өгізді суға тойған Бақа көрді,
Секіріп көршісіне жетіп келді.
«Боламын мен де сонау Өгіздей», - деп,
Жел тартып, ісіп-кеуіп, қарнын керді.
Сұрады жолдасынан: «Толдым ба? - деп,
-Өгіздей анау тұрған болдым ба?» - деп.
Өгіз бен екеуіне қарап тұрып,
Жолдасы жауап берді сондай бүй деп:
«Өгіздей болу саған қайда, шырақ,
Араңыз екеуіңіздің тым-ақ жырақ.



Онымен бірдей болып толмақ түгіл,
Қалпыңнан асқан жоқсың артығырақ».
«Қарашы, енді қандай болдым?» - деді, -
Міне, мен жаңа әбден толдым», - деді.
Жолдасы тағы қарап денесіне:
«Қалпында қараң менен формың», - деді.
Дүниеде мұнан күншіл кем-ді Бақа,
Зорланды қарнын керіп енді Бақа.
Шыдамай жұқа қарын керуіне,
Жарылып сол арада өлді Бақа.
Күнәсі күндегеннің жаман қатты,
Күндеме біреуге Алла берген бақты.
Өгізді күндеп, сондай боламын деп,
Көлбақа онан қанша пайда тапты?!
Әуелде Құдай өлшеп берген дене,
Қаншама зорлағанмен артылмапты.
Нақыл сөз «Әлін білмес әлек» деген
Осындай әуре болған жаннан қапты.
А.Байтұрсынұлы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет