Тапсырма. 1-қадам. Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіндегі сөйлем соңында және сөйлем ішінде қолданылатын тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіз.
2-қадам. Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерінің даралаушы, ерекшелеуші қызметін анықтауға арналған тапсырма алгоритмін құрастырыңыз. Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда кездесетін қатемен жұмыс жасаудың жолын ұсыныңыз.
Бөлім: Ғылыми фантастика. Пунктуация
Оқу мақсаты: 7.4.5.1 сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану.
Шолпан бұлттары тіпті түн жағында да суып үлгермейді. Ол небәрі жиырма градусқа ғана төмендейді. Геологтар оны да жақсы біледі. Шадыман алдындағы экранды бірінен бірін қосып, әрбір бұрғы-кемедегі замандастарын қарауға көшті. Осы кезеңде оң тұсындағы дабыл шамы жыпылық қақты. Шадыман сол шамаға сәйкес түймені нұқып жіберді. Экранда‒Шолпан. Арамыздағы жалғыз қыз!
‒ Айрылғаны қалай? Ол кім?‒деді Шадыман. Орнынан мұртын қияқтай етіп қойған жас жігіт көрінді. Оның әншейінде бозарып тұратын түсі онан сайын сұрланып кетті. Шадыман Жасамысұлы да оған қадала қалған. Жігіт: – Шадыман Жасамысұлы!‒деді толқып,‒жаңағы қатты найзағай мен гүріл кезінде бір адамнан айрылдық!
‒Не дейді?! Қалайша айрылдыңдар?
‒Шамалы жел тұрып, шаң-тозаң көтерілді. Оған мына бу қосылды. Бәріміз асығып, басқару үйшігіне кірген едік. Кенет Шолпанның дыбысы жетті. Содан қайта сыртқа атылдық. Жоқ. Ештеме жоқ. Түк болмағандай. Манағы найзағай да қойған. Гүріл де жоғалған. Енді не істейміз?
Жүніс Сахиев «Шолпанға көшкен ауыл», 21-бет
http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1104823&lang=kk
Тапсырма. 1-қадам. Өлеңді түсініп оқыңыз. Тыныс белгілері қатар қойылып тұрған сөйлемдерге назар аударыңыз. Сөйлем соңында қабаттасып келетін тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіз.
2-қадам. Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерінің қызметін анықтауға арналған тапсырма алгоритмін құрастырыңыз. Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда кездесетін қатемен жұмыс жасаудың жолын ұсыныңыз.