Оқу мақсаты: 6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, мінездеме, құттықтау, өмірбаян құрастырып жазу
Тапсырма: Өмірлік деректерді негіз етіп алып, стильдік ерекшелікті ескеріп өзіңіздің өмірбаяныңызды жазыңыз.
Бағалау критерийі:
Өмірбаян жазу кезінде жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып жазады.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, мінездеме, өмірбаян құрастырып жазу
5.3.2.1 жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат құрастырып жазу
Хат жазу алгоритміндегі клишелерді мәтіннен тауып, оны басқа түспен бояңыз.
Қадірлі Ғабит! Жас бала үлкен ағасын «ағай» десе жарасып, сыпайы көрініп-ақ тұрады. Мен Сізді «ағай» дейтін едім, оным дұрыс та еді. Осы ашық хатымды «ағайсыз» ақ бастадым, айып етпеңіз. Олай еткенім – үлкен ағам болдым дегендігім емес. «Зеркало и мартышка» деген мысал бар ғой. Сондай-ақ бүгін айнаға қарасам, сақал-мұртым бедірейіп тұр екен. Аздап қылаңдап шашыма ақ еніп қалыпты. Бұл – бір. Екінші, жуырда бір жақын жолдасты «ағай» деп атаймын деп оның өзінен ұрысу көріп қалдым, «қартайып, сақал-мұртың қағыс айналғанша, ағай деуді қоймайды екенсің» дегені ғой. Сондай сөзді сізден де естіп қалам ба деп хатымды ағайсыз жаздым. Мұныма қарсы болсаңыз, ағайлау оңай емес пе? Мен аман саумын, осы айдың 16-нан бері жаңа қызметке кірісіп істеп жатырмын, жұмыс көп. Қызметті бір қалыпқа келтірген соң майданнан әкелген қолжазбаларымды реттеймін. Сіздің очеркіңізбен оған қарсы жазылған мақаланы оқыдым. Ол жөнінде үлкен мақала жазып отырмын, жақында жіберем. Бұл хатпен жаңа адресімді білдіріп отырмын.
Хусниға, балаларға көп сәлем. Хат күтем.
МӘЛІК
21.11.1944 ж.
Күнделік
1. Ұсынылған нұсқаулықты қолданып, саяхат күнделігін құрастырыңыздар.
Саяхат күнделігінің нұсқаулығын басшылыққа алыңыз.
Болашақ саяхатыңызда бұл күнделік сізге көмектесуі мүмкін:
1) жеке жазба парақшасын арнаңыз(виртуалды, графикалық, жазба);
2) болашақ сапарлардың жоспары;
3) сапарға дайындық (қажетті заттар тізімі, саяхатқа қажетті заттар, саяхат жасайтын ел туралы ақпарат жинау);
4) саяхаттау кезіндегі әсеріңіз;
5) саяхат кезінде қолданатын шет тіліндегі сөздерді жазыңыз;
6) қонақ үйлер мен мейрамханалар тізімін тіркеңіз;
7) саяхаттан алған әсеріңіз;
8) жазба жүргізген уақытын көрсетіңіз.
2. Күнделік жазудың басқа қандай формасын ұсынар едіңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |