Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022



бет16/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   93
Байланысты:
Жұмыс дәптері Қазақ тілі Т1 ПИБ

Тапсырма.
1-қадам. Ұсынылған тапсырмаларға бағалау критерийлерін құрастырыңыз. Білім алушыларға мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжауға арналған тапсырманы жекелеген оқушылардың жетістік деңгейлеріне сай қалай бейімдеуге болады? Тәжірибеңізбен бөлісіңіз.Жауабыңызды сараланған тапсырма түрінде көрсетіңіз.
2-қадам. Әріптестіріңізбен тапсырманы ұсыну жолдарын топта талқылаңыз, ортақ идеяларыңызбен бөлісіңіздер.


8-сынып «Дананың сөзі – ақылдың көзі» бөлімі
Оқылатын шығарма Ахмет Йассауи «Даналық кітабы»
Оқу мақсаты:
8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз ойын дәлелдеу үшін орынды қолдану.
Жалпы тапсырма. Берілген өлең шумағының идеясын негізге ала отырып, қоғамдағы жастар тәрбиесіне байланысты өз ойыңызды әңгіме түрінде жазыңыз.
Азған заман ғалымы залым болар,
Қошеметшіл қулықпен мәлім болар,
Анығын айтқан адалдар жазым болар,
Бұл не деген замана болды, достар?
Айтылған сөз, уәденің байламы жоқ,
Жалғандыққа шындықтың қайраны жоқ,
Шындықты айтып осылай шырқыраған,
Құл Қожа Ахмет сөзінің жалғаны жоқ.


8-сынып «Дананың сөзі – ақылдың көзі» бөлімі
Оқылатын шығарма Ахмет Йассауи «Даналық кітабы»
Оқу мақсаты:
8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз ойын дәлелдеу үшін орынды қолдану.
Жеке тапсырма. Берілген өлең шумағының идеясын негізге ала отырып, біздің қоғамдағы мәселелерді жазыңыз.
Азған заман ғалымы залым болар,
Қошеметшіл қулықпен мәлім болар,
Анығын айтқан адалдар жазым болар,
Бұл не деген замана болды, достар?
Айтылған сөз, уәденің байламы жоқ,
Жалғандыққа шындықтың қайраны жоқ,
Шындықты айтып осылай шырқыраған,
Құл Қожа Ахмет сөзінің жалғаны жоқ.
Таңдауға берілетін тапсырма. Берілген өлең шумағындағы заманың тарихи тұсын сипаттап жазып беріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет