Екінші кезеңі - қаржы тұрақсыздыгы, қолда бармен есептесуде қиындықтардың пайда болуы, ягни банкроттың ертерек нысандарының сезіле бастауы.
Бұл кезде басшылыктар "косметикалык" шараларға жиі жүгіне бастайды, мәселен:
•салым иелері мен банктердің күдіктерін туғызбау қамында активтердің бір бөлігін сату арқылы қарыз капи-талдарын арттырады;
•акциоыерлерге жоғарғы дивидендтер төлей бастайды.
Практикада кейде мынандай жәйттер де кездеседі:
•кәсіпорынның қаржы жағдайы нашарлаған кезде кайсібір басшылар ақша табуда "авантюралық" әдістерді де қолданады;
•тіпті кейде алаяқтық жолдан да тайынбайды.
Үшінші кезең - банкроттың айқын, заң жүзінде пайда болуы, ғгни кәсіпорын дер кезінде қарыздарды төлей алмайды. Банкротқа байланысты істі сотта қарауды мына жағдйларда бастауга болады:
борышқор өзінің дер кезінде қарыздарды төлей алмайтынын ресми түрде мойындаса;
несие берушінің төлемдерді орындау мерзімінің 3 айдан асып кеткені туралы арызы бойынша;
прокурордың жалған банкрот туралы нақты күдіктері бойынша.
Бақылау сұрақтары 1. Банкроттық дегеніміз не?
2. Дағдарыс дегенмізі не?
3. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқару шаралары
4. Санация дегенміз не?
5. Кәсіпорынның сауықтыру шаралары?
6. Банкроттықтың заң жүзінде атқарылуы
7. Кәсіпорынның қаржылық тұрақсыздығы
8. Банкроттықтың ықтималдық теориясы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1. Кәсіпкерліктің жедел курсы/ ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған. Т.В. Иссык, Г.Е.Касенова, И.А.Леонтьева, Ж.Д.Серікбаева, Д.Ж.Тшенсовская, С.А.Филин, А.З.Чивазова, Алматы, 2013. -234 б.1.
2. Сейдахметов А.С., Елшібекова Қ.Ж., Измаханова А.Қ. Кәсіпкерлік. Оқулық. Алматы, 2011ж.
3. Кәсіпкерлік. Оқу құралы: Елшібаев Р.Қ.- Алматы: Экономика. 2014. – 440 б.