Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022


-қадам. Жекелеген оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін тапсырманы бейімдеп ұсыныңыз. Оқу мақсаты



бет7/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   93
Байланысты:
Жұмыс дәптері Қазақ тілі Т1 ПИБ

2-қадам. Жекелеген оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін тапсырманы бейімдеп ұсыныңыз.
Оқу мақсаты: 10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

4-сабақ



Тапсырма.
1-қадам. Өлеңді екі рет тыңдаңыз. Есте сақтағаныңыз бойынша өлеңді жатқа айтыңыз. Айтылым кезінде сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпінді орынды қолданыңыз.
2-қадам. Оқу мақсатына сай тыңдалым/айтылым дағдысы бойынша жекелеген оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған тапсырма алгоритмін құрастырыңыз.
Бөлім: Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика
Оқу мақсаты: 7.4.2.1 сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану
Көшеді бұлттар...
Көшеді бұлттар, көшеді бұлттар, көшеді,
Қоштасар қимай көк аспан – өлең-төсегі.
Көшеді бұлттар көкжиектерді бетке алып,
Көшеді бұлттар, көшпелі ғұмыр кешеді.
Көшеді бұлттар, көшеді бұлттар жөңкіле,
Көшкен бір зулап қап-қара бұлттар дерті не?
Көшеді алыс, асықты қайда,– білмеймін,
Көшеді бұлттар қоймастай Тәңір еркіне...


Джон Коркоран: оқубілмегенмұғалім

Өзінің сауатсыз екенін жасырып, 17 жыл бойы Штаттарда мұғалім болып жұмыс істеген адамның тарихы.


Джон Коркоран ес білгелі сауат ашудан қиналған. Сөздердегі әріптердің орындары ауысып, дауыстылар мен дауыссыздар оның миына еш қонбайтын. Мектепте ол тас сияқты үнсіз, қозғалмай отыратын, барынша көрінбеуге тырысатын. Ол көптің бірі болмайтынына сенімді еді.
Біреу келіп оны құшағына алып: «Қорықпа, мен саған көмектесемін» демейінше, оның өмірі басқаша өрбитін еді. Бірақ өткен ғасырдың 50-жылдары ешкім дислексия жайлы білмеген болатын. Жеті жасар Джонни мұғалімдерге символдарды логикалық жүйелілікпен орналастыратын сол жақ ми жартышарында ақау барын түсіндіре алмайтын. Екінші сыныпта оны нашар оқитындардың қатарына жатқызды. Үшінші сыныпта оқымағаны үшін мұғалім жаза түрінде сыныптастарына шыбық беріп, әрқайсысына Джонның аяғынан ұруға рұқсат берген. Оны әрдайым мұғалімдер жазалап, сыныптан сыныпқа ауыстыратын.
«Есімде, 8 жасымда мен Құдайдан сұрайтынмын: «Ертең, менің оқитын кезегім келгенде, оқи алатындай болсам ғой», - деп. Ал сыныпта көрінбеуге тырысатынмын, алайда мұғалім мені көріп: «Джонни, оқы» деген кезінде мен уақыт созып тұрып алатынмын», - дейді Коркоран.
Кейін сауатсыздығын жасыру үшін Коркоран тәртіп бұза бастайды. Бесінші сыныптан жетінші сыныпқа дейін оны әрдайым мектептен қуып, сабақтан шығарып жіберетін болған. «Мұғалімдер менде оқумен емес, эмоционалдық, психологиялық және мінез-құлықтық проблемалар бар деп есептеді», - дейді ол.
Түрлі айлакерлік жолдармен ол 1956 жылы мектепті бітіріп, аттестат алады. «Біреулердің жұмыстарын тапсырып, керек адамдармен сөйлесіп отырдым, түлектермен әңгімелестім. Тесттерді ұрлап, достарымнан мен үшін тапсырма орындап берулерін өтіндім. Мен жазылған нәрсені түсінбейтінмін, бірақ мен жүйені, адамдарды түсіндім», - дейді Коркоран. Кейінен ол баскетболды жақсы ойнайтыны анықталды, сондықтан жоғарғы сыныптарда оның оқи алатыны немесе оқи алмайтыны ешкімді қызықтырған жоқ. Джон Коркоран мектепті бітіріп, колледжге түседі. Онда оны спорттық шәкіртақы мен баскетбол командасы күтіп тұрған еді.
https://bilim-all.kz/article/4790-Dzhon-Korkoran-oqu-bilmegen-mugalim




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет