Білу керек: - Кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары, шарттары, әдістері мен қағидаларын білу;
- Бизнесті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде бизнес-жоспар әзірлеу әдістемесін меңгеру;
- субъектілеріне салық салу ерекшеліктері мен есептеу тәртібін меңгеру;
- Кәсіпкерлік қызметке қаржы тарту, шығындарды басқарудың тиімділігін талдау мен бағалауды білу;
- Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдерді төмендету мен басқару әдістерін игеру;
- Кәсіпкерлік қызметті тоқтату және кәсіпкерлік ұйымдардың таратылуы, кәсіпкерлік ұйымды сауықтыру дағдыларын игеру.
Игеру керек: - Қажеттіліктерді анықтау;
- Нарықтық мүмкіндіктерді талдау;
- Маркетингтік зерттеулерді өткізу;
- Кадрларды тиімді басқару, бизнеске қажетті қызметкерлерді таңдау және іріктеу.
- Іскерлік қарым қатынас, келіс сөздер жүргізу, келісім шарттар, іскерлік хаттар дайындау;
- Бизнес – жоспарды әзірлеу;
- Экономикалық тиімділікті анықтау;
- Болжам жасау.
Дағдылар қалыптасуы керек: - Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың теориялық және тәжірибелік негіздерін меңгеру;
- Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың әртүрлі нысандарының қызмет ету ерекшеліктерін біле отырып, ұтымды ұйымдық нысанды таңдау бойынша дұрыс шешім қабылдау;
- Кәсіпкерлікті ұйымдастыру, жүзеге асыру, басқару, дамыту, тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету бойынша басқарушылық шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыру;
- Ұлттық экономиканың түрлі сфераларында кәсіпкерлік қызметті іске асыру қабілеттері мен дағдыларын жетілдіру.
Пән бойынша күтілетін нәтижелер:
ПОЖН 1 - Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың теориялық және тәжірибелік негіздерін, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың әртүрлі нысандарының қызмет ету механизмін меңгеру;
ПОЖН 2 - Кәсіпкерліктің маңызы, мазмұны және қалыптасу жағдайларын, бизнес-жоспар мазмұны мен маңызын, тәуекелдер мен оларды төмендету әдістерін, кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру жағдайларын түсіну;
ПОЖН 3 - Алынған білімдерін бизнестің тиімді жүйесін құру үшін қолдану, бизнесті жүргізу, бизнес-план дайындау машықтарын білу, түрлі меншіктегі кәсіпорындардың қызмет ету ерекшеліктерін түсіну;
ПОЖН 4 -Бизнесті ұйымдастырудың ұтымды ұйымдық нысанды таңдау бойынша дұрыс шешім қабылдау, бизнес-жоспар бөлімдерінің индикаторларын есептеу үшін қажетті мәліметтерді талдау;
ПОЖН 5 - Кәсіпкерлікті жүзеге асыру, басқару, дамыту, тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету бойынша тиімді шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыру.