Білім беру бағдарламасы күндізгі Қызылорда 2022


Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет53/72
Дата12.02.2023
өлшемі1,61 Mb.
#67179
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72
Байланысты:
umk kasipkerlik 2022 2

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар

1) Елімізде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау қандай жолдармен және бағыттармен жүзеге асырылады?


2) Қазіргі кезге дейін шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың қанша бағдарламасы қабылданды және оның нәтижелері қандай?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Кәсіпкерліктің жедел курсы/ ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған. Т.В. Иссык, Г.Е.Касенова, И.А.Леонтьева, Ж.Д.Серікбаева, Д.Ж.Тшенсовская, С.А.Филин, А.З.Чивазова, Алматы, 2013. -234 б.1.


2. Сейдахметов А.С., Елшібекова Қ.Ж., Измаханова А.Қ. Кәсіпкерлік. Оқулық. Алматы, 2011ж.
3. Кәсіпкерлік. Оқу құралы: Елшібаев Р.Қ.- Алматы: Экономика. 2014. – 440 б.
14-тақырып. Шағын бизнестегі франчайзинг


Дәрістің мақсаты: Франчайзингтің теориялық негіздерін талдап, көптеген белгілері бойынша жіктемесін түсіндіру.
Негізгі терминдер:франчайзинг, франшиза, лицензия, аймақтық франчайзинг;
субфранчайзинг, дамушы франчайзинг.


Дәріс сұрақтары:
1. Франчайзинг және оның түрлері.
2. Франчайзингтің артықшылықтары мен кемшіліктері


1. “Франчайзинг” сөзінің өзі француздың “franchise” сөзінен шыққан, бұл “жеңілдік, салықтан, салымнан босатуды” білдіреді. Нәтижесінде, бұл сөз ағылшын тілді мемлекеттерде бекітілді. Ағылшын тілінің Оксфордтық сөздігінде (1933 г., 1630 бет) былай делінген, “franchising” – бұл 1559 жылы король коронасының келуімен байланысты епископаттардың барлық құқықтары мен бостандықтары, ал “franchises” – бұл жәрмеңкелер, базарлар және тағы басқа сауда-саттық үшін бөлектеліп-бөлінген жерлер.
Тілдердің фонетикалық ерекшеліктеріне байланысты “franchise” сөзі әртүрлі естілгендіктен, көптеген отандас кәсіпкерлерде терминнің өзіне және бүкіл жүйеге сенімсіздік элементтері пайда болады.
Қазіргі заманғы франчайзинг экономикадағы жаңа құбылыс болып табылғаныменен, оның тамырлары ортағасырларда жайылған. Осы кезге дейін «франшиза» құқықтық термині АҚШ-та және Австралияда мемлекеттік билік құқығын біреуге тапсыруды, ал Ұлыбританияда – король атынан құқықты тапсыруды білдіреді. Ортағасырдағы Англияда король әртүлі құқық беретін, мысалы, белгілі бір территорияда салық жинауды биліктің талап етілетін қызметіне айырбастау. Азаматтарға өз тауарларын базарларда сатуға, жәрмеңкелерге қатысуға рұқсат (франшиза) берілді. Бүгінгі күннің өзінде Ұлыбританияда ежелгі франшизалар өз қызметтерін жалғастыруда – өз иелеріне базарларды қамтамасыз етуге, жәрмеңке өткізуге, кеме паромдарын және көпірлерді қамтамасыз етуге құқық береді.
Қандай-да бір нарықта франчайзингтегі баршаға танымал сауда маркасы және тексерілген өндірістік немесе сауда бизнес-концепциясы компанияға ауысады. Бұл франчайзи, ол франчайзер желісіне дербес кәсіпкер ретінде кіреді және локальді нарықты ашады. Ол лицензияланған өнімдерді немесе белгілі бір сыйақыға орындалатын қызметтерді өндіреді, не таратады және өзін біртұтас франчайзингтік ұйымның бөлігі ретінде көрсетеді [3].
Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік үлгісін жүйелеу мен қажеттілігі халықаралық франчайзингтің нарықта кеңінен таралумен байланысты күшейе бастады, жалпы франчайзингтің нарықта пайда болу мерзімі әлдеқайда ерте, ол жаңа аймақтық нарықтарда франшизаның дамуына байланысты субфранчайзингтік қатынастардың қалыптаса бастауы кезімен сипатталады. Мұндай жағдайларда франчайзерлер әзірленген тұжырымды енгізу кезеңіндегі мәселелерден басталып, желінің аймақтық бөлімшелері қызметін бақылау процедурасын ұйымдастыру қиындықтармен аяқталады. Бұл қиындықтармен көп жағдайда корпаративтік франчайзинг негізінде желісін кеңейткісі келетін франчайзерлер кездеседі. Франчайзингтің теориялық негіздері талданып, көптеген белгілері бойынша жіктемесі бір жүйеге келтірілді. Нарықтың эффективті кеңею техникасы ретіндегі франчайзингтің үлкен жетістіктерге жету құпиясы – жергілікті нарыққа жауапкершілік толығымен франчайзи мойнында, ол дербес кәсіпорын ретінде әрекет етеді. Осы арқылы ол бағыну қатынасындағы басқа өткізуші жұмысшыларынан ерекшеленеді. Франчайзинг екі кәсіпкерлік түрін ашады: франчайзи және франчайзер ретінде. Франчайзи – тексерілген және күмәнсіз жемісті бизнес-модель алып, франчайзер желісінде дербес кәсіпорын ретінде әрекет етеді. Кәсіпкерліктің екінші франчайзер ретіндегі мүмкіншілігі жаңадан бастаушы кәсіпорынның бизнес-концепциясы ''франчайзиланғанда'' ('франчайзируема') көрінеді және франчайзинг негізіндегі жетістік арқылы нарықты кеңейтеді. Шағын және орта кәсіпорындар, яғни франчайзингтік өткізімнен бастаушы фирмалар венчурлық капиталы бар фирмалармен қызмет еткенде ''тәуекелді капитал'' табуға жақсы мүмкіндігі болады. Себебі франчайзинг – серіктестік модель, ол арқылы кәсіпкерлік тәуекел көптеген "иықтармен" таратылады, сондықтан да, басқа өткізу концепцияларымен салыстырғанда ол күмәнсіз басымдылықтарға ие.
Қазіргі заманғы франчайзинг өзінің даму эволюциясы үрдісінде екі негізгі кезеңнен өтті:
Франчайзингтің дәстүрлі кезеңі. Ол келесідей үш салада франчайзингті қолданумен мінезделеді:
Автокөліктер мен тұрмыстық техниканы сату. «Singer» неміс фирмасы 1860 жылдарда, ал американдық General Motors компаниясы 1911 жылдан бері франчайзинг жүйесіне көшті. Бүгінгі күнде соңғысы өз тауарының 95 %-ы франчайзинг арқылы сатылады.
Салқындататын сусындарды құю мен сату. Coca-Cola компаниясы бұл бизнестің пионері болып есептеледі. 1886 жылдан бері франчайзингте тәжірибесі бар, ал одан кейін Pepsi-Cola және т.б. компаниялар арттарынан ілесті.
Мұнай өнімдерін іске асыру. Мұнаймен айналысатын компаниялар жанармай құятын станцияларға франчайзинг шарттарына сай өз өнімдерімен қамтамасыз етіп отырады және осы арқылы өзін бөлшектеп сатудан босатады.
Франчайзингтің бизнес формат кезеңі – Business format franchising – мұнда франчайзингтің келісімдері әртүрлі елдердің франчайзингтік ассоциациялары арқылы реттелуімен негізделеді. Бұл кезең АҚШ-та 50-ші, ал Еуропада 60-шы жылдары басталды. Франчайзинг бір уақытта қызмет көрсету саласында, әсіресе, жылдам қызмет көрсету мейрамханалары, үйлерді, көліктерді жөндеу және т.б. салаларда кең өріс жайды.
Дүниежүзіндегі көптеген франчайзингтік ассоциациялардың бизнес формат франчайзингісінің негізгі мінездемесі ретінде мыналарды мойындаған:
Белгілі бір аймақ ішінде, белгілі бір уақыт аралығында компания атын, сауда маркасын, эмблемаларын қолдану құығын франчайзерге беру жайында контракт (лицензия) құрастырылады және оған келіскен жағдайда қол қойылады [4].
Сонымен, франчайзинг – бұл бизнесті ұйымдастыру, мұнда компания (франчайзер) тәуелсіз компанияға (франчайзи) немесе адамға өзінің қызметтерін немесе өнімдерін сату құқығын береді. Франчайзи сол қызметтерді немесе өнімді алдын ала франчайзер орнатқан бизнес жүргізу ережелерімен және заңдарымен сатуға міндеттенеді. Осы аталған барлық талаптарды орындаған жағдайда, франчайзи компания атын, оның беделін, өнімдері мен қызметтерін, маркетингтік технологияларын, экспертизаны, қолдау механизмдерін қолдануға рұқсат алады. Мұндай құқықтарға ие болу үшін франчайзи франчайзерге бастапқы салым салады, ал сонан соң ай сайынғы төлемдерді төлейді. Төлем соммалары франчайзингтік келісім-шартта (контрактіде) көрсетіледі және келіссөз жүргізу себебі болып табылады. Франчайзиге франчайзингтік пакет (бизнесті жүргізудің толық жүйесі) тапсырылады және сәйкесінше сол кәсіпкер алдын ала осы бизнесте ешқандай тәжірибесіз, оқу – білімсіз-ақ өз бизнесін жемісті жүргізу мүмкіндігі болады.
Франчайзер – бұл лицензия немесе өзінің тауарлық белгісін, ноу-хау және операциялық жүйелерін қолдану құқығын беретін компания. Мысалы, франчайзер сәтті өнім немесе қызмет түрін жасап шығарады делік, яғни жедел тамақтандыру мейрамханасы қызметінің ерекше стилін атап өтейік. Франчайзер бизнесті зерттейді және дамытады, бизнестің өрістеп-дамуына ақша жұмсайды, танымал имидж (“брэнднэйм”) бен атаққа ие болу жолдарын жасайды. Осылайша, компания өзінің бизнес концепциясының еңбекке жарамдылығын және осы бизнестің жемісті өне алатындығын дәлелдеген соң ғана, өз франшизасын осындай жетістікке жеткісі келетін кәсіпкерлерге сатуына болады [5].
Франчайзи – бұл адам немесе компания, яғни өз бизнесін құру үшін франчайзерден үйреніп, тәжірибесі мен көмегін алу мүмкіндігін сатып алады және франчайзердің тауарлық белгісін, ноу-хау және жұмыс жүргізу жүйесін пайдаланғаны үшін сервистік төлем (роялти) төлейді. Франчайзи бизнесін құру барысында кеткен шығындарды өз мойнына алады. Франчайзердің маңызды жеткізілімдерге (материалдар, шығын құралдары) өте тиімді жеңілдіктер беруі жиі кездесіп отырады. Бұл жеңілдіктер франчайзерден өнімдерді әрдайым арзан бағамен сатып алуға мүмкіндік туғыза отырып, франчайзерсіз бизнесті дамытудан гөрі арзанға түседі. Франчайзи бизнесті бастап, құрастыру үшін көмек ретінде бастапқы жарна құяды. Сонымен, франчайзи тауарлық белгісіне, бизнес жүйесі мен франчайзердің қолдап, жәрдемдескені, оқытып, үйреткені және консалтингісі үшін ай сайынғы төлемдерді төлеуге міндеттенеді. Егер барлығы алдын-ала белгіленген жоспар бойынша орындалса, онда франчайзи сәтті бизнес жүргізе отырып, оның пайдасы барлық шығындарды жабумен қоса, өте қомақты болады [6].
Франшиза – бұл толық бизнес жүйе, оны франчайзер франчайзиге сатады. Бұл жүйеге байланысты оның франчайзингтік пакет деген басқаша атауы бар және оған франчайзердің бизнесті жүргізуі бойынша көмек-құралдары, пайдалы кеңестері мен басқа да маңызды материалдары кіреді.
Бизнестің қандай болмасын түрін франшизаға айналдыруға болады. Франчайзингтің Халықаралық Ассоциациясы франчайзингті қолдануға болатын 70 шаруашылық салаларды бөліп көрсетеді.
Франчайзингтік қарым-қатынас екі тарапқа да тиімді бола алады. Франчайзи минималды шығынмен максималды сатуды көздейді. Франчайзи міндетті түрде франшиза бойынша бизнесті жүргізу ережелеріне сүйеніп, франчайзердің жетекшілігімен жарнамалық және маркетингтік компанияларға қатысуы қажет. Франчайзер бәсекелік күресте әрдайым лидер болу мәселесі төңірегінде бар күшін жұмылдырады. Әрине, бұл жалғыз франчайзидің қолынан келмейтіні анық. Франчайзи өзінің барлық көңілін күнделікті операцияларға аударуы үшін франчайзер өз тарапынан қажетті көмегін береді. Франшизаны сатып алуға қызығушылығын танытқан әрбір адам осындай қарым-қатынастың өзіне тиімді болар-болмайтынын шешуі тиіс [7].
Франчайзингтің американдық докторинасында франшиза – “тауарлық белгіні, барлық эмблемалар мен таңбаларды, дизайн мен логотиптерді қоса (ағыл. logo – ұйымның эмблемасы), барлық ұқсас материалдарды, жарнама әдіс-тәсілдері мен қоғамдық танымалдылықты жаулап алуды, патенттер мен ноу-хау, коммерциялық құпия болып табылатын бизнесті жүргізу әдістерін, интерьерді, құрал-жабдықтарды безендірудің стилі мен тәсілін, сондай-ақ авторлық құқық немесе тауарлық марканы, оның дизайнын патенттеу не басқа тәсіл арқылы тіркеу заңымен қорғалатын стандарттық-шаруашылық процедураларды пайдалануға басымдылық құқық беру” болып анықталады. Берілген жағдайда франшиза келесідей айырықша құқықтар кешенін ұсынады:
- франчайзердің коммерциялық анықтамасымен немесе фирмалық аталуымен қызмет ету құқығы;
- тауарлық белгілеріне, сауда маркаларына және т.б. құқығы;
- франчайзердің коммерциялық ақпаратымен қолдану құқығы.
Францияның Франчайзинг Ассоциациясы франшизаны – “бір немесе бірнеше франчайзи-кәсіпорындары мен франчайзер арасындағы кәсіпкерлік серіктестік деп түсіндіреді, оның нәтижесінде франчайзи франчайзер-кәсіпорындарының тауарлық белгісімен, қызмет көрсету белгісімен, маңдайша жазуымен, әсіресе франчайзер бақылауындағы біртекті пайдалану жолымен қолдануы қажет ноу-хауды қолданып, бизнесін жүргізеді”. Бұл жерде франшизаны сипаттайтын элементі болып – франчайзердің соттар шешіміне сай “арнайыланған, сынаудан өткен, қолдан-қолға тапсырылатын” ноу-хауды пайдалануға беруі болып табылады.
1977 жылы құрылған Британдық Франчайзинг Ассоциациясы (БФА) (British Franchise Аssociation) франшизаға – “бір тұлғаның (франчайзердің) басқа тұлғаға (франчайзиге) бақылау лицензиясын тапсыру” –деген анықтама береді. Ол:
франчайзерге тиесілі немесе ассоцияланатын арнаулы атауды қолдана отырып, франчайзиге франшиза кезеңінде белгілі бизнеспен шұғылдануға рұқсат немесе міндеттеме береді;
франчайзерге франшиза кезеңінің бүкіл уақыты ішіндегі франшиза нысаны болып табылатын бизнесті жүргізу сапасын бақылау құқығын береді;
франшиза нысаны болып табылатын (кәсіпорынды ұйымдастыруда, жұмысшы персоналын үйретуде, сауда-саттықты басқаруда көмек және т.б.) бизнес жүргізуі франчайзерді франчайзиге көмек беруіне міндеттейді;
франчайзи франшиза кезеңінің бүкіл уақыты ішінде франчайзерге белгілі бір ақшалай соммаларды (тауарларға, қазметтерге және т.б.) төлеуге міндеттейді;
бұл холдинг және оның қосалқы компаниясының арасындағы немесе жеке тұлға мен компанияның арасындағы жәй мәміле болып есептелмейді.
Сонымен, франшиза – бұл ең алдымен франчайзердің саудалық атауы мен фирмалық технологияларын ақылы құқық арқылы пайдалану бойынша бизнес жүргізудің шарттары белгіленген келісім-шарт.
Франчайзингтің даму тарихына көз жүгіртсек, оның күре тамырлары орта ғасырлармен байланысып жатыр. Өз кезегінде Британияда король шонжарларға белгілі бір жерлерде салық жинауды әртүрлі қызметке айырбастау құқығын берген, мысалға, армияға әскерлерді жеткізу міндеті [8].
Бос жүрген адамдарға немесе қала азаматтарына қала аумағының ішінде тауарларын базарларда және жәрмеңкелерде сатуға рұқсат берілген (франшиза берілген).
Ақшалай төлемге белгілі бір аймақтағы жағдайды пайдалануға мүмкіндік беретін бұл құқық элементтері – бірнеше ғасырлар бойы франчайзинг негіздерін құраған.
Франчайзингтің едәуір типтік түрі британдық «байланысқан үйлер» жүйесінде байқалды, оны XIX ғасырда сыра дайындаушылар керекті сату көлемін ұстап тұру үшін қолданған. Сыра дайындаушы кепілге немесе жалға алынған мүлікті сыра немесе алкогольді сусындар дайындайтын орнықты аула ретінде қолданды. «Байланысқан үйлер» жүйесі өте тиімді коммерциялық механизм болып табылды және ол бүгінгі күнге дейін қолданыста. Америка Құрама Штатында ең алғаш франчайзингті тігін машиналарын өндірумен айналысатын Зингер компаниясы (Singer Sewing machine company) қолданды. Америкадағы азаматтық соғыстың аяқталған кезінде XIX ғасырдың ортасында Зингер өз компаниясына ең бәсекелік бағамен сатуға мүмкіндік беретін сериялық өндірісті өрістетті. Алайда, тігін машиналарының орталықтандырылған қызмет көрсетуі мен бұзылған бөлшектерді ауыстыруды бір жерде ұйымдастырылуы – экономикалық тиімсіз болып шықты. Содан соң франчайзингтік жүйе құрылып, белгілі бір аймақта қаржылық-тәуелсіз фирмаларға тігін машиналарын сатуға және қызмет көрсетуге ерекше құқық берілді. Бұл алғашқы франшизалар дистрибьюторлық келісіммен және талап етуге байланысты қосымша франчайзи (диллер) міндеттерімен машиналарға қызмет көрсету түрінде мүмкін болды [9].
1898 жылы Дженерал Моторс (General Motors) компаниясы франчайзингтің аналогтік жүйесін жетілдірді, ол бойынша диллерлер басқа өндірушілердің машиналарын сатуға құқықтары болған жоқ және «франшизалар сатушысы» фирма атағын қолдау үшін және жоғарғы дәрежедегі қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін осы іске жеке капиталын салуға міндетті болды. Автокөліктерді франшиза жүйесі арқылы сату осы күнде де жүргізіледі.
Дженерал Моторс мысалына Рексол (Rexall) фирмасы жүгініп, өз дәріханаларын ұйымдастыру үшін франшизаларын сәтті, тиімді сатты.
Франчайзинг тиімді қолданылды және бүгінгі таңда да Кока-кола, Пепси, Спрайт компанияларының алкоголсіз сусындары индустриясында қолдану үстінде. Франшизаның арқасында осындай компаниялар концентрацияланған сиропты өндіруге, франчайзи басқаруында және меншігінде болатын жергілікті зауыттарға бөлшектеп, құйып таратуға мүмкіндік тапты, нәтижесінде олар бөлшектеп сатудың басқарушысына айналды. Франчайзилер фирмалық бөтелкелерді және фирмалық тауарлық белгілерді қолдануға құқылы болды.
20-шы жылдары АҚШ-та франчайзинг – бизнесті тиімді жүргізу тәсілі ретіндегі идеясы «көтерме және бөлшектеп сатушы» қатынасына қарай бөлінді. Көтерме сатушы (немесе франчайзер) кіші бөлшектеп сатушы ұйымдарға көптеген жеңілдіктер арқылы қосымша пайда табуға, сауда фирмасының тауарлық маркасын қолдануға және осының өзінде өз тәуелсіздігін сақтап отыруға мүмкіндік берді. Ұлыбританияда франчайзингтің осы түрі Спар (Spar) және ВГ бакалеялық магазинінде (VG grocery stores) қолданылды.
1930 жылдан бастап АҚШ-ғы экономикалық дағдарыстан соң, мұнай өңдеуші компаниялар өздерінің жанармай құю станцияларын басқаруды біртұтас франчайзингтік бірліктер жүйесіне көшірді. Франчайзиге бензоколонкаларды жалға бере отырып, мұнай өңдеуші компаниялар рента алып отырды. Ал сол уақытта франчайзилер жергілікті жағдайға байланысты баға орната отырып, компания атағын көтеруге мүмкіндік туғызды. Нәтижесінде, машиналық отын сатылымы едәуір өсті және соған сай пайда да көбейді [10].
40-шы жылдар соңында жол үстіндегі кішкене кафенің иелері Макдональд ағайындар өз клиенттеріне қызмет көрсетуді жақсарта отырып, табысты ұлғайтуды шешті. Осы мақсатпен олар тағам атауларын үшке дейін қысқартып, сол тағамдарды дайындау технологиясын стандарттады және рецептерін әмбебаптады. Мұндай қайта ұйымдастыру табысты едәуір өсірді және шығындарды азайтты, ал біртекті “Макдональдс” (McDonald’s) менюі жаңа ұрпақ клиенттерін құрды және олар әрбір “Макдональдс” мейрамханасында әдеттегі тағам жиынтығын жатқа біліп, жылдам қызмет көрсетететінін білді.
1950-ші жылдарға дейін франчайзингтік жүйені қолданатын көптеген компаниялар франчайзингті өнім мен қызметтерді тиімді тарату әдісі ретінде қарастырды. Бұл дәстүрлі франчайзинг немесе бірінші ұрпақты франчайзингтер мысалдары.
50-ші жылдардағы франчайзинг шарықтауы екінші ұрпақ франшизасына жатады, “франшиза бизнес-форматы” (Business format franchise) атымен мәлім коммерциялық қызметті жүргізудің ерекше әдісі ретінде ең басынан былайша мінезделетін: франчайзер шектелген тәуекелділікте тез арадағы өсімнен қосымша пайда табуы үшін, ал франчайзи –табыс табу үшін кепілдендірілген мүмкіндіктерімен алдын-ала тексерілген коммерциялық жүйеге кіреді.
АҚШ-ғы франчайзингтің өрістеп дамуына 1946 жылғы тауарлық белгілер туралы қабылданған заң әсерін тигізді. Кәсіпкерлер қосымша пайданы басқа кәсіпорындарға өз тауарлық белгілерін қолдануға құқық беруден-ақ пайда тауып отырды және ол жан-жақты бақыланып, заңмен қорғалды, сол арқылы компания иелері қосымша шығындарсыз өз бизнесінің өрісін кеңейтуге мүмкіндік туғызды [11].
1970-ші жылдар мен 1980-ші жылдар аралығында Ұлыбританияда франчайзинг тез дамып, дүниежүзіне әйгілі болды. Франчайзинг дамуына қайта пайда болған кәсіпорындар негізгі ұмтылыс көзі болды, олар үшін қызмет пен тауар сату әдісі үлкен қаржылық өсу тәуекелімен баланысты болған жоқ. Сондай-ақ, соңғы жылдары бизнесін кеңейту құралы ретінде франчайзингке жүгіне бастаған бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан компаниялардың саны күннен күнге көбеюде.
Франчайзинг негізінен қызмет көрсету мен бөлшектеп сату саласында көптеп кездескенімен, өндірушілер де өз тауарларын өткізу мүмкіндігімен қамтамасыз ету үшін франчайзингке жүгінеді, сондай-ақ көтерме сатушылар тек тауар сататын сауда орындарына ие болып қана қоймай, сонымен қатар, қойма орындарын және тарату каналдарын едәуір үнемді пайдалана алады. Одан бөлек, кейбір бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан бөлшектеп сату жүйелері жеке бөлімшелерімен қоса, ерекше статегиялық мақсаттарға жету құралы ретінде франчайзингтік бірліктерді ұйымдастырады. Көзделген мақсаттар:
тек өз тауарлық орындарын қолданғанға қарағанда, нарыққа едәуір тез жылдамдықпен ену мүмкіндігі;
әрекет етуші тауарлық маркалардың есебінен капитал жұмылдыру (мобилизация);
өзінің онша табысты емес тауарлық орындарының франчайзиге ауысу жолымен көрсеткіштердің жақсаруы.
Осы статистикалық мәліметтерге сай, франчайзинг индустриясының ортақ айналымы 1984-жылдан 1990-жылға дейін 0,84 миллиардтан 5,2 миллиард фунт стерлингке өсті. Сол жылдың орташа жылдық өсімі 36 % болды. Осы мәліметтермен салыстырғанда келесі бес жыл 1990-1995-ші жыл аралығында экономикалық белсенділіктің төмен кейіпіндегі франчайзингтік индустрия айналымының орташа жылдық өсімі 3 % –ды, соның өзінде 1990-1991 жылдары – 8 % және 1992-1993 жылдары – 11 %-ды құрады.
АҚШ-та франчайзинг басқа елдерге қарағанда әлдеқайда дамыған, франчайзингтік бизнеспен 65-тен аса сектор қамтылған, олардың кейбіреуі кластарға бөлінеді. Бұл категорияға: бірлесіп кездесетін жылдам тамақтандыру мейрамханаларын, машиналарды, басу мен көбейтіп-басып шығару қызметтерін, отель және мотель жүйелерін, жұмыс персоналдары мен уақытша жұмысшыларды таңдау қызметтерін, сондай-ақ саяхат агенттігін, сауда автоматтары арқылы сату мен сауда персоналын үйрету қызметтерін жалға беру жатады [12]. АҚШ-та франчайзинг фармацевтика, бухгалтерия мен сақтандыру тәрізді кәсіпқой, қаржылық салаларға енді. Ұлыбританияда BFA мүшелері 46 бизнес орталықтарында жұмыс істейді, онда 38 қосымша орталықшалар ерекшеленеді. Осылардың көптеген категориялары АҚШ-та сәтті қолданылып жүрген франшизалармен сәйкес келеді, сондай-ақ олардың ішінде: поштамен жіберілген затты жеткізіп салу, көлік айдауды үрену мектебі, үй иелерін әртүрлі қызмет түрлерімен қамтамасыз ету, балабақшалар мен сүт тағамдарын жеткізіп салу.


2.Франчайзингтің әртүрлі нысандары бар, оларды таңдау қызметтің қаржылық-шаруашылық түріне ғана емес, франчайзердің және оның тауарлары мен қызметтерінің нарықтағы орнының тұрақтылығы, жергілікті-оператор франчайзи нарығының ерекшеліктеріне де байланысты болады. Франчайзингтің нақты бір нысанының құрылымын анықтайтын элементтеріне оның түрлері әдістері жатады. Франчайзингті жіктеудің әртүрлі көзқарастары мен тәсілдемелері бар. Төмендегі кестедегі берілген франчайзинг түрлерін талдап, олардың мәнін ашайық.
Франчайзингті жіктеудің бірінші белгісі – бас фирманың (франчайзердің) қызмет ету саласының сипатына сәйкес франчайзер франчайзиге тауарды қандай түрде және өндірістің қай кезеңінде тауар франчайзидің қолына өтетіндігіне байланысты болатыны қарастырылады.
Кестеде көрсетілгендей бірінші белгі бойынша франчайзингтің тауарлық, өндірістік, іскерлік және қызмет көрсету (сервистік) сияқты түрлері белгілі.

Кесте 1


Франчайзингтің жіктелуі



Жіктеу белгілері

Франчайзингтің түрлері



1

Бас фирманың (франчайзердің) қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы (франчайзингтің түрлері)

Тауарлық франчайзинг;
Өндірістік франчайзинг;
Қызмет көрсету (Сервистік) франчайзингі;
Іскерлік франчайзинг

2

Франчайзердің с франчайзимен өзара қарым-қатынас (франчайзингтің әдістері)

Франчайзингтің классикалық үлгісі (моделі);
Аймақтық франчайзинг;
Субфранчайзинг;
Дамушы франчайзинг

3

Франчайзинг нысандары бойынша

Конверсиялық франчайзинг;
Корпаративтік франчайзинг;
Еншілес франчайзинг;

4

Франчайзинг субъектілері бойынша

Франчайзерлер;
Делдалдар;
Жабдықтаушылар;
Несие берушілер;
5. Франчайзи

5

Франчайзинг объектілері бойынша

Кәсіпкер;
Айырықша құқықтар;
Келісімдер;
Төлем;
Франшиза

6

Байланыстардың күрделілігі бойынша

Қарапайым франчайзингтік жүйелер;
Күрделі франчайзингтік жүйелер

7

Франчайзинг қызметтері бойынша

Экономикалық;
Өндірістік;
Қаржылық;
Өткізушілік;
Әлеуметтік

8

Қызмет түрлері бойынша

Тамақтандыру кәсіпорындары;
Денсаулық сақтау;
Тұрмыстық қызмет көрсету;
Бөлшек сауда;
Құрылыстық қызметтер;
Оқу орталықтары;
Автокөліктік кәсіпорындар;
Бизнес қызметтер;
Ойын-сауық, саяхат, спорт

9

Франчайзингтегі төлемдер бойынша

Құрамы;
Мөлшері;
Түрлері мен нысандары;
Төлемдер графигі;
Есептеу әдістемесі

1

Мәміленің ұзақтығы бойынша

Жаңғыртылушы;
Стандартты;
Жедел;
Ұзақ мерзімдік

1

Қызмет көрсету көлемі бойынша

Бір реттік;
Ішінара;
Кешенді

1

Нарық саласы бойынша

Аймақтық;
Аймақаралық;
Ұлттық;
Халықаралық;
Ғаламдық

Ескерту –Автордың құрастыруы

Тауарлық франчайзинг дегеніміз – бас компанияның сауда маркасы атынан тауарларды сату құқығын сатып алу. Мұндай жағдайда өндірушілер (франчайзер) өз тауарларының тұтынушыға нақты өндірілген күйінде жеткізілетініне кепілдік алады. Сонымен қатар, компанияның атауы мен сауда маркасы нарықта кеңінен таралып, тұтынушылар мен өндірушілерге елеулі табыс әкеледі. Алайда тауарлық франчайзинг нарықта кең қолданыс таппады.


Тауарлық франчайзинг – косметика және фирмалық киімді сатуда қолданылуы мүмкін. Қазақстандағы тауарлық франчайзингтің мысалы ретінде «Алматы құс» компаниясы «Сеймар» сауда маркісі, «Maxmara», «Bally», «Dolche & Gabbana», «Mexx» сияқты әлемге әйгілі брендтерін сатумен айналысатын «Бутя», «Акцепт» компаниялары қызмет етуде.
Сауда саласында (сферасында) дамуымен қатар, франчайзинг өндірістік сферада да кеңінен таралып, бизнесті ұйымдастырудың осы үлгісіне тән тиімділікті дәлелдей түсті. Өндірістік франчайзинг – өнімді өндірудің негізгі компанентіне немесе өндірістің патенттелеген технологиясына орама материалдарымен қоса айырықша құқықтарын беруді білдіреді. Мұндай жағдайда өнімді өндіруге қажетті материалдар мен шикізаттардың жабдықтаушысы франчайзер болып табылады.
Өндірістік франчайзинг – бас компаниядан иемденген материалдар мен шикізаттарды пайдалану арқылы тауарларды өндіру мен өткізудің айырықша құқығын франчайзиге сатуды білдіреді. Қазақстандағы өндірістік франчайзинг жүйесі бойынша нарықта салқындатқыш сусындар өндірушілерден «Coca-Cola», «Pepsi», тағам өндіруші «Mars», «Nestle» компаниялары, «Danone», косметика және тұрмыстық химия өндіруші «Henco», «J&J», «Procter & Gamble» компаниялары жұмыс істейді.
Қызмет көрсету (сервистік) франчайзинг – өндірістік және тауарлық франчайзингтің арасында орналасқан орташа көрсеткіш. Мұнда франчайзиге франчайзердің сауда маркасы атынан қызметтің белгілі бір түрімен айналысу құқығы беріледі. Сервистік франчайзинг ұғымының мағынасы кең, ол тек қызмет түрлерін ғана емес (қызметті ұсыну), оны жүзеге асыру нысанын (франчайзингтік келісім-шарт жасау), сонымен қатар өзара іскерлік әрекетті ұйымдастыру тәсілін, ғимараттың ішкі және сыртқы дизайны бойынша стандарттарын, тағамдарды әзірлеу мен клиенттерге қызмет көрсетуді ұйымдастырудың барлық элементтерінде болатын фирмалық стилін қамтиды.
Қызмет көрсету (сервистік) франчайзингінің негізгі бағыты – тұтынушыларға қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейі, франчайзи мен франчайзер жүргізетін ортақ саясаттың негізінде тұтынушыға белгілі сауда маркасы кәсіпорнында, белгілі бір уақыт аралығында қандай мөлшердегі және қандай сападағы қызмет ұсынылатындығы белгілі болады.
Әлемдегі әйгілі «Mc. Donald's» компаниясы сервистік франчайзинг негізінде өзінің мейрамханалары желісін дүние жүзінің түпкір-түпкіріне таралды. Қазақстандағы сервистік франчайзинг жүйесі бойынша нарықта «РосИнтер», «Kodak», «Hayatt Regency Almaty», «Intercontinental» компаниялары жұмыс істейді.
Іскерлік франчайзинг (бизнес формат франчайзингі) – шағын фирманы ұйымдастыру үшін бас корпорацияның аты мен қызмет ету бейіні құқығын сатып алуы. Іскерлік франчайзинг франчайзингтік қатынастардың жүйесін ұйымдастырудың ең танымал әдісі болып табылады, себебі ол ірі кәсіпорынның шикізат пен технологиядан бастап ұйымдық сызбалар мен есеп беру әдістеріне дейінгі өндірістік-шаруашылық циклының барлық элементтерін қамтиды.
Іскерлік немесе бизнес формат франчайзингі – франчайзи мен франчайзер арасындағы ынтымақтастықтардың барлық мүмкін аспектілерін қамтиды. Өз ісін бастаушы кәсіпкерге қажетті жаңа кәсіпорын үшін орын таңдау, жөндеу-құрылыстық жұмыстар және ғимаратты қайта жабдықтау, қажетті технологиялық желілерді орнату, өнімді өткізу мен шикізатпен жабдықтауға көмектесу, франчайзи мен оның қызметкерлерін оқыту, құрал-жабдықтардың лизингі және несиелер сияқты ұйымдастырушылық жұмыстардың барлығын франчайзер ұсынады.
Бүгінгі таңда әлемдегі франчайзингтік желілердің көбі бизнесті жүргізудің осы үлгісінің оң және тиімді жақтарын біріктірген іскерлік франчайзинг қағидалары негізінде қызмет етеді. Қазақстандық нарықта айқын мысал ретінде «7'я» бөлшек сауда дүкендерінің желісін қарастыруға болады.
Франчайзингті жіктеудің екінші белгісі бойынша франчайзингтің түрлері франчайзер мен франчайзи қатынастарының қалыптасу жолдары, нақтырақ айтқанда, франшизаны сатып алушыға қандай жеңілдіктер ұсынылатындығына байланысты. Сонымен, франчайзер мен франчайзидің өзара қарым-қатынасына байланысты франчайзингтің келесідей түрлері қарастырылады:
Франчайзингтің классикалық үлгісі (моделі). Франшизаны сатып алушы кәсіпкер франчайзердің қолдауына сүйене отырып, жаңа кәсіпорын ашып, өз бизнесін дамытатын франчайзингтің бұл үлгісі, соңғы жылдары франчайзерді барынша аз шығындардың негізінде жедел дамудың қосымша мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету бағытына қарай өзгерді.
Жоғарыда аталған үлгіден басқа бүгінгі таңда франчайзингтің кеңінен таралуына байланысты келесі әдістер жиі қолданылады: аймақтық, субфранчайзинг, дамушы франчайзинг.
Аймақтық франчайзинг – мұнда аралық буын аймақтағы франчайзердің ресми өкілі рөлін бас франчайзи атқарады. Аймақтық тартылған барлық франчайзилер бастапқы жарнаны (франшиза үшін) және басқа жүйелі төлемдерді (роялти) төлеу кезінде франчайзерге тікелей төлейді.
Франчайзингтік қатынастарды кеңейтудің балама жолдарын іздеу аймақтық франчайзингті әзірлеумен шектелмеді, нәтижесінде субфранчайзинг атты жаңа әдістеме даярланады.
Субфранчайзинг – мұнда арлық буын бас франчайзи сияқты нарықты игеруді, франчайзилерді жұмылдыру, кадрлардың оқуын ұйымдастыруды жүзеге асыратын субфранчайзер болып табылады. Айырмашылығы франчайзилер ұзақ мерзімді негізде субфранчайзермен тікелей қызмет етеді. Франчайзилер субфранзерге роялти мен жарнамалық жарналарды төлейді, олардың бір бөлігі бас компанияға, ал қалғаны жүйе жұмысына және делдалдың табысына аударылады.
Кәсіпкер франшизаны сатып алып, франчайзердің көмегімен кәсіпорынашып, өз бизнесін дамытатын дәстүрлі сызбаға қарағанда, франчайзингтің байланыстырушы нысандарының бірі – конверсиялық франчайзингті пайдалану үрдісі басқаша көрінеді.
Конверсиялық франчайзинг – нарықтағы қызмет етуші дербес кәсіпорын, франчайзинг келісімі бойынша жұмыс атқаратын бір франчайзердің бақылауындағы франчайзингтік желіні нысаны болып табылады.
Франчайзер – компания үшін бір жағынан, нарықты нақты білетін және кәсіпкерлік қызметте тәжірибесі бар франчайзиді иелену арқылы өзінің франчайзингтік желісін кеңейте (байыта) түссе, екінші жағынан ол еншілес франчайзинг. Бұл нысанда жоғарыда аталған конверсиялық нысанның сипаттамалары кездеседі, бірақ франчайзи ретінде бизнесі дамыған кәсіпкер болады. Кәсіпкердің мұндағы мақсаттары – әйгілі сауда маркасының және нақты стратегиялардың, ғылыми зерттеулер мен әдістемелердің көмегімен жалпы ұлттық нарыққа шығып, өзінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату болып табылады.
Франчайзингтің қазіргі кездегі нысаны корпоративтік франчайзинг болып табылады.
Бизнестің франчайзингтік үлгісін ұйымдастырудың бұл нысанында франчайзер жеке кәсіпорынды емес жалданған менеджерлерді қолдану негізінде франчайзингтік кәсіпорындар желісін басқарады. Корпоративтік франчайзингте ірі корпорацияның басқарына франчайзингтің әртүрлі түрлері бірігуі мүмкін. Франчайзингтің және оның түрлері мен әдістерінің, байланыс нысандарының қалыптасуы мен дамуының басты ерекшелігі, шаруашылықты жүргізудің бұл үлгісі шағын және ірі бизнес сипаттамаларына біріктіріп, оларға тән тұрақтылық пен икемділікті иемденеді.
Жоғарыда атап өткендей, франчайзи шағын бизнес субъектісі болып табылады және экономикалық үрдіске қатыса отырып шағын кәсіпкерлік нарығының басқа да субъектілері сияқты белгісіздік пен тәуекелдік факторының әсеріне ұшырайды, дегенмен нарық конъюктурасының өзгерісіне тез бейімделеді.
Жіктеудің келесі критериі франчайзингтің объектілері мен субъектілерін аламыз. Осы критерийге байланысты франчайзингтік жүйе келесі объектілер мен субъектілерді қамтуы мүмкін.
Франчайзингтік қатынастардың субъектісі мен объектіне байланысты жіктеуден франчайзингтік жүйедегі байланыстардың күрделілігі критерилері шығады. Осыған сәйкес екі негізгі топты бөліп көрсетеміз: қарапайым (элементарлық) франчайзингтік жүйелер тобы және күрделі франчайзингтік жүйелер тобы.
Жіктелудің келесі критериі франчайзингтің атқаратын өндірістік, өткізу, экономикалық, әлеуметтік қызметтеріне байланысты. Осы аталған функциялар кәсіпорынның атқаратын негізгі шаруашылық сипатына қарамастан, кез-келген франчайзингтік жүйенің дәрежесіне сәйкес келеді. Сонымен, жіктелудің келесі критериі қызмет түрі бойынша жіктеу.
Қызметтің кез-келген сферасын таңдау тура немесе жанама түрде көптеген факторларға әсер етеді. Бұл факторлардың ішіне франчайзингті жіктеу критерий ретінде анықталған франчайзингтік компаниялардың даму нысандары, әдістері мен түрлері де бар.
Франчайзингті пайдалану сфераларынан байқағанымыз – франчайзингті, көбінесе ірі фирмалармен ашық бәсекелестік күреске шықпайтын және ірі фирмалардың құрамындағы дилерлік желі ретінде ұйымдастырылатын, негізгі бәсекелік артықшылығы нарық өзгерістеріне жедел бейімделу қабілеті – икемділігі бар шағын фирмалар қолданады. Мұнда ірі бизнестің шағын бизнес сияқты қызмет ететін франчайзингтің ерекше қасиеті айқындалады. Мәні бойынша франчайзинг –бұл бизнес емес, бизнестегі серіктестікті ұйымдастыру нысаны.
Ақша қаржаттарының қозғалысына қатысатын негізгі элементтердің бірі, франчайзи франчайзерге франчайзингтік жүйе шегінде әр түрлі қызметтер үшін жүргізілетін франчайзингтік жүйе шегінде әр түрлі қызметтер үшін жүргізілетін франчайзингтік төлемдерді қарастырамыз. Франчайзингтік төлемдерді келесідей критерилер бойынша жіктейміз.
Егер франчайзинг жүйесіндегі төлемдердің нақты параметрлерін жіктеу мүмкін болса, онда компанияға тиесілі тәуекелдік деңгейін анықтауға болады. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының франчайзингтік үдгісі бұл заңдылықты өзінің нарықтағы стратегиясын әзірлеу және түзету үшін қолданады. Франчайзингтік төлемдер франчайзингтік жүйенің ажырамас бөлігі болып табылады, олардың орны мен рөлі франчайзингтік жүйе шеңберінде франчайзингтік қатынастарды реттейтін негізгі құжатта, яғни франчайзингтік келісімде көрсетіледі.Франчайзингтік келісімде франчайзингтік төлемдерді төлеу тәртіптері мен процедураларынан басқа, франчайзингтік ынтымақтастықтың ұзақтығы мен сипатын реттейтін бөлімдер болады.
Мәміленің (келісімнің) ұзақтығы бойынша франчайзингтің жіктелуі. Жіктелудің осы критериі келесідей сипатталады:
Жаңартылатын – белгіленген жағдайларға сәйкес нақты франчайзингтік желі шегінде франчайзингтік мәміледе (келісімде), алдын-ала анықталған шарттар негізінде, ынтымақтыстықты жаңарту мүмкіндігі туралы бөлімнің болуы;
Жедел франчайзингтік келісімде ынтымақтастықты белгіленген уақытынан ерте тоқтату немесе келісімді «автоматты түрде» ұзарту (мерзімі өткен соң) мүмкіндігі белгіленеді;
Стандартты 5 жылға бекітілген франчайзинг мәміле (келісімі);
Ұзақ 5 жылдан артық уақытқа бекітілген франчайзингтік келісім.
Франчайзингтік келісімде берілген франчайзингтік жүйе шегінде, франчайзинг субъектілері арқылы ұсынатын тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) сипаттамалары мен көлемін көрсететін пунктің болуы міндетті.
Қызмет көрсету көлемі бойынша франчайзингті жіктеудің келесі критерилерін бөліп көрсетуге болады:
Бірлік (немесе таза) франчайзинг – франчайзингтік жүйе шегінде франчайзингтің жеке объектілері беріледі және жеке қызметтер көрсетіледі (мысалы, тауарлық франчайзинг шегінде персоналды оқытпай-ақ, өнімді сату үшін франчайзидің дүкенін беру);
Маманданған франчайзинг – франчайзингтік жүйе шеңберінде франчайзинг объектілерінің жиынтығы ұсынылады және маманданған қызмет көрсетіледі (мысалы, өндірістік франчайзинг шеңберінде арнайы құрал-жабдықтарды және оның негізгі компоненттерін пайдалану нұсқауымен франчайзидің персоналын оқыту);
Кешенді (немесе толық) франчайзинг – франчайзингтік жүйе шеңберінде тауарлардың тұтас кешені беріледі. Мысалы, іскерлік франчайзингтегі құқықтарды беру.
Франчайзингтің қазіргі түрлері мен әдістерінің байланыс нысандарын зерттеуді аяқтай келе, франчайзингтің дамуы, әрбір франчайзингтік ортаның өсу қарқыны жергілікті нарықтың жағдайына байланысты болатындығын атап өту керек.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 10-15 ірі франчайзингтік жүйелер, қызмет көрсету саласында, қоғамдық тамақтану саласында қызмет етеді. Бірақ франчайзингтік қызметтер нарығы бірыңғай емес, сондықтан франчайзингтің түрлері мен нысандарын, әдістерін жіктеу оның болашақтағы даму перспективаларын анықтау мақсатымен осы желіге қатысушыларды көбірек тарту үшін жасалады.
Франчайзинг шағын бизнестің қызметін еркін дамытып, орталықтандырылған бақылау жасаумен қатар, оны қосымша өзін-өзі басқарудың демократиялық нысандарымен және франчайзилер серіктестерінің жарнама, қаржылық, заңдық қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру механизмдерінің құрылуын қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда франчайзинг Қазақстанның идеологиялық саяси жағдайына толық сәйкес келеді және мемлекет пен қоғам тарапынан қолдау табады.
Нарықтағы кез-келген ұйым немесе фирмалар сияқты франчайзингтік фирмалар өзінің шаруашылық үрдісін бір тізбекті және ішкі ортасына бір қалыпты тұрақтылықты, шығынсыздық пен тәуекелдерден сақтауды қамтамасыз етуге ұмтылады.
Өзінің іс-әрекеті барысында кез-келген шаруашылық қызметінде қойылған стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шығындарды төмендетіп, негізігі қорларды кеңейту жолымен белгілі бір нысаналы табыс алады. Көрсетілген жағдайлар франчайзингтік компаниялардың қаржыларының теңгерілгендігін, активтерінің жеткілікті өтімділігін, қажетті қорлардың болуымен сипатталатын қаржылық жағдайының тұрақтылық деңгейін қамтамасыз етеді.
Бұл тенденциялар франчайзингтің дамуына позитивті әсер етіп, оның дамуына ықпал етеді және бизнесті жүргізудің бұл әдісін неғұрлым кейінірек сипатқа келтіреді. Артықшылықтырымен қатар, болашақта франчайзингтің кемшіліктері де болуы мүмкін. Көптеген компаниялар толық әзірленбеген сауда маркілері, франчайзи мен франчайзерді әзірлеу капиталының жетіспеушілігі, маркетинг стратегиясының қателігі сияқты кемшіліктер негізінде дағдарысқа ұшырауы мүмкін.
Франчайзинг қауымдастықтары және мемлекет өз тарапынан франчайзингтік қатынастарды реттеумен айналысады. Қызмет көрсету саласындағы франчайзингтің позитивті дамуы мемлекеттің қолдауы барлық деңгей белсендендірілуі тиіс. Сонымен қатар, жақсы мамандар да өте қажет.
Франчайзингтік қатынастар бизнесті жүргізудің танымал, кеңінен тараған түрлерінің бірі ретінде қалыптасады.
Қазіргі кезде бизнес ортадағы өзгерістер франчайзингтің перспективадағы жағдайының оңтайлы болатынына сенім артады.
Франчайзингтің дамуына осындай жағымды жағдайлар жасалатын болса, онда Халықаралық франчайзинг қауымдастығы әзірлеген франчайзингтің өмірлік цикліне сәйкес Қазақстанда оның жылдам түрде тігінен кеңеюі жүзеге асырылады. Бұл кезең 1960 жылдардағы америкалық франчайзингтік бумаға ұқсас, онда франчайзинг жылдам және дәстүрлі категориялар шеңберінде таралды.
Қазақстанда жақсы экономикалық жағдай, қажетті инфрақұрылым қалыптасты және франчайзингтің кеңінен дамуын ынталандандыратын бірқатар мәселелер анықталды [21].
Франчайзингтің қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы механизмді жалпы түрде былайша көрсетуге болады:

Сурет 1. Кәсіпорынның франчайзинг механизмінің негізгі құрамдастары

Сызбада көрсетілген факторлар кәсіпорынның қызметі механизміне тікелей немесе жанама әсер ете отырып, кәсіпорын қызметіне белгілі бір ықпал жасайды. Бұл әсер ықпал етуші факторлардың сипатына байланысты ұйымның інкі және сыртқы ортасында жүзеге асырылады. Аталған факторлардың әсеріне байланысты кез-келген кәсіпорынның механизмінде бірқатар өзгерістер мен түрлендірулер болады. Белгілі бір әсердің бағыттары кәсіпорын механизмінің сәйкес қасиеттері мен параметрлерінің өзгеруіне себепші болады. Бұл жағдайда кәсіпорын дамуының модефикациялық қағидалары мен оның шаруашылық механизмдерінің мәні жатыр, ол әртүрлі параметрлердің, механизмнің қасиеттері мен әдістерінің жаңартылуын, оның құрылымының өзгерісін жорамалдайды.


Экономикалық ғылымда модификациялық қағидаға қарама-қайшы кәсіпорынның бір құрылымдық түрінен бірден басқалай, бұрынғыға ұқсас емес құрылымға ауысуды сипаттайтын диверсификациялық қағида түсінігі бар.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына қатысты жоғарыда атап өткен даму әдістерін келесідей сипаттауға болады (2-кесте):

Кесте 2


Франчайзинг механизмінің даму бағыттары



Франчайзинг механизмінің даму бағыттары

Сипаттамасы

Модификациялық

Қазіргі кезде қолда бар механизмге жаңа бір қасиеттер мен қызметтерді қосымшалау

Диверсификациялық

Жаңа әзірленеген стратегия мақсатына сәйкес жаңа бизнесті жүргізу механизмін әзірлеу

Ескерту –Автордың құрастыруы

Франчайзинг механизмінің модификациялық даму бағыты қолда бар механизмнің кейбір элементтеріне жаңа бір қасиет немесе қызметті қосымшалауды қарастырса, ал революциялық даму бағыты бұл кәсіпорын қызметінде бұрын қолданылмаған абсолютті жаңа функционалдық элементтерді қолдану барысында бизнесті жүзеге асыруды қарастырады.


Жоғарыда келтірілген мағлұматтар бойынша франчайзингтік кәсіпорын менеджментінің таңдауында екі даму бағыттары бар. Бұл таңдау қоғамдық тамақтандыру саласындағы франчайзингтік компанияның нарықтық стратегиясы сияқты дамуының стратегиялық құрамдасы болып табылатын бірқатар факторлармен шартталады. Мұндағы компанияның нарықтық стратегиясы – ол нарықтық жағдайда қызмет етуге байланысты тамақтану кәсіпорынның ұзақ мерзімді мақсаттары мен оларға жету жолдары болып табылады.
Осыған орай, стратегияны таңдау кезінде кеңістіктің барлық деңгейіндегі нарық конъюктурасын ескеру қажет. Өйткені нарықтық стратегияны макро деңгейден мезо деңгейге, одан соң микроға ауыстыру жергілікті нарықтың ерекшелік сипаттарына сәйкес тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Бірақ бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы нарықтық экономикалы деп толық сеніммен айтамыз, әйтсе де кейбір тұстардан әлі де жоспарлы экономиканың сипаттары байқалады.
Екінші кестеде берілген компанияның даму стратегияларының екі жолын қарастыра отырып, олардың франчайзинг механизмінің бағыттарымен тікелей корреляциялануы байқалады (3-кесте).

Кесте 3
Тамақтану кәсіпорындары франчайзингтік желілерінің нарықтық стратегиясының даму бағыттары





Нарықтық стратегияның даму бағыттары

Сипаттамасы

Бәсекелестік даму стратегиясы

Бәсекелестіктің қарқындылығы факторларын ескере отырып, шабуыл жасау немесе қорғаныстық сипаттағы шаралардың жиынтығы негізінде кәсіпорыннның нарықтағы жағдайын нығайту.

Белсенді әсер ету стратегиясы

Нарықтық жағдайларға пассивті бейімделу стратегиясынан бас тартып, керісінше сататын өнімге сұранысты белсенді қалыптастыру, техникалық прогрессті бақылау, мемлекеттің саясатына ықпал ету.

Ескерту – Автордың құрастыруы

Тамақатану кәсіпорнының модификациялық (бәсекелестік) немесе диверсификациялық (белсенді әсер ету) даму стратегиясын таңдауы сәйкесінше франчайзинг механизмін де таңдауды талап етеді. Бұл мәселе алдымен экономикасы тұрақты дамушы елдерге тән болып келеді.



Сурет 2. Франчайзинг механизмін әзірлеу шегіндегі кәсіпорын стратегиясы мен оны жүзеге асыру
Әрине, бір стратегияның екіншісін дамытуда қолдану мүмкіндігі жоқ. Бірақ нақты кәсіпорынның дамуы үшін бүкіл франчайзингтік жүйенің мақсаттарына сәйкес келетін оның механизмін модификациялық және диверсификациялық ыңғайларды біріктіру арқылы нарықтық стратегияны әзірлеу тартымды болады. Оны келесідей сызбамен сипаттауға болады.
Ережеге сәйкес, тамақтану кәсіпорындары франчайзингтік желілерінің нарықтық стратегиясы оның жалпы аспектісінде тұтынушылар, бәсекелестер және сауда делдалдары сияқты нарықтағы субъектілерін ескере отырып әзірленеді. Тұтынушыға бейімделу туралы шешім нарықтың диверсификациясы немесе сегменттелуі дәрежесіне байланысты қабылданады. Бәсекелестерге бейімделу қоғамдық тамақтану саласындағы өнім мен қызметтердің басқа өндірушілерінің мінез-құлқын ескере отырып жасалады. Сауда делдалдарына бейімделу кезінде өткізу арналары және тік интеграция мәселелеріне назар аударылады.
Сонымен қатар, франчайзингтік кәсіпорындар желісінің стратегиясын таңдаудағы бір аспектісі, ол оның іс-әрекетінің дамуын үйлестіру бағыттарын таңдау болып табылады (2-сурет).
Нақты франчайзингтік желінің даму стратегияларын әзірлеудің өзара байланысы үрдістерін атай отырып, оның дамуы тауар саясаты, баға саясаты, өткізу саясаты, сұранысты қалыптастыру мен өткізуді ынталандандыру саясаты сияқты бағыттарда болуы керектігін ескеру жөн. Нарық конъюктурасы мен экономикалық үрдістердің жүзеге асырылу деңгейлерінің өзара байланысы франчайзингтік желілердің стратегиялық даму бағыттарын анықтайды. Сонымен бірге, франчайзерлер мен франчайзи арасындағы қарым-қатынастардың жақсаруы тұтынушының жабдықтаушымен қарым-қатынасының реттелуі факторы болып табылады.
Алдын ала талдаудан көрініп тұрғандай, франчайзингтің кәсіпорнының қызмет ету механизмін әзірлеу мен жүзеге асыру үрдісі еңбек жобалау күрделілігінен ғана сыйымды болмай, өзгерістер нәтижелерін қорытындылау күрделілігіне де байланысты. Осыған орай, 1-кестеде анықталған франчайзинг механизмінің даму бағыттарын әзірлеудің бірқатар ерекшеліктеріне сипаттама беруге болады.
Бірінші бағыт бойынша біз кәсіпорын бар франчайзингтік механизмге жаңа бір элементтер қосатынын атап кеттік. Бұл бағыттың басты мәселесі ол бар элементтер мен жаңа элементтер арасындағы қарама-қайшылықтардың пайда болуы. Компанияның баға белгілеу деңгейі өткізу саясатындағы сәйкес өзгерістерге әкелмейді, ол өз кезегінде қызметтің басқа аспектілерінде де айқындалады. Мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында жаңа элементті енгізу үшін алдымен, оның барлық мүмкін болатын нәтижелерімен салыстырып, нақты болжау жасауға болады.
Екінші бағыт шегінде мына кәсіпорын қызметін, өнімін, іс-әрекетінің саласын мүлдем жаңа бағыты әзірленеді. Ол жаңа механизмге қажеттілікті франчайзингтік компания франчайзингтің жаңа бір түрлеріне немесе нысандарына ауысуы кезінде сезілуі мүмкін.
Франчайзингтің болашақтағы тұжырымдамасын таратушы ретінде Интернет, жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялар болады. Ақпараттық вакуум ретінде франчайзингтің шағын және орта кәсіпорындары, сонымен қатар, танымал емес кәсіпкерлер үшін оның артықшылықтары мен мүмкіндіктері қолданылады.
Бизнесті бастаған кезде франчайзинг негізіндегі ірі
бизнеспен серіктестес болу туралы ойлай аласыз.
Әлемде бизнесі ұқсас тәуелсіз кәсіпкерлерге бизнесті ашуға мүмкіндік беретін 30 000 компания (франчайзер лер) бар. Франчайзинг қолданылатын бизнес бағыттары
шектеусіз. Қазіргі күні 3 000 000 астам кәсіпкерлер франчайзинг шартының аясында жұмыстарын жалғастыруда.Франчайзинг шарты бойынша бір тарап компания (франчайзер) келесі тарапқа (франчайзи) құқықтар кешенін (франшиза) береді, ол тауар белгісін пайдалану, бизнесті жүргізу тәсілдері мен құпияларын қамтиды. Шартта франчайзердің бизнесті ұйымдастыру және оны басқару қызметтерін ұсынуы қарастырылады, жалпы алғанда, франчайзидің кәсіпкерлік қызметі франчайзер дайындаған тәртіп бойынша жүргізіледі.Франшиза сатып алғанда, Сіз (франчайзи) франчай зерден бизнесіңізді ұйымдастыруға қажетті қолдауға ие
боласыз.Франчайзинг шарты бойынша бизнесті жүргізу
франчайзиге келесі артыңшылықтарды береді:

- тәуелсіз мәре бизнесімен салыстырғанда, банктен
қаржы алу мәселесін жеңілдетеді;

  • толықтай дербес бизнеске қарағанда, бизнесті
    ұйымдастыру және оны басқару кезінде шығынды
    азайтады;

  • франчайзерден дайын бизнес жүргізу тәсілін алу;

  • бизнесті ұйымдастыру және оны басқару бойынша
    франчайзерден жан-жақты білім алу;

  • бизнесті басқару кезінде франчайзерден тұрақты
    түрде көмек алу;

  • франчайзер жүргізетін кең масштабты жарнаманы-
    ның артықшылығын пайдалану мүмкіндігі;

  • франчайзермен бірлесіп тауарды көтерме сату
    мүмкіндігіне қол жеткізу;

  • тауар/қызметті тұтынушыға таныс франчайзер
    брэндімен (тауар белгісімен) сату мүмкіндігі.
    Дегенмен, франчайзинг жүйесінің франчайзиүшін кемшілік болып табылатын төмендегідей ерекшеліктері де бар:

  • тәуелсіздіктің жоқтығы, ол франчайзер белгілеген
    ереже шегінде жұмыс істейді;

  • франчайзи қызметі франчайзер тарапынан бақы-
    лауға алынады;

  • қызмет франчайзинг шартының қолданыс мерзімі
    бойынша жүзеге асырылады;

  • табысының бір бөлігін франчайзерге береді;

  • бизнесті сату кезінде қиындықтар туындайды, яғни
    жаңа франчайзи кандидатурасы франчайзерге ұна-
    мауы мүмкін;

франчайзинг кезінде франчайзидің шығармашылық
бастамасы белгілі деңгейде төмендейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет