Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022


Қазақ халқының уақыт өлшемі бойынша бір жыл ішінде қай айлар 36, 38 , 74 минутке қысқарады? Неге? жауабыңызға мәтіннен 3 дәлел келтіріңіз



бет35/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   93
3. Қазақ халқының уақыт өлшемі бойынша бір жыл ішінде қай айлар 36, 38 , 74 минутке қысқарады? Неге? жауабыңызға мәтіннен 3 дәлел келтіріңіз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


4. Мәтін бойынша халық өлшемдерінің астрономиялық уақытқа сәйкес келетінін көрсетіңіз.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


5. Суреттегі ақпаратты мәтін бөлігімен байланыстырып түсіндіріңіз.

2-сабақ



Бөлім: 1. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті
Оқу мақсаты: 10.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу


Бесік туралы
Көшпелі өмір кешкен қазақ халқының аса қастерлеп ұстаған мүлкі бесіктің қадір қасиетін кім білмейді? Бесік өмірге жаңа келген періште сәбидің ақ отауы, оның ер жеткенде алаңсыз балалық шағын есіне түсіретін ардақ тұтар асыл бұйымы емес пе?! Қазақтар бесікті қарағайдан, қайыңнан, көбіне талдан жасайды. Бесікті «тал бесік» деп атаудың сыры осында. Бесік көшіп қонатын қазақ тіршілігіне өте ыңғайлы. Оны түйе үстіне, өзге жүктермен қоса артып жүре береді. Кейде бала бөленген бесікті де осылай алып жүретін болған. Бұл қазақтың «баланың ұйқысын бұзған періштенің үйін бұзғанмен барабар» деген ұғымына толығымен сай келеді.
Ал бесіктің құрылымы балаға гигиеналық тәрбие беруге лайықталған әрі алып жүруге жеңіл, ықшам және берік. Ол баланың тазалығына өте қолайлы, өйткені арнайы қойылатын түбек пен шүмек баланың дәретін жаймай, таза және ұзақ ұйықтауына жағдай жасайды. Бұл үй шаруашылығымен айналысып жүретін анаға қалай қолайлы болса, көшіп-қонып жүргенде, баланың өзінің де денінің сау болып өсуіне тиімді.
Бесіктің жабдықтары түбек, шүмек, құс төсек, жастық, жөргек, қолбау, тізебау, тізе жастық, екі тартпасы. Түбектің түбіне күл салып қоятын болған, оның бір себебі, бесікті тербеткенде нәрестенің зәрі шайқатылмау үшін, ал екіншісі оның күлге төгіліп, жылы бу шығарып тұруы үшін. Шүмекті қойдың асықты жілігінен жасаған, ол айырықша аппақ болуы үшін сүтке қайнатылған.
Бесіктің тал бесіктен басқа «аспалы бесік» деп аталатын түрі де болған. Жалпы ата бабамыз бесікті қасиетті, құтты мүлік деп есептеген. Мұны бабаларың Төле бидің мына бір әңгімесінен байқауға болады: Жоңғарлар шапқыншылығынан соң, тоз-тоз болған ел, таулы жаққа қарай басып, үдіре көшкенде, екіқабат жас келіншек бос бесікті арқалап бара жатқан көрінеді. Сонда Төлемен қатар келе жатқан кісі: «Мына бейшараның көрпе жастығын тастап, бос бесікті арқалап келе жатқаны-ай», -дегенде, Төле би: «Баланың бесігі - кең дүниенің есігі ғой», -деген екен.
Бесік туралы сөз еткенде, қазақтың бесікке салу ырымы жайлы айтып кету, әрине, парыз. Өйткені ата-бабамызда кез келген салт-дәстүр өзінше мағыналы да сәнді болған ғой. Бесікке салу рәсіміне ауыл-үйдің әйелдері шақырылады, олар өздерінің шашуға деген кәделерін ала келеді. Ал бесікке салу жолы ауылдағы ұлын ұяға, қызын қияға қондырған, өнегелі әжелерге, әйелдерге тапсырылады. Бір-екі келіншек бесікті жақсылап жабдықтаған соң, алдымен, бесікті отпен аластап алады, сосын «тыштырма жасайды» (бесіктің түбек салынатын тесігінен балаларға тәтті үлестіріп беру осылай аталады). Бұдан соң нәрестені айналып-үйіріліп отырып бесікке бөлеп, оның үстіне, баланы аруақтар қорғап жүрсін деп, ата-бабадан қалған сырт киім, ел тізгінін ұстар азамат болсын деп, аттың тізгінін, ел арасында айбынды болсын деп, қамшы қояды. Қайсыбір жерлерде жеті түрлі қадірлі, таза заттар жабады. Сонан соң бесікке салған әже оның үстіне мініп алып, қолына қамшы ұстап, атпен шапқандай болады. Отырғандар; «Әже, қайда барасыз?»- деп сұрайды да, әже оларға: «Меккеге барамыз», «Байдың ауылына барамыз», «Жеті қат аспанға, Күн астындағы Күнікей қыздың ауылына қыз айттырып барамыз!» т.с.с. қызықты жауаптар қайтарады. Осылайша бесікке салу рәсімі ойын-күлкі, тамашамен аяқталады. Бесікке жабылған таза маталарды үй иесі отырғандарға, өздерінің орнына қарай үлестіріп, сыйға тартады. Бұдан соң жас аналар қосылып «Бесік жырын» айтады.
www.besik.kz сайтынан алынған




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет